400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық сабақ: Белдемшенің сызбасын тұрғызу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тік, конустық, қиықты белдемше пішімдері бойынша сызбасын сызу. Топта бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуды үйренеді. Сызбаларды сызу арқылы шешімдерін топта талдап тексереді. Шығармашылық белсенділіктері артады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сынып:8 «а»

Пән мұғалімі :

Ишимбаева К

Пәні:

технология

Күні

Сабақтың

тақырыбы

Белдемшенің сызбасын тұрғызу.

Сілтеме:

Оқулық: 8 сынып. Технология.Оқулық авторлары: Н.А.Якупова. Р.Ш.Алимсаева.

И.А.Развенкова. «Келешек- 2030»,2016 жыл

Мақсаты:

Белдемше сызбасының құрылымы үшін есептеулерін орындауды үйрету.

Күтілетін нәтеже

Тік, конустық, қиықты белдемше пішімдері бойынша сызбасын сызу

Топта бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуды үйренеді.

Сызбаларды сызу арқылы шешімдерін топта талдап тексереді. Шығармашылық белсенділіктері артады.

Ресурстар:

Оққулық,интерактивті тақта,сабаққа қажетті ресурстар

Әдіс -тәсілдер

Диалог жеке,жұппен, топпен жұмыстар

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер

Тапсырмалар

Ауызша жаттығулар,деңгейлік тапсырмалар,жеке жұмыс,топтық жұмыс,(көршіні қуанышымен бөлісу). Жадыны дамыту (ойын),серпілген сауалдар

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі



2

мин






Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Шаттық шеңберіне»тұрып, бір-біріне ізгі тілектер айтады.

-Ал, балалар бүгінгі сабағымызды бастай отырып, бір-бірімізге не тілейміз?

Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі осы сабақта әрбір оқушының өз біліктілігін, жалпы өткен тақырыпты қаншалықты игергенін көрсететін мүмкіншілігі болады.

Оқушылар бір-біріне қарап жымиып,сынып мейрімге жылылыққа толсын деп жақсы көңіл күй сыйлайды. Оқушылар орындарынан тұрып,мұғалімге қарап: «Сізге шығармашылық табыс» және бір-біріне қарап: «Бізгежақсы білім, көтеріңкі көңіл күй»


Топқа бөлу



1мин


Оқушылар өз қалаулары бойынша қима қағаздарды таңдап топқа бөлінеді.


Оқушылар тік белдемше, конустық белдемше, қиықты белдемшелер болып бірігіп 3 топ құрайды,топ ережесін сақтайды.


Үй тапсырмасын тексеру















10 мин















1.Тік, қиықты және конусты белдемше сызбасы мен есептеулерінің дәптерде орналасуы (М 1:4) 2.« Сиқырлы сандық» бойынша сұрақтарға жауап 1. Құрылымы бойынша белдемше пішімі негізгі неше түрге бөлінеді? 2. Белдемше сызбасының масштабын 1:4 етіп сызу дегеніміз не? 3. Сызбадағы ББ1 нүтелері яғни тік белдемше енін қалай есептедің? 4.Қиықты белдемшеде қиық санын қалай есептедің? 5.Конустық белдемше сызбасын сызу үшін қандай өлшем бірліктері алынады? 6. Өлшем алған кезде айналым, көлденең өлшемдер және ұзындық өлшемдері қалай жазылады ?




Әр топ сиқырлы сандықты таңдау арқылы қай сұрақ түссе, топта жақсы түсінген оқушы ортаға шығып жауап береді.







Бағалау

1 мин


Бас бармақпен бағалау


Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі












Бүгінгі сабақта белдемше сызбасын шынайы өлшемдерінде жасаймыз. Сонымен оқушылар құрылымдау-(конструирование) дегенімізді қалай түсіндік? Құрылымдау- бұл бұйым бөлшектерінің сызбаларын әзірлеу мен матаны пішімдеу және киімді тігу үшін пішімдерді дайындау үрдісі.

Пішім (выкройка)-тігін бұйымдарының қағаздан жасалған бөлшегі, оның негізінде пішеді.


Сызбаны орындау- өте күрделі жұмыс,ерекше назар аударып отырып орындау керек.


Оқушылар белдемше сызбасына талдау жасайды, түрлерін ажырата біледі.



Кітапен жұмыс



1.Оқу кестелерімен, суреттермен жұмыс.

2.Өлшемдерді алуды көрсету , дәптерге жазу.





Сарамандық жұмысты орындау кезеңі







І тапсырма

1-топ тік белдемше сызбасын сызу

ІІ тапсырма

2-топ конустық белдемше сызбасын сызу

ІІІ тапсырма

3-топ қиықты белдемше сызбасын сызу



Топтық тапсырма постерге түсіру (миллиметрлік қағаз)

Топта жақсы түсінген оқушы қорғайды.


Бағалау






1 мин





«Бағдаршам» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.




«Жасыл» -барлығы түсінікті

«Сары» -әлі де практика қажет

«Қызыл» түсінген жоқпын


Кері байланыс







Үйге тапсырма


2 мин


Аяқталмаған сөйлемдер:

Мен бүгін білдім ......

Мен бүгін сезіндім........

Мен келесі сабақта білгі келеді.......

Мен қиналдым.......


Шынайы өлшемдегі белдемше сызбасын сызып үйрену. Түрлі түсті қағаздар әкелу.


Стикер таратып,оқушылар пікірін жазады.











1. Құрылымы бойынша белдемше пішімі негізгі неше түрге бөлінеді?

2. Белдемше сызбасының масштабын 1:4 етіп сызу дегеніміз не?









1. Сызбадағы ББ1 нүтелері яғни тік белдемше енін қалай есептедің?

2. Қиықты белдемшеде қиық санын қалай есептеледі?













1. Конустық белдемше сызбасын сызу үшін қандай өлшем бірліктері алынады?

2. Өлшем алған кезде айналым, көлденең өлшемдер және ұзындық өлшемдері қалай жазылады ?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
1379
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі