жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Белгісіз азайғышы бар теңдеуді шешу.1-сынып
Авторы: Сахиева Гүлжан Темірбекқызы
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Еңбек ауылы
Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
1-сынып
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3С бөлімі: Теңдік және теңсіздік. Теңдеу Күні: Сынып: 1 |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Белгісіз азайғышы бар теңдеуді шешу |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/ теңдік, теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу 1.2.1.2 әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу 1.2.1.3 қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектер түрінде көрсету және қолдану: а +b = c, c -a= b, c -b =a 1.2.1.4 санға 0-ді қосу және азайту жағдайларын әріпті өрнек түрінде көрсету: a+0=a; a-0=a 1.2.1.5 жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру |
||||
Оқу мақсаты |
Барлық оқушылар: таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеу шешеді; Оқушылардың басым бөлігі: қосу мен азайту арасындағы байланыс негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады; Кейбір оқушылар: есепті сурет, сызба түрінде модельдейді; қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады, кері есеп құрастырады және шығарады. |
||||
Бағалау критерийлері |
Белгісіз азайғышты табу туралы ережені қолданып, белгісіз азайғышы бар теңдеуді шешу дағдысын қалыптастыру. Осындай теңдеуді шешу алгоритмін құрау. |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Әр оқушыға арналған: бір-бірден ламинатталған парақ қағаз; маркер; белгісіз азайғышы бар теңдеулер жазылған парақшалар; сандық сәуле сызылған парақшалар, лото ойынына арналған жиынтық |
||||
Тірек сөздер |
Белгісіз азайғышы бар теңдеу |
||||
Бастапқы білім |
Белгісіз азайтқышы бар теңдеу |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы Ынтымақтас тық атмосферасын қалыптастыру 3 минут |
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
|
|||
Сабақтың ортасы 10 минут
Қызықты тапсырма 15 минут
|
Сыныпты сандар арқылы топқа бөлемін.Белгісіз азайғышы бар теңдеу жазылған парақшаларды құрастырып алады.Оны шешіп, шешімі 7 саны шыққандығын айтады.7 саны қасиетті сан екенін түсіндіре кетемін. -Алдыңғы сабақта шығарған есептегі теңдеу мен осы теңдеудің ерекшелігі неде? (азайғыш) -Нені табу керек:бөлікті ме, бүтінді ме? (Бүтінді) -Бүтінді қалай табады? (ережені айтып беруді сұраймын) Егер белгісіз азайғышты табу керек болса, азайтқыш пен айырманы қосу қажет деген қорытынды жасатамын. Оқушылардан осы алгоритмді пайдаланып теңдеудің түбірін табуды сұраймын. Әпкем неше бауырсақ пісірді? Оқушылардан тәрелкедегі бауырсақтың бастапқы санын қалай табуға болатынын сұраймын. Қонақтардың қолындағы бауырсақ пен тәрелкеде қалған бауырсақ – бәрі бір тәрелкеде болған деген қорытындыға әкелемін. Ендеше жалпы санын есептеп шығаруға болады. -белгісіз бүтін бе, әлде бөлік пе? Жауабы: 9 бауырсақ Сандық сәуленің көмегімен теңдеулерді шеш. ҰЖ. Оқушылар тапсырманың орындалу жолын дауыстап айтып, теңдеулерді кезекпен шешеді. Мысалы, с-8=7. Сандық сәуледе 7 нүктесін белгілейді. Ол осы нүктеге қайсыбір саннан 8-ді шегергенде келетінін айтады. Сондықтан кері бағытта 7 нүктесінен бастап сандық сәуле бойымен оңға қарай 8 қадамды санап отырып жасайды. Сонда 15 нүктесіне келеді. Шешімін тексеру керек. Сандық сәуле бойымен 15-тен 8 қадам солға санағанда 7 нүктесіне келетінін немесе келмейтінін тексереді. Тексеруден кейін с=15 екеніне қорытынды жасайды. Басқа теңдеулерді де де осы тәсілмен шешеді. Жауабы: а=19; в=9; с=18; d=20. Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұсынамын. Олар теңдеуді құрады және оны шешеді. Үш кәмпитті жегенге дейін қорапта неше кәмпит болғанын анықтап, х-3=7 теңдеуін алады. Жауабы:10 кәмпит
Сергіту сәті: 1.Бір-бірімен жарысқан. Төрт аю,бір арыстан. Екі қоян,бір түлкі, Бәрі нешеу кім білді? / 8 аң/ 2.Жайлы орын маңай толы үйеңкі, Батыр барыс алтыбақан құрыпты. Кешке қарай жиналыпты көршілер, Үш қасқыр,екі аю,бір түлкі. Орын болмай қайтты үйіне бір кірпі, Айтшы аңдар саны қанша? Болып қалмай тек күлкі. / 7 аң / Орындап көр. Оқушыларды 6-дан бөліп, топпен жұмыс ұйымдастырамын. Оларға лото ойнауды ұсынамын. Лото ойынының ережесі кәдімгі өмірдегімен бірдей. Ойыншылар өзінің ойын алаңын жүргізуші көрсеткен парақшалармен жабады. Ойын алаңындағы әрбір ұяшыққа осы ұяшықтағы тапсырманың жауабы жазылған парақшаларды қою керек. Өз алаңын бірінші жапқан ойыншы жеңеді. Әрбір ойыншы өзінің ойын алаңында жазылған теңдеулерді шешеді. Бірінші топта: Екінші топта: Үшінші топта: 15 – х= 11 20-х = 12 10+b=17 у- 12 = 2 у-0= 13 13+b=18 а+13 = 19 а+10 = 19 10+x=15 Жауабы: х= 4 у = 14 а = 6 в= 5 Екінші ойыншыда: х = 8 у= 13 а= 9 в= 5 |
Таныстыры лым, оқулықпен жұмыс
Ламинаттал ған парақ қағаз; маркер;
белгісіз азайғышы бар теңдеулер жазылған парақшалар;
сандық сәуле сызылған парақшалар,
лото ойынына арналған жиынтық |
|||
|
Қосымша тапсырмалар |
|
|||
Аяқталуы
12 минут |
Суреттегі тілді жылжытып, жаңа теңдеулер құрастыр. Оқушылар теңдеу құру мен белгісіз азайғышты табудан алған тәжірибесін бекітеді. Құруға болатын тоғыз теңдеудің төртеуін құрып, оларды шешу қажет. Жауабы: мүмкін болатын сандар: 5,6,7,8,9,10,14,15,16 Сандық сәуленің көмегімен теңдеулерді шеш. Оқушылармен жеке жұмыс жасау кезінде белгісіз азайғышы бар теңдеуді шешу дағдылары бекиді. Оқушылар есептеу үшін сандық сәулені қолданады. Өйткені, ауызша есептеудің оннан үлкен сандарды азайту тәсілін білмегендіктен, оны қолдана алмайды. Жауабы: 20,19,10,12,20
|
Дәптерлер
|
|||
Бағалау 5 минут |
Оқушылар сабақ соңында: белгісіз азайғышы бар теңдеу құруды; жаңа типтегі теңдеуді шешкенде өз әрекетін түсіндіруді үйренеді. Сабақты меңгеру деңгейін бағалау үшін оқушыларға сұрақтарды қоямын: — белгісіз азайғышы бар теңдеу құр. — Белгісіз азайғыш болып табылатын не? (Бүтін.) — Белгісіз азайғыштың мәнін қалай табады? -х - 80=100 теңдеуіндегі белгісіздің мәнін қалай табуға болады? Шешуін түсіндіріңдер. Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалау жұмысын жүргіземін. Сабақ соңында өздерінің көңіл күйлерін білім ағашына жапсыру
|
||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техника |
|||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген