жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу |
Қарағанды обл Шет ауданы Хасен Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебі Бастауыш сынып мұғалімі |
||||
Күні: |
|||||
Сынып: 1 |
Қатысқаны: 18 |
Қатыспағаны: 0 |
|||
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар |
1.2.2.2.таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеу шешу |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар білуге тиісті: қосу мен азайту арасындағы байланыс негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады; |
||||
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды; |
|||||
Кейбір оқушылар білуге тиіс: берілген тапсырмаларға ұқсас өз бетінше орындайды; |
|||||
Құндылықтар |
Оқушылардың бір-біріне құрмет көрсетуіне, адамгершілікке, ұжымда жұмыс істей білуге, азаматтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеймін. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, дене шынықтыру |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, мр3 |
||||
Бастапқы білім |
Теңдеу ұғымымен таныс, «-» амалының компоненттерін біледі |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыттар |
Жоспарланған уақыт (жаттығулар) |
Ресурстар |
|||
Ширату жаттығуы
Басы 5 мин
10 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Келген қонақтармен үш тілде амандасады: -Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello! -Көңіл-күйлерің қандай? -Тамаша отыра қойыңдар. Сабаққа қажетті оқу құралдарын алып, оқушыға тән отырады. Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру. Қай бөлімде жұмыс жасап жатқандарын естеріне түсіру. «Салт- дәстүр ауыз әдебиеті» Нұрғиса Тілендиев«Аққу» күйі ойнатылады. Жетелеуші сұрақтар қою.
Оқушылар өздері білетін қазақтың ұлттық аспаптарын атайды. Тоқа бөлу. Үш ұлттық аспаптың суреттерінің бөліктерін таңдап алып, құрастырады.( қобыз, домбыра, жетіген) Топпен жұмыс істеу ережесін еске түсіреміз. Топ басшыларын сайлап аламыз. Әр тапсырма орындаған сайын әр топтың қоржыны кәмпитпен толықтырылатынын айта кетемін. Күнделікті емле жаттығулары. 1.Топтық жұмыс. І-топ.Топтағы 6 баланың әрқайсысы санды өрнекке 1мысалдан жазады. (ҚБ) ІІ-топ. Әріпті өрнекке мысал жазады. (ҚБ), ІІІ-топ. Кез келген теңдеуге мысал келтіреді. (ҚБ)
|
слайд «Бас бармақ» әдісі арқылы көрсетеді
Аудиожазылым. Мр3
Аспаптардың суреттері атауларымен, топ атаулары Планшет, маркер оқушылар жауап бергеннен кейін артынша бағалау. «Шапалақтау» әдісі |
|||
Ортасы
|
Балалардың назарын тақтаға аударып, есеп көрсетемін: Айнұр дүкеннен 7құрт сатып алды.Оның бірнешеуін жеген соң, Айнұрда 3құрт қалды. Айнур неше құрт жеді? Теңдеу құр. -Қандай теңдеу құрамыз? 7 – х = 3 -Теңдеу қай амалға құрылды? Азайту - Азайту амалына берілген теңдіктің компоненттерін атау -Бұл теңдеуде не белгісіз? Азайтқыш -Белгісіз азайтқышты қалай табады екенбіз? - Бүтіннен бөлікті азайту керек. Немесе белгілі бөлікті бүтінге дейін толықтыру керек. -Сонда х неге тең? 7 – х = 3 х = 7 – 3 х = 4 7 – 4 = 3 3 = 3 Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай екен кім айтады ?- деп сұрау арқылы ..
Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманы азайту керек. (Хормен ережені айтқызамын)
1
(ҚБ) «Жарайсың!» ,«Жақсы» сөздерін пайдалану. |
Слаид
Оқулықпен жұмыс, Дәптерлер
слайд
тақта, бор Интербелсенді тақтада сандық сәуле көрсетіліп тұрады.
|
|||
Сергіту сәті |
Ұлытау тобының әні. |
Оқушылар билейді. |
|||
|
2-Тапсырма. Әр топқа есептер беріледі, теңдеу құру арқылы шығарады. 1-топ. Бөшкеде 40литр су бар еді. Гүлдерді суарғаннан кейін бөшкеде 10литр су қалды. Гүлдерді суаруға қанша литр су кетті?. 40-х=10 2-топ. Ілияста 7 кәмпит болған. Ол бірнеше кәмпит жеді. Содан кейін онда 5 кәмпит қалды. Ілияс неше кәмпит жеді? 7-х=5 3-топ. Сыныпта 20 бала отыр еді. Қоңырауда бірнеше бала сыртқа шығып кетті. Сонда сыныпта 15 бала қалды. Қоңырауда неше бала сыртқа шықты? 20-х=15 (ҚБ) «Карусель» әдісі арқылы бағалайды. |
|
|||
Соңы
|
3-тапсырма.«Галерея» әдісі. Әр топ бөлме ішіндегі әр жерде жасырылған теңдеулерді жинастыру керек. Қай топ көп жинаса, сонша қоржынға кәмпит салынады. Қосымша дәптермен жұмыс. Ағаш бойынша теңдеулерді сәйкестендіреді. Қорытынды тапсырма: ҚБ тапсырмалары арқылы жүргіземін. Әр балаға тапсырма таратылады, орындап болған соң жұпта тексеріледі. «Жұппен бағалау» Тақтада дұрыс жауапты көрсетемін. Әр бала өз ойын айтады, тексеруі бойынша. Қорытындылау. Енді осы тапсырмада бүгінгі өткен тақырыпқа сай белгісіз азайтқышы бар теңдеу бар ма? Бар болса сол теңдеуді қоршаймыз. Ережені айтқызу. |
Дәптер. |
|||
Саралау 1-тапсырма ресурс арқылы 2,3-тапсырма диалог арқылы қолдау көрсету арқылы саралау
|
Бағалау – әр топ тапсырма орындаған сайын кәмпит салып отырамын. «Білім қоржыны» үш топқа арналған, сол қоржынға кәмпит салынып отырады. Сабақ соңында топ басшылары топ мүшелеріне бөліп береді,жиналған кәмпитті санап, ұпай санын анықтаймыз.
|
Пәнаралық байланыс музыка, дене шынықтыру. Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру, АКТ |
|||
Дескриптор: 1.Тақтада сандық сәуленің көмегімен теңдеу шығарады. 2.Теңдеу құрады және шешеді. 3.Теңдеуді басқа өрнектерден ажыратып, жинастырады.
|
Рефлексия Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді.Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінеді деп ойлаймын. Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешіп үйренді. Егер сабақ ұнаса, саусағыңды тырсылдат, Егер сабақ ұнаса, аяғыңды тарсылдат, Егер сабақ ұнаса, шапалақты аяма, Егер сабақ ұнаса, айтайықшы тамаша! Келген қонақтарға әрқайсысына күн нұры (қағаздар) таратылады, сол қағазға сабақ бойынша кері байланыс жазады.Қонақтарға не дейміз? -Рахмет. -Сау болыңыздар! До свидания! Good bye! |
М |
|||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па? Бүгін оқушылар неүйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Тапсырмалары сәйкес болды ма? Уақыт дәлдігі қалай болды? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? |
Сабақ мақсаты мен оқу міндеті толық орындалды. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай алынды. Уақыт өте тиімді пайдаланылды. Әр тапсырма өзінің қажетті уақыттында орындалып отырды.
Алдыңғы білім «Бүтін», «бөлік» сияқты математикалық тілге «Белгісіз азайтқышты табу» сөзі енгізілді. |
||||
Қорытынды баға
|
|||||
-тапсырма.
икрафон

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген