жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Белгісіз азайтқышы бар теңдеулер шешу 1- сынып
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат Күні: 21.02.20 Сынып: 1д |
Мектеп: №54жоббм Мұғалімнің аты-жөні: Жумабаева Т Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақ тақырыбы |
Белгісіз азайтқышы бар теңдеу |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.2.2 теңдеуді іріктеу арқылы жəне қосу, азайту байланысының негізінде шешу 1.5.1.1 есепті схема, сурет, қысқаша жазу түріндеүлгілеу; есепті шешугеқажетті тірек схеманы таңдау 1.5.1.3 ** қосынды мен қалдықты табуға арналғанесептер шығару жəне талдау; кері есептер құрастырып, оларды шығару |
||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: теңдеудегі белгісіз азайтқышты іріктеу негізінде шеше алады. Көптеген оқушылар: белгісіз азайтқышты табу үшін белгілі бөлікті бүтінге дейін толықтырады., азайту компононеттері арқылы түсініп орындайды. Кейбір оқушылар: белгісіз азайтқышты табу үшін бүтіннен белгілі бөлікті азайту керектігі туралы қорытынды жасайды. |
||
Бағалау критерийлері |
Теңдеудегі белгісіз азайтқышты іріктеу негізінде шеше алады. Белгісіз азайтқышты табу үшін белгілі бөлікті бүтінге дейін толықтырады. Белгісіз азайтқышты табу үшін бүтіннен белгілі бөлікті азайту керектігі туралы қорытынды жасайды. |
||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: теңдеудегі белгісіз азайтқышты іріктеу негізінде шеше алады. Пәнге тән лексика мен терминология: белгісіз азайтқышы бар теңдеу Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Қанша фигура алынып тасталды? Х неге тең? |
||
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде қарым-қатынас жасау қабілетін, сын тұрғысынан ойлауын, өз пікірін дәлелдей алу құндылығын дамыту. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Сауат ашу, жаратылыстану. |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд |
||
Бастапқы білім |
Теңдеу туралы білімі бар. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 8 мин
|
Қайырлы күн досым, Қайырлы күн болсын. Жеті күннің әр сәті Сәттілікке толсын Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын! Топқа бөлу Әл Фараби туралы қысқаша мәлімет. Миға шабуыл 1.Сандар қатарын ата. 2.1 жұмыртқа 5 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? 3.Екі жылқының неше тұяғы бар? 4.1 кг мақта ауыр ма, кг темір ауыр ма? 5. Үстел үстінде 3 стакан шие тұр.Марат 1 стаан шие жеп қойды.Неше стакан қалды?
«тілші» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап алынады. - Біз өткен сабақтарда қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық? -Санды өрнектерді қалай салыстырамыз? -Теңдеу деген не? - Теңдеудегі белгісіз қосылғышты қалай табады? Азайтудың компоненттерін ата. -Қосудың компоненттерін ата. -Әріпті өрнек дегеніміз не? -Азайту амалына берілген теңдіктің белгісізін қалай табамыз? - Ендеше бүгінгі сабақтағы мақсатымыз не болмақ? Мақсатымыз белгісіз азайтқышы бар теңдеулерді шешіп үйренеміз. |
Топпен сәттілік тілейді.
4 топқа бөлінеді. |
|
Сабақтың ортасы
10 мин
2 мин
8 минут
10 мин |
Бейнебаян арқылы түсіндірме жүргізу. (Ұ) 1- тапсырма Белгісіз азайтқышты табу үшін, азайғыштан айырманы азайту керек. 1
7=7 Тақтамен
жұмыс: Әр топтан 1 оқушы шығару.
Дескрипторлар: - Теңдеудегі белгісіз азайтқышты табады. - Өздерінің
пікірлерімен бөліседі. Басбармақ әдісі . Сергіту сәтінде «Поэзия минуты» Абай өлеңдерінен оқу (Ж) 2- тапсырма Топтық жұмыс Ойлан.Бірік.Бөліс»әдісі Есептен теңдеу құрастыру Әр топқа заттар беремін,сол арқылы есеп құрайды,теңдеу шешеді. 1-топ. Ыдыста 10 жеміс бар еді. Бірнеше жеміс жеген соң,ыдыста 6 жеміс қалды. Неше жеміс желінді? 2-топ. Жанатта 14 ойыншық болды.Достарына бірнеше ойыншық сыйлады. Сонда онда 9 ойыншық қалды.Досына неше ойыншық берген? 3-топ Ілияста 13 кәмпит болған.Ол бірнеше кәмпит жеді.Онда 8 кәмпит қалды. Ілияс неше кәмпит жеді? 4-топ Ағашта 8 құс қонып отыр еді. Оның бірнешеуі ұшып кетті. Ағашта 5 құс қалды. Нешеуі ұшып кетті?
Дескриптор: - Заттар арқылы есеп құрастырады. - Белгісіз азайтқышы бар теңдеу құрастырады. -Теңдеуді шешеді. Саралау тәсілі «Тапсырма» арқылы іске асады. Жұмыс дәптерімен жұмыс жасау. Қарқынды оқушыға қосымша сұрақтар беріледі. - Белгісіз азайтқышы бар теңдеу құрастырып көр. ҚБ: « Смайлик» әдісі арқылы бағалайды. Керемет – Теңдеу құрастырып, оны шешсе Жақсы - Теңдеу құрастырып, оны шешсе, теңдеу шешуде көмек қажет етсе; Қалыпты Теңдеу құрастыруда, оны шешуде қиналса.
|
Оқулық
смайлик
керекті ресурстар
Жұмыс дәптері,
жалауша суреті
|
|
Сабақтың соңы
2 мин |
Кері байланыс «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы алынады. -Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? -Сабақтың қай тұсы қызықты болды? Үй тапсырмасы: 51-беттегі «Орындап көр» тапсырмасы. |
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Т1. Саралау тәсілі «Тапсырма» арқылы іске асады. - Өзара тең өрнектерді анықта. Кейбір оқушыға қосымша сұрақтар беріледі. Т2. Саралау тәсілі «Тапсырма» арқылы іске асады. Қарқынды оқушыға қосымша сұрақтар беріледі. - Белгісіз азайтқышы бар теңдеу құрастырып көр. Т3. Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі. Қарқынды оқушыға: қосымша тапсырмалар жазу. Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсетіледі. |
Т1. ҚБ: « Басбармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Бас бармақ - Теңдеу құрастырып, теңдеудегі белгісіз азайтқышты таба алса; жанына қарай - Теңдеу құрастырып, теңдеудегі белгісіз азайтқышты табуда көмек қажет етсе; төменге қарай- Теңдеу құрастыруда, теңдеудегі белгісіз азайтқышты табуда қиналса. Т2. ҚБ: « Смайлик» әдісі арқылы бағалайды. Керемет – Теңдеу құрастырып, оны шешсе, ; Жақсы - Теңдеу құрастырып, оны шешсе, көмек қажет етсе Қалыпты Теңдеу құрастыруда, оны шешуде қиналса. Т3. ҚБ: смаликтер
|
1.Жазу барысында оқу құралдарымен дұрыс жұмыс жасау. 2.Сыныпта жүгірмеу 3.Орындықтан тұрып,отыру барысында абай болу.
Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әуенімен билейді.
|
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||
Тест
1.Әріпті өрнекті белгіле
А.7+3 Ә. А+6 Б. 4=4
2.Тура теңдікті тап.
А. 3 =2 Ә.5=6 Б.4=4
3.Екі таңбалы санды тап.
А.90 Ә.6 Б.100
4. Х –тің дұрыс мәнін тап. 15-х=10
А. x= 10 Ә. X=20 Б. х= 5
5.Өрнектің мәнін тап. 13+5=
А.8 Ә. 18 Б. 19
Тест
1.Әріпті өрнекті белгіле
А.7+3 Ә. А+6 Б. 4=4
2.Тура теңдікті тап.
А. 3 =2 Ә.5=6 Б.4=4
3.Екі таңбалы санды тап.
А.90 Ә.6 Б.100
4. Х –тің дұрыс мәнін тап. 15-х=10
А. x= 10 Ә. X=20 Б. х= 5
5.Өрнектің мәнін тап. 13+5=
А.8 Ә. 18 Б. 19
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тест
1.Әріпті өрнекті белгіле
А.7+3 Ә. А+6 Б. 4=4
2.Тура теңдікті тап.
А. 3 =2 Ә.5=6 Б.4=4
3.Екі таңбалы санды тап.
А.90 Ә.6 Б.100
4. Х –тің дұрыс мәнін тап. 15-х=10
А. x= 10 Ә. X=20 Б. х= 5
5.Өрнектің мәнін тап. 13+5=
А.8 Ә. 18 Б. 19

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген