400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Берел қорымы" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Берел қорымы туралы әңгімелейді (айтылым дағдысы); Берел адамының бір күнгі өмірінен шағын әңгіме құрастырады, күнделік жазады (жазылым дағдысы); "Берел қорымының берері мол" атты бейнематериалды тыңдайды (тыңдалым дағдысы); Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі

Мектеп: №15 орта мектебі


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Сартаева Гулзада Сапаргалиевна

Сынып: 5


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Берел қорымы

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

5.2.2.3 археологиялық ескерткіштерді сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Берел археологиялық ескерткішінің құрылысын сипаттайды.

Оқушылардыңбасым бөлігі: Берел қорымының ерекшеліктерін түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: Бесшатыр, Шілікті ескерткіштерімен салыстыра отырып, ерекшеліктерін ажырата алады.

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну дағдысы: Берел археологиялық ескерткішінің құрылысымен танысады.

Қолдану дағдысы: Берел қорымның кем дегенде үш ерекшелігін анықтайды.

Сыни ойлау мен талдау дағдысы: Өзге ескерткіштермен салыстыра отырып, ерекшеліктерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Қорым, тайпа, археология, сақтар, саркофаг, бальзамдау, мәңгі тоң қабаты.

Оқытудың тілдік мақсаты: Берел қорымы туралы әңгімелейді (айтылым дағдысы); Берел адамының бір күнгі өмірінен шағын әңгіме құрастырады, күнделік жазады (жазылым дағдысы);

"Берел қорымының берері мол" атты бейнематериалды тыңдайды (тыңдалым дағдысы); Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Берел қорымының басқа қорымдардан ерекшелігі.......

Қорымнан табылған құнды жәдігерлер сақтардың мәдениеті

туралы......ақпарат береді

Құндылықтарды дарыту

Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған . Оқушылармызға тарихи жәдігерлерді таныстырып ұлттық танымы мол ұрпақ қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ кезінде география, бейнелеу пәндерімен байланыс орнатылады.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ кезінде бейнеролик, презентация көрсетіледі.

Алдыңғы білім

Неліктен Шілікті мен Бесшатыр «патша қорғандары» деп аталады

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


3-мин





























5 мин

Оқушылармен сәлемдесу

«Пазлдар» арқылы топқа бөлу. (Бесшатыр, Шілікті, Берел қорымдарының суреттері)

1. Бесшатыр

2. Шілікті

3. Берел

Оқушыларға суреттің фрагменттері беріледі.


Әр оқушы қолындағы фрагментті сәйкестендіріп өзінің тобын табады.

Әр топтың суреттерінің артында сүрақ жазылған, топпен сұраққа жауап береді.

1. Неліктен Шілікті мен Бесшатыр "патша қорғандары деп аталады.

2. "Әлеуметтік теңсіздік" дегенді қалай түсінесіз?

3. Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениетін қалай сипаттайды. (Оқушылар өткен сабақ бойынша бастапқы 2 сұраққа жауап береді, 3-ші сұраққа сабақ барысында жауап аламыз)


«Миға шабуыл»

"Берел қорымының берері мол" тақырыбындағы бейне- роликті көрсету арқылы сабақ тақырыбын анықтау.

Сұрақ:

1. Бейне көрсетілімде не туралы айтылды?

2. Сіздер бұл бейне көрсетілім бойынша не айталасыздар?

3. Бүгінгі сабақта не туралы айтамыз деп ойлайсыздар?


Оқушылардың ойларын тыңдағаннан кейін сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары айтылады.

Слайд, суреттер, пазлдар




























https://www.youtube.com/watch?v=Ovd6VUdmRhY


Сабақтың ортасы








7-мин













5-мин










6 мин


























6 мин














Топтық жұмыс: ЖИГСО

Әр топқа тапсырмалар беріледі. Оқушылар мәтінді оқиды.

1. Шілікті тобы: Қорымнан табылған заттардың тізімін жасайды.

2. Бесшатыр тобы: Жерлеу ғұрпынан үш сұрақ құрастырады.

3. Берел тобы: Шілікті, Бесшатыр қорымдарымен салыстыра отырып, үш ерекшелігін анықтайды.


Критерий

Дескриптор

Берел обасындағы жерлеу ерекшелігін дүниетанымымен байланыстырып сипаттайды


- Берел қорымынан табылған жәдігерлерді атады;

- Берел қорымының жерлеу ғұрпын анықтады;

- Берел қорымының өзге қорымдардан ерекшелігін ажыратты;


Сергіту сәті: «Таңда да, таста»

Оқушылар қағазға бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты сөздерді жазып, умаждап бір-біріне лақтырып ойнайды. Жазылған сөздер бүгінгі сабақтың тақырыбына сәйкес келетіндігін анықтайды, мағынасын ашады.


Не? Не? Қандай?

1. Шілікті тобы: Не таңқалдырды?

1. Сақ тайпаларының күрделі жерлеу құрылысын салуы мен мәңгілік тоң қабатында мәйітті шірітпей сақтау технологиясын- бальзамдауды білуі.

2. Жылқыларды адаммен бірге жерлеуі.

3. Шеберлердің зергерлік бұйымдарды алтыннан шебер жасауы.

4. Киізден, жүннен жасалған бұйымдардың 2500 жыл сақталуы.

2. Бесшатыр тобы: Не қызықтырды?

Сақ тайпаларының табиғат жағдайларын, климат ерекшеліктерін, түрлі өсімдіктердің қасиеттерін білуі.

3. Берел тобы: Қандай деректер қынжылтты?

Көптеген қорғандардың тоналуы. Адамдармен бірге жерлеу үшін көп жылқыны құрбандыққа шалуы.


Критерий

Дескриптор

Мәтін бойынша таңқалдыратын, қызықтыратын, қынжылтатын деректерді табады


-Мәтін бойынша таңқалдыратын оқиғаны тапты;

-Мәтіннен қызықтыратын жағдайларды тапты;

-Мәтіннен қынжылтатын деректерді тапты.


Тарих тақтасын құрастыру: оқушыларға 2500 жыл бұрын өмір сүрген Берел адамының бір күнгі өмірін суреттеуге тапсырма беріледі.

1. Шілікті тобы: Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын 3-4 сурет салады.

2. Бесшатыр тобы: Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын 10 сөйлемнен тұратын әңгіме құрайды.

3. Берел тобы: Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын күнделік жазады.


Критерий

Дескриптор

Берел адамының бір күнгі өмірін суреттейді


-Берел адамының бір күнгі өмірін суретпен сипаттады.

-Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын әңгіме құрады.

-Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын күнделік жазды.





Слайд, оқулық


сhttps://www.youtube.com/watch?v=9kdlytQvy6Q лайд























https://www.youtube.com/watch?v=Ovd6VUdmRhY





Сабақтың соңы


5 мин




3 мин




«Бинго» ойыны

Тақтаға сандар жазылған тор көздер шығарыңыз. Әр санның артында сұрақ, сурет, атау, сызба тапсырмалары жасырылып тұрылуы тиіс.


Кері байланыс

Слайд, стикерлер

Саралау: оқушы-ларға қалай көбі-рек қолдау көрсе-туді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Топтық, жұптық,

жеке жұмыс болды.

Оқушылар ой қоры-тынды жасады, тап-сырмалар бойын-ша 3-тен артық дәлелдер келтірді Әдіс-тәсіл-дерді бағыттауда айты-лым, жазылым,

тыңдалым дағдыла-ры қалыптасты

Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың материалды меңгеруі қандай деңгейде екенін анықтау үшін бағалау критерийіне сәйкес топтар өзара бір-бірін бағалайды, мұғалім оқушыларды өзі бағалайды, оқушылар өзін-өзі бағалайды.


Компьютерді, ноутбуктерді тек тапсырма кезінде аз уақыт жұмыс жасап өшіру, интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың бар-лығы ОМ қол жет-кізді ме?Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүр-гізілді ме?Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары дұрыс құрылған. Барлық оқушылар бүгінгі сабақта белсене араласып өз мақсаттарына жетті. Сабақ уақыттар берілген минут кестелеріне байланысты нақты сақталды. Сабақ кезінде сабақ жоспарынан еш ауытқулар болмады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
3852
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі