400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Бес нәрсеге асық бол"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыңдаған материалдың негізгі тұстарын түртіп алу арқылы қорытынды жасайды; өз бетінше оқ алады; кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді; одағай еліктуіш сөздерді қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5- бөлім

«Бес нәрсеге асық бол»

Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кудайбергенова С.Р

Сынып: 5В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны -0

Сабақтың тақырыбы:

Мектеп құндылықтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде қорытынды жасау
5.2.1.1 мәтінді түрлі оқу түрлерін (түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп, шапшаң) қолданып өз бетінше оқу 5.2.8.1 кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқын күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттармен салыстырып бағалау

5.4.2.6* сөйлемде одағай, еліктеуіш сөздерді ажырату және қолдану

Сабақ мақсаттары

Тыңдаған материалдың негізгі тұстарын түртіп алу арқылы қорытынды жасайды; өз бетінше оқ алады; кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді; одағай еліктуіш сөздерді қолданады.

Бағалау критерийлері


Негізгі тұстарын түртіп алады;
Қорытынды жасай алады;
Кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады.
Одағай және еліктеуіш сөздерді қолдана алады.

Құндылықтарды дарыту


«сыпайы», «мейірімді», «кішіпейіл», «әдепті», «тәртіпті»

Пәнаралық байланыстар

Өнер

АКТ қолдану дағдылары

презентация

Бастапқы білім

Қазақстан және әлем


Сабақ барысы

Сабақ

тың кезеңдері




Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Сабақ ресурстары


Сабақтың басы

3 мин




I Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Көркем жазу

Сөйлемдерді көшіріп, дұрыс тыныс белгілерін қойыңдар.
а) Сірә бүгін күн суытар а
ә) Ауа райы қандай тамаша
б) Тыңда дала Жамбылды.
в) Жолдастар тынышталыңыздар.

г) Амал не кітапты қойныма тығып алдым да жатаққа келдім.

д) Қаладағы туысқандарға Айдана Айжан ауылдан келді.

Бірін-бірі тексеріп, бағалау.

Әріптерден сөз құрастыру Ұ,Ы,Ы,Қ,Л,Д,Н,Қ
- Құндылық дегеніміз не?

Құндылық – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысып, жетістік критерийлері оқушылармен бірге жасалынады.

презентация

Сабақтың ортасы


10 минут

























3 минут




9 минут














5 минут



















5 минут



ІІІ. Жаңа сабақ.

(Ұ,Ж) Мәтінді тыңдай отырып, қиын сөздер мен құндылықтарды түртіп алу.

Жуас апай

Бірінші сыныптан бастап, бесінші сыныпқа дейін оқытқан мұғаліміміз Сәуле апай өте қатал болатын. Апырмай, ұл-қыз демей сәл артық қимыл жасап, тәртіп бұзсақ аямайтын. Одан жаман болған жоқпыз. Мысынан ығып, әдепті, тәртіпті болуға дағдыландық. Биыл Сәуле апайымыз мекен-жайын ауыстырып көшіп кетті. Орнына Ақмарал апай келді.

Апайдың мінезі өте сыпайы, мейірімді екен. Кішіпейілділігі көзінен көрініп тұратын. Күлімсіреген жанары жан дүниесінің тұнықтығын паш еткендей. Әйтсе де біздің «бұзықтар» Ақмарал апайдың сыпайылығын пайдаланып, еркіндікке шықты да, құтыруды бастады. Сәуле апайдың «бұғауынан» босаған оларға жақсы болды. Түу, бүгін сабақтың тақырыбы сондай қызықты еді. Бірақ сабақтың үстінде Саят бастаған топ қыздардың шашынан тартып, бір-біріне бүктелген қағаз лақтырып, орындықтарын тарс-тұрс еткізіп, тәртіп бұза бастады. «Тынышталыңдар, не болды сендерге?» - дейді апай. Осындайда мен апайға болысқым келеді. Бірақ жалғыздың қолынан не келсін? Сыныптағы он ұл Саяттың жетегінде. Іштен тынып отырамын. Ақмарал апайдың аты ұмытылып, «жуас апай» атанып кетті. Кейде апайымның кабинетіне барып, «Аздап, қаталдау болмасаңыз басынып алады» дегім келеді. Бірақ, сыныптастарды қалай жамандаймын?

«Жуас апай» мәтінін мәнерлеп оқып беру.

Мәтінде кездескен құндылықтарды «сыпайы», «мейірімді», «кішіпейіл», «әдепті», «тәртіпті» және қиын сөздерді түртіп алуды ұсыну.

(Ж) Жұпта жазып алған құндылықтармен алмасу. Мәтіндегі құндылықтар кімге қатысты айтылғанын анықтап, кестені толтыру. Қорытынды жасау.

Құндылықтар

Мұғалім

Оқушы

Сыпайылық



Мейірімділік



Кішіпейілділік



Әдептілік



Тәртіпті



Мәтінді оқу үшін оқушыларға уақыт беру.

(Т) Пікірталасқа түсудің мақсаты мен оған қойылатын талаптарды белгілеу. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын талқылау, бағалау.

1 топ – «Әңгімелеуші оқушының» іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын.

2 топ - «Саят пен оның жақтастарының» іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын.

3 топ – сынып өмірде кездесетін жағдаяттармен салыстырып бағалау.

Бағалау критерийі:

Пікірталастың мақсаты мен қойылатын талаптарды сақтай отырып, сөйлеу.

Әр топ бірін-бірі бағалау парағы бойынша бағалайды.


Дескриптор:

Ұпай

Өз сөйлеуін қанатты сөздер, мақал -мәтелдермен нақтылау;


Өтілген тұрақты сөз тіркестерін, қаратпа, қыстырма сөздерді өзгенің назарын аудару, деректерді нақтылау үшін пайдалану;


Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;


Сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.


Барлығы:


Тәжірибе көрсету (өмірмен байланыстыру) арқылы еліктеуіш сөздермен таныстырылады.

Мысалы:

А)Сіріңкені жағып, стақандағы суға батыру
-От сөнгенде қандай дыбыс шықты? (От быж етіп сөнді )
-Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар?(құлағымызбен естідік)
Ә) Жүріп тұрған сағаттан қандай дыбыс шығып тұр? (Сағат тық-тық жүріп тұр)
В) Шар үрлеп, жару.
-Шар қалай атылды? (Шар тарс етті)

Дыбысқа еліктеуден пайда болған сөздерді еліктеуіш сөздер (сырт-сырт, пыс-пыс) деп аталатыны туралы қорытынды жасалады.

Мәтіндегі еліктеуіш сөзге назар аудартылады. Басқа да еліктеуіш сөздерді іс жүзінде қолданып жаттығып көреді.

Мәтіндегі одағай сөздерге назар аудартылып, қайталау жұмысы ұйымдастырылады.

(МК,Ұ,Ө, Ж) Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге назар аудару. Мысалдар келтіру. Одағай сөздерді қолданып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

1. ..., емтиханнан бес алдым! 2. ..., сенің жайбасарлығыңнан қалып койдық! 3. ..., киноактер болсам! 4. ..., сен қашан, келдің?

(Т) Жұптық жұмыс арқылы семантикалық картаны толтыру.

Мысалдар

Одағай

Еліктеуіш сөздер

шіркін



сыбдыр-сыбдыр



бәсе



тарс-тұрс



пай



ой



сылдыр-сылдыр



бәрекел-ді



жарқ-жұрқ



қарқ-қарқ





Оқушылар жұптасып, семантикалық картаны толтырады.

Одағай, еліктеуіш сөздермен сөйлем құрап жазу.








мәтін




























кесте



Сабақтың соңы

5 минут

Shape2

Сіз қай кейіпкерге ұқсайсыз? Неліктен?

«Блоб ағашы» тәсілі арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды.

Үйге: «Жуас апай» мәтінін негізге алып мәтін құрастыру.



Қосымша ақпарат


Саралау – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз?Үлгерімі жақсы оқушыларға қиын есептерді қалай қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Сілтемелер

Денсаулық жағдайын тексеру

АТ құндылықтар

Әр оқушының жұмысына «түртіп алу» стратегиясы бойынша кері байланыс беру

Оқушылар өзін-өзі бағалайды және мұғалім де кері байланыс кезінде олардың жеткен жетістігін көрсете алады

Өнер, музыка өнері сабақтарымен өте тығыз байланыстағы сабақ.

Сабақ барысында орындалатын жұмыстар оқушы өміріне қауіп тудырмайды, керісінше жұптағы жұмыстар балалардың психологиялық жағымды жағдайда жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

АКТ слайд көрсету үшін қолданылады. Қажет болған жағдайда Presi com бағдарламасын қолдануға болады.

Оқушылар шығарма кейіпкерлерін талдай отыра, өздерінің өміріне қажет сабақ алады.

Бейнелеу

Сабақ міндеттері/ Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені білді?

Бүгін сыныпта қандай атмосфера болды?

Менің дифференциалдау бойынша жұмысым жақсы өтті ме?

Барлығы жоспарланған уақытқа сәйкес өтті ме?

Мен жоспарға қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос орынды Сіздің сабағыңызды бағалау үшін пайдаланыңыз.

Сол жақтағы кестедегі Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.












Қорытынды бағалау

Қандай екі мезет бәрінен де ұнады (сабақ беру мен оқытуды ескергенде)

1:

2:


Қандай екі мезет сабақты жақсартар еді (сабақ беру мен оқытуды ескергенде)

1:

2:

Мен сабақтан топпен келесі сабақта менімен болатын жекелеген оқушылар туралы не білдім



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
1128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі