400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Берел қорымы 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Берел қорғандары

Мұғалімнің аты-жөні: Умиралиева А.А.

Күні: 21.01.2020

5 «А» сынып


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау;

5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау

Бағалау критерийі

Топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Берел қорғандары


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары


Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут














10 минут

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін :Археолог, Жазушы, Тарихшы топтарға бөлінеді. Оқушылар ортаға шығып билеттерін алып бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Үй жұмысын тексеру

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

Дискрипторы:

-Берел қорғанын орналасқан жерін анықтайды

- Қорымнан табылған археологиялық ескерткіштердің құрылысын атайды

1-топ:

«Археологтар»

2-топ:

«Тарихшылар»

3-топ:

«Жазушылар»

«Қызыл гүлім-ай» би билету.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Топтық жұмыс «Кластер» қорғау

1 топ «Археологтар»

«Грифон мүсіні» сақтар неліктен осындай мүсіндерді жасады деп ойлайсындар?

Мәтін.

Аңдардың айқасы – Берел қазынасында аса мол. Олар мысық тұқымдас жыртқыштың бұғыға немесе таутекеге шабуы; өз құйрығын өзі тістеп жатқан грифон; грифонның аузындағы қос тұяқты жануардың басының көлемдігі бейнесі сияқты қысқартылған композициялық шешімдегі айқастың бір сәтін көрсететін көріністер. Аңдар айқасы бейнелерінің семантикасы негізі – жақсы мен жаманның, жарық пен түнектің, мәңгілік қозғалыс пен қарама-қайшылықтардың күрес символы сияқтылармен түсіндіріледі. Аңдар айқасының динамикасы олардың денелерінің 180 градусқа бұралғанымен беріледі. Бұлшық еттері нүкте, үтір, жақша сияқты белгілермен ерекшеленіп көрсетілген.


2-топ «Тарихшылар»

Берел қорымынан табылған жылқылар неге адамдармен жерленген және неліктен ерекше әсемделген?

Мәтін

Ат әбзелдері барельефті және скульптуралық (мүсіндік) әдістермен ойылған көптеген ағаш бұйымдарымен безендірілген. Ежелгі көшпелілердің өмірі мен тұрмысында өнерге өте үлкен мән берілген. Олар негізінен декоративтік сипатта емес, архаикалы мифологиялық түсінік-ұғым бойынша қоғамның белгілі бір құндылық жүйесіне сәйкес келетін арнаулы және ерекше белгілі-символ ретінде қаралған. Қару-жарақтар мен ат әбзелдерінің скифтік-сақтық тағы аң стилімен безендірілуі олардың әскери-демократиялық сипатын көрсетеді. Ат әбзелдерінде кездесетін образдарға жергілікті фаунаның өкілдері – бұғы, бұлан, құстар, таутекелер, арқарлар және мысық тұқымдас жыртқыштар кіреді. Бірақ та ежелгі көшпелілер өнерінде негізгі орынды қияли, табиғатта болмайтын фантастикалық, синкреттік, полиморфты тіршілік иесі алады. Олар көбінесе әртүрлі жануарлардың белгілерін өзіне біріктірген, кейде ұзын құйрығы арқасына қарай қайырылған, денесі мысық тұқымдас жыртқыштыкі болса, тұмсығы жыртқыш құстыкі, жалы біркелкі қалыпта берілген, спиральды ирек мүйізі бар грифон түрінде болып келеді. Бәлкім, грифон образында шебердің ойынша, сан алуан жануарлардың қасиеттері түйінделіп, айрықша әсіреленуге тиісті болуы мүмкін.



3-топ «Жазушылар»

2500 жыл бұрынғы сақ өнері қандай болған?

Мәтін

Ағаштан жасалып сырты алтын жапырақшаларымен және қалайымен жылтыратылып қапталған сән-салтанатты маскалармен ат-әбзелдері тұтастай алтынмен аптап, күміспен күптегендей көздің жауын алып, қиял ғажайыптық әсер береді. Бұл бәлкім, өзінше жасандырып безендірілген ат әбзелінің ғұрыптық-салттық рәсімге байланыстылығын көрсетеді. Жануарлар қос әлемді байланыстыратын таудың қарлы шыңдарында жүретін таутеке, арқар, барыс, жыртқыш құстар көшпелілердің түсінігі бойынша жоғарғы әлемді, «жерұйықты» жайлағандар. Аттарды аталған жануарлардың бейнесімен безендіру өлген адамдардың «жерұйыққа» жетуін жылдамдатады деген ниеттен туса керек.


Ұлы даланың бір бөлігін Алтай өңірінде аттары аңызға айналған скиф-сақ тайпалары мекендеген. Олар өздерінің ерліктерімен көзге түскен ат құлағында ойнаған, шеттерінен батыр жауынгерлер еді. Археологиялық деректер осы халықтардың сонымен бірге металл өңдеуші, құюшы, құрылысшы, құмырашы, зергер, ағаш шебері, асқан суретші болғанын дәлелдейді.

Дискрипторы:

  • Берел қорымынан табылған олжалар арқылы сақтардың қолданбалы өнері мен дүниетанымын сипаттайды

2 Тапсырма

«Суретер сөйлейді»

Тақырыпқа байланысты 3 сурет және суретке байланысты сұрақтар қойылады.

  1. Суреттегі Берел обасындағы жерлеу дәстүріне назар аударып, ежелгі сақтардың дүниетанымын сипаттаңыз


Дискриптор:

  • Берел обасындағы жерлеу дәстүріне назар аударып, ежелгі сақтардың дүниетанымын сипаттайды

  1. Сақ обаларынан табылған олжалардан қандай ерекшеліктер байқадыңыз? Сақтардың қолданбалы өнерінде қандай стиль кең тараған анықтаныз.

Дискриптор:

  • сақ тайпаларының қолөнерде қолданған металлдарды атайды;

  • сақтарда қолданбалы өнерінде кең таралған стилді атайды

  1. Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениеті туралы қандай мәлімет беретіндігін жазыңыз.

Дискриптор:

  • Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениеті туралы мәлімет анықтайды



Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорытыу

«Попс Формуласы»

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»


Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау


5 минут


Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

Picture 5


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





















1.Тапсырма


Суреттегі Берел обасындағы жерлеу дәстүріне назар аударып, ежелгі сақтардың дүниетанымын сипаттаңыз.



















Дескриптор

Білім алушы


  • Берел обасындағы жерлеу дәстүріне назар аударып, ежелгі сақтардың дүниетанымын сипаттайды.





Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.

Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына кешіретін болып не уақытша жерлеуді немесе еліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен.





Тапсырма


Сақ обаларынан табылған олжалардан қандай ерекшеліктер байқадыңыз? Сақтардың қолданбалы өнерінде қандай стиль кең тараған анықтаныз.










Дескриптор

Білім алушы


  • сақ тайпаларының қолөнерде қолданған металлдарды атайды;

  • сақтарда қолданбалы өнерінде кең таралған стилді атайды.




Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар.














Тапсырма

Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениеті туралы қандай мәлімет беретіндігін жазыңыз.

Shape1




Дескриптор

Білім алушы


-Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениеті туралы мәлімет анықтайды






Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті.Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
1007
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі