400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосу мен азайтудың белгісіз компонеттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шешу, теңдеудің түбірін табу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Сұлукөл жалпы орта білім беретін мектебі


Сабақ: математика

Тақырыбы: Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекмырза Айдана Нәбиқызы


Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабаққа негізделген оқу мақсаты:

1.2.2.2 Қосу мен азайтудың белгісіз компонеттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шешу, теңдеудің түбірін табу.


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Қосу мен азайтудың белгісіз компонеттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шешеді, теңдеудің түбірін табады


Оқушылардың басым бөлігі: теңдеуді шешу алгоритмін құрайды


Кейбір оқушылар: азайтқышы белгісіз болатын теңдеулер құрастыра алады.


Ойлау дағдысы

Білу, түсіну, қолдану


Бағалау критерийлері

Қосу мен азайтудың белгісіз компонеттерін таниды.

Теңдеудің түбірін табады.

Белгісі азайтқышы бар теңдеуді сандық сәулені көмегімен шешеді.



Пәндік лексика және терминдер:

бегісіз азайтқыш-бұл бүтіннің белгісіз бөлігі.


Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер: Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу


Құндылықтарға баулу

Топпен, жұппен жұмыс арқылы ынтымақтастыққа,бір-бірінін пікіріне құрметпен қарауға, модельдеу жұмыстары арқылы еңбек пен шығармашылыққа баулу.


Пәнаралық байланыс

Сандық сызба сызу (көркем еңбек). Сергіту сәті (музыка)


Алдыңғы оқу

Белгісіз азайтқышы бар теңдеу


САБАҚ БАРЫСЫ:


Сабақ кезеңдері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

Құрал-жабдықтар

(Ресурстар)

Сабақтың басы

5 минут

Ширату жаттығуы. (Ұ) «Ой шақыру» әдісі.

(оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында)

Нұсқау: Интербелсенді тақтада теңдеуге қатысты бірнеше сөздер беріледі.

Тапсырма: Теңдеуге қатысты 10 сөзді тап

Интербелсенді тақтада бірнеше сөздер берілген. Сол сөздерден теңдеуге қатысты сөздерді тап.Оқушылардан теңдеу тақырыбына қатысты 10 сөз табу сұралады.

-Қосылғыш

-Қосындының мәні

-Азайғыш

-Азайтқыш

-Айырманың мәні

-Белгісіз сан

-Әріпті өрнек

-Бүтін

-Бөлік

-х,у

ҚБ.Теңдеуге қатысты элементтерді біледі.

Ынталандыру: Жарайсыңдар! «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

АКТ, слайд

Сабақтың

ортасы


Белсенді оқу. (Ұ) (МК):«Кім жылдам?» әдісі.

(жаңа сабақты меңгерту мақсатында)

Нұсқау:Сандық сәуленің көмегімен теңдеулерді шешу. Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, қалай шығарып жатқанын дауыстап түсіндіреді. Мысалы, 9-а= 4 1.Теңдеуді оқимын 2.Бұл теңдеуде белгісіз – азайтқыш (а)белгісіз азайғыш (9), айырманың мәні (4) 3.Сандық сәуледе 4 және 9 ға сәйкес келетін нүктелерді белгілеймін. 4. 9-дан а-ны аламыз, яғни 9санына 4санына қарай жылжимыз және сандық сәуле бойынша қадамдарды санаймын. 5.Сандық сәуле бойынша 9 саныннан 4 санына дейін 5 қадам 6.Жауабы: х = 5-ке Тапсырма: Қалған 3 теңдеудің шешімін де осыған ұқсас орындаңдар.
Жауабы: a=5, в= 3, с=8, д= 1.
ҚБ: Белгісі азайтқышы бар теңдеуді сандық сәулені көмегімен шешеді.

Дескриптор:

-Белгісі азайтқышы бар теңдеуді сандық сәуленін көмегімен шешіп көр.

Ынталандыру: Жарайсың! Смайлик арқылы бағалау.

(Ө) «Ойлан-ізден-тап»әдісі

Мақсаты: алған білімін қолдану.

Нұсқау: Бөшкеде қанша су қалғанын табады.

Тапсырма: Бөшкеде қанша су қалды? Оқушыларға қарапайым есепті шешу ұсынылады. Оқушылар есепті шешу кезінде 10-х=40 теңдігін құрады. Оқушылар қанша су толтырғандығын шешу үшін 40 санын 10 санынан шегереді немесе 10 санын 40-қа дейін толтырады. Бірінші жағдайда оқушылар азайту амалдарын орындайды. Жауабы: 30литр су

(ҚБ) Шығарып көр. Теңдеулер құрғызу және шешкізу От шашу арқылы бағалаймын

Дескриптор:

  • теңдеу құрып, оның шешуін табады.

Саралау: Бөшкеде қанша су қалғандығын анықтайды.

Ынталандыру: Талпын!


Сергіту сәті ( көңілді әуенмен белгісіз азайғышы бар теңдеудің элементтерін музыка бойынша баспен, мұрынмен, қолмен, аяқпен көрсету)


(ТЖ)«Бірге ойлаймыз» әдісі. Орындап көр. Сандық калейдоскоп (екі топ екі теңдеуден шығарады)

Мақсат: біріге отырып, білгендерін ортаға салу.

Нұсқау: Дөңгелектің ортасына қағазқастырғышпен қарандашты оқулықта көрсетілгендей етіп қоямыз. Қарандаш остьтің рөлін атқарады, ал қағазқыстырғыш остьтің айналасында қозғалатын бағдардың функциясын атқарады. Оқушылар қағазқыстырғыштың кез келген бағытта айналдырады. Қағазқыстырғыш дөңгелектің бір санына тоқтаған кезде сол сан теңдеудегі азайғыштың рөлі атқарады.

Тапсырма: Осылайша оқушылар сегіз теңдеудің үшеуін құрастыруы тиіс: 7-x=3

15-x=3

20-x=3

10-x=3

9-x=3

8-x=3

13-x=3

14-x=3

ҚБ.Теңдеуді құрастырады.

Дескриптор: сандық калейдоскоп арқылы теңдеудің шешуін табады.

Ынталандыру: Өте жақсы! Текше арқылы бағалау.


(Ж)ДЖ.«Жұбын тап» әдісі.

Мақсат: оқушылардың белгісіз азайтқышты табу кезінде алған дағдысын бекіту.

Нұсқау: ағаштың жоғарысында теңдеулер беліген, ал астыңғы жағында жауабы бар. Теңдеу мен жауабың сәйкестеңдіру керек.

Тапсырма: Теңдеуді шеш. Теңдеуді оның жауабымен қос

ҚБ. Теңдеуді шешіп, жұбын табады.

Ынталандыру: Өте жақсы!


Сандық сәуле, оқулық































Оқулық















Көңілді әуен.



Қима қағаз, қағазқыстырғыш, қарандаш



























Жұмыс дәптері

Сабақтың

аяқталуы



Рефлексия

Оқушыларға мидың суреті бар қағаздар үлестіреді. Оқушылар осы миға қатысты белгісіз азайғышы бар теңдеу туралы ереже мен тірек сөздер жазады.

Үлестірме қағаздар.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?





Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырма, қарқын, диалог және қолдау көрсету арқылы саралау тәсілдерін қолданамын.

От шашу ;

смайлик арқылы бағалау ; текше арқылы бағалау;

бас бармақ арқылы бағалау.


Оқу құралдарын дұрыс пайдалану. Партада түзу отыру

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі?

  1. Оқу мақсатын дұрыс таңдап, сабағым жүйелі өтті.

  2. Сабаққа керекті ресурстар талапқа сай болды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды?

  1. Оқу мақсаттарына жету жолында әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау.

  2. Тренердің және әріптестерімнің ықпалы

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік\ қиындықтары туралы не білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Барлық оқушыларды мақсатқа жетуге талпындырамын. Саралау тапсырмаларын дамытуға күш саламын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі