жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Белгісізі бар теңдік 1 сынып Математика
Қысқа мерзімді жоспар.
Пәні: математика. Күні: Бөлімі: Теңдік және теңсіздік. Теңдеу. 1 сынып |
Мектебі: «№41 Қ.Дәрімбаев ЖОМ» |
|||||
Сабақтың тақырыбы: |
Белгісізі бар теңдік |
|||||
Оқу мақсаты: |
1.2.2.2 Таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде белгісізі бар теңдіктерді шешу. |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
қосу және азайту амалдарының негізінде теңдікті таңдап алу әдісімен шешеді; “+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, белгісіз санның белгісін (□) қолданады.
Белгісізі бар теңдік құра алады. |
|||||
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар: |
||||||
Тірек сөздер |
белгісіз сан. |
|||||
Күтілетін нәтиже: |
☐ таңбасымен теңдіктегі белгісіз санды белгілейді, белгісіз ұғымымен танысады, белгісіз санды таңдау тәсілімен немесе санның құрамына сүйеніп табады, есептеу дағдысын дамытады , қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде белгісізі бар теңдіктерді шешеді. |
|||||
Құндылықтарды дарыту: |
Бір –бірін тыңдайды, сыйлайды.
|
|||||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, жаратылыстану
|
|||||
АКТ-ны қолдану: |
Компьютер, интерактивті тақта , интернет.
|
|||||
Алдыңғы оқу: |
Сандарға амалдар қолдану дағдыларымен таныс. Теңсіздік пен теңдікті ажырата алады.
|
|||||
Сабақтың барысы:
|
||||||
Жоспарланған уақыт: |
Жоспарланған іс- әрекет: |
Ресурстар: |
||||
Басы: 5 мин.
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топқа бөлу. Түстер бойынша өрнектерден тура және тура емес теңдіктер құрастырады
|
Өрнектер жазылған түрлі тусті стикерлер. |
||||
Ортасы:
8мин.
4мин4мин.
5мин. |
«Сұхбат алу» әдісі Ғарыш туралы не бісесің? «Сен білесіңбе?» айдары бойынша ғарыш туралы мағлұмат беріп кету. (“Балапан” телеарнасынан) Оқушыларға «Ғарышқа саяхат» жасауға ұсыныс жасау. Ол үшін ғарыштық тапсырмаларды орындау керектігі хабарланады. Оқушыларға ғарышқа саяхат жасау барысында төрт бұрышпен көрсетілген белгісіз санды іздейтінін хабарланады. Бос орынға қоюға болатын сан белгісіз. Оны белгісіз сан деп атап, ☐ таңбасымен белгілейміз. Құрамындағы бір сан белгісіз болатын теңдік белгісізі бар теңдікдеп аталады. Саяхаттың алдында мультфильмге назар аударуларын сұраймын. Мультфильм не туралы екенін әңгімелетемін. (Ну, погади!№14) «Ойлан , Топтас, Пікірлес» әдісі Ғарышкердің таңғы асы.(топтық жұмыс) «Ұшатын» кішкентай шарлардың қайсысы қай сықпадан шықты? Өрнекке белгісіздің дұрыс мәнін қой. Полиглот Ғарыш – космос - space Ғарышкер – космонавт – cosmonaut Ғарышкемесі - космический корабль - space ship «Құпия сан»ойыны Ойлан.Ғарыш оқиғасы ( ұжымдық жұмыс.) Оқушылар тапсырма мазмұнын оқиды. Тапсырмаға белгісізі бар теңдік құрастырып, белгісіз санның мәнін табады. Ғарышкерлер экипажы Жерді 10 рет айналып өтуі керек. Олар ғаламшарды бірнеше рет айналып өтті. Енді оларға әлі 7 рет айналу керек. Ғарышкерлер Жерді неше рет айналып өтті?
10
- = 7
7
+ 3 = 10
10
– 7 = 3
«Жасырын сан» ойыны Ғарыштық шаршыны шеш. Әр суреттің астында жасырылған сандарды қосқанда көрсетілген сан шығады. Жасырылған сандарды анықта. |
сандар жазылған парақшалар; санды теңсіздіктер мен теңдіктер жазылған парақ шалар; ламинатталған қағаз парақтары; маркерлер.
«Ну, погади!» мультфильмі. № 14 «Балапан» телеарнасынан «Сен білесің бе ?»Аспанденелері туралы сайhttp://blgy.ru/biology5/planetламинатталған қағаз парақтары; маркерлер.
Жер бейнеленген суреттер «Жердің 3-Dүлгісі» бейнефильмі: https://www.youtube. com/watch?v=kvymLTh417
|
||||
Сергіту сәті:
|
Видиоролик «Ғарышқа саяхат» |
|
||||
|
Дәптермен жұмыс. «Сәйкестендіру»әдісі Өзге ғаламшарлықтарға көмектес. Оқушылар теңдіктердегі белгісіз санды табады. Санды таңдау тәсілімен белгісіз санды тауып, теңдік пен белгісіз санның мәні болатын сандарды сызып сәйкестендіреді.“Ғарыштық шытырманнан өт” Белгісіз сандардың мәндерін тап. Оларды бос торкөздерге жаз.Ғарышкеменің ғаламшарға қарай жүретін жолын сызып көрсет. |
Жұмыс дәптері.
|
||||
Соңы:
3мин.
|
Қалыптастырушы бағалау.
Ғарышкемелерін ұшыру.( жеке жұмыс) Оқушылар теңдіктегі белгісіз сандардың қандай сан екенін анықтайды. Кері байланыс. Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, ғарышкемесін жасыл түске боя;
|
Кеспе қағаздар. |
||||
Саралау: |
Бағалау:
|
|||||
Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін тексеру үшін қалыптастырушы бағалау ретінде берілген сұрақтарды қою: Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жұмыс дәптеріндегі “Ғарыштық шытырманнан өт” тапсырмасын орындатамын. Қалыптастырушы бағалау жұмыстарын аламын
|
Жетелеуші сұрақтар арқылы және «бес бармақ» тәсілі арқылы бағалаймын. |
|||||
Рефлексия |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. |
Сабақтың мақсаты орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Қандай кедергілер болды? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? |
Cабақ мақсаты SMART бойынша қалыптастырушы бағалауда белгісіз қосылғышқа тең санды анықтау бойынша- 95% -ға, белгісіз азайтқышқа сәйкес санды таңдап анықтау бойынша - 75% -ға жеткендігі анықталды. Бүгінгі сабақ бойынша оқушылар белгісіз ұғымымен танысты, белгісіз санды таңдау тәсілімен немесе санның құрамына сүйеніп тауып, есептеу дағдысын дамытты , қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде белгісізі бар теңдіктерді шешті. Сабақта «Сұхбат алу» әдісінде , «Ойлан , Топтас, Пікірлес» әдісінде , «Жасырын сан» ойынында ғарыштық шаршыны шешуде оқушылар белсенділік танытты . Топқа бөлу кезінде оқушылар оқушылар біраз шашыраңқылық танытты. Бірақ топқа бөлу мен алдыңғы сабақты пысықтауды біріктіру уақытты тиімді пайдалануыма септігін тигізді. С топтағы оқушылардың сабаққа баяулау қатысуына байланысты «Еркін микрафон» әдісін пайдаланып , оқушының белсенділік танытуына ыңғай жасадым .
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі кезеңді атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: «Ойлан , Топтас, Пікірлес» әдісі мен «Жасырын сан» ойыны оқушылардың белсенділігін арттырып , сабақты оқытуда тиімді пайдаланылды. 2: Қалыптастырушы бағалауда ғарышкемелерін ұшыру қызықты әрі сәтті өтті. Қандай екі кезең сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалап отыру оқушылардық белсенділігі мен қызығушылығын арттырды. 2: Қалыптастырушы бағалау бойынша оқушылардың мақсатқа қаншалықты жеткенін анықтау тиімді әрі сәтті өтті. Сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім және ол келесі сабақты өткізуіме қандай әсерін тигізеді Кері байланыс бойынша анықталған оқушыға келесі сабақта пысықтау тапсырмаларын бердім.
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген