400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Бетпақдала" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіндіді қатесіз, мәнерлеп жүргізіп оқи алу. Мәтінде айтылған ойды анықтап, мәнін аша алу. Түсінікті жүйелі айта алу. Мақалдардың мәнін аша білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу



Тақырыбы: Бетпақдала

Мектеп: Мыңбұлақ ЖОМ

Күні:

Пән мұғалімі: Г.Кеңесбекқызы

Сыныбы: 3

Барлық оқушы: - 24

Қатыспағаны: -

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Мәтіндіді қатесіз, мәнерлеп жүргізіп оқи алу. Мәтінде айтылған ойды анықтап, мәнін аша алу. Түсінікті жүйелі айта алу. Мақалдардың мәнін аша білу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтінді қатесіз, жүргізіп оқи аламын.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтінде айтылған ойды түсініп, әңгімелей аламын.

Кейбір оқушылар:

Мақалдардың мәнін аша аламын.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Ел іші – алтын бесік.

Битке өкпелеп, тоныңды отқа жықпа.

Есті ханның қайғысы ақылменен басылар, есер ханның қайғысы ашу болып шашылар.

Жұт жеті ағайынды.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Ел іші – алтын бесік. Бұл сөз негізінен ел ішіндегі өнер адамдары мен көсем, шешен, батыр адамдарға байланысты айтылған.

Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа. Болмашы нәрсеге ренжіп, өзіңе және өзгелерге зияны тиетін нәрселерді жасауға болмайды.

Есті ханның қайғысы ақылменен басылар, есер ханның қайғысы ашу болып шашылар. Хан болсын қара болсы негізінен ашу қай кезде де адамға зиянын тигізері хақ. Ал ақылға келер болсақ, әр істі өз жөнімен ақылға сала отырып бір шешімін табуға болатындығы айтылады.

Жұт жеті ағайынды. Жұт дегеніміз елдің басына туатын қиын жағдай. Жеті ағайынды деп тұрғаны оның жеті түрі болады. Тасқын су, өрт, ашаршылық, қатты боран, аптап ыстық, індет, соғыс.

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Елдің басына осынша қиындықтың қайдан келгенін айта аласың ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Құмрсқа – құмырсқа. Бетбақдала - Бетпақдала

Алдыңғы оқу


Бетпақдалада мекендейтін қызыл кітапқа енген жануарды біледі. Бетпақдаланың шөл дала екенін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Ынтымақтастық атмосферасын орнату. «Мозайка» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтаймын және топқа біріктіремін. Төрт топқа төрт суреттің қиындыларын алғызамын. Сурет қиындыларын әр топ біріктіріп болғаннан кейін, сол суреттің артқы жағынан үй тапсырмасының сұрақтары шығады. Топқа біріккен оқушылар өздеріне берілген суреттің артынан шыққан сұрақтар бойынша үй тапырмасын айтып береді. Оқушыларды топқа біріктіріп болғаннан кейін, бүгінгі сабақты жақсы меңгеру үшін өз алдарына мақсат қойғызамын.

Ой қозғау: Тақтадан шөл даланың суретін көрсетемін. Тақтадағы көрініс туралы сұрақтар қоямын. 1. Мына суреттен қандай көріністі байқауға болады? 2. Бұл жердің табиғаты туралы не айтар едіңдер? 3. Біз өткен тақырыптардың қайсысында осындай шөлді, қуаң дала туралы айтылады? 4. Ақсақ киік өлеңіндегі шөлді дала қалай аталады? Олай болса бүгінгі сабақта Ақселеу Сейдімбек ағамыздың «Бетпақдала» туралы жазған әңгімесін өтеміз.














Интербелсенді тақта


Ортасы

Жаңа сабақ:

Ақселеу Сейдімбек – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданына қараты Атасу ауылында 1942 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген. Әкесі Сылан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен. Шығармалары – Ақиық, Қыр хикаялары, Тауға біткен жалбыз, Аққыз деген атпен Кенші, Серпер деген атпен жеке кітап болып шықты. Ол журналист болып жұмыс істеген. Ақселеу Астана қалалық студенттер мен жастар газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған. Бүгін осы Ақселеу Ағамыздың «Бетпақдала» атты әңгімесін өтеміз.

Бұл тақырыпты оқушыларға үйде танысып келіңдер деп тапсырғамын.

Үйде танысып келдіңдер ме осы тақырыппен?

- Осы мәтін бойынша құрылған жоспарды конверттерге салып дайындаймын. Әр топтың топ басшылары конвертті алып, тапсырманы топ мүшелерімен талқылайды.

1. Бетпақдаланың алғашқы көрінісі.

2. Ханға мінездеме бер.

3. Ханның ыстықтауы.

4. Жусанға өпкелеген хан жарлығы.

5. Ақылгөй қарияның ақылы.

6. Құрт-құмырсқа, бүйі-шаянның қаптауы.

7. Құрт-құмырсқаға ренжіген ханның жарлығы.

8. Құрт-құмырсқаны қырғаннан кейінгі табиғат құбылысы.

9. Адамзаттың табиғатқа жасаған қиянатынан кейінгі елдің жағдайы.

10. Осынша қиянаттан кейінгі ханның өлімі. Оқушылар өздеріне түскен жоспар бойынша мәтінді әңгімелеп шығады. Мәтінде кездескен мақалдарды дәптерлеріне жаздыртамын.

Дәптермен жұмыс:

Ел іші – алтын бесік.

Битке өкпелеп, тоныңды отқа жықпа.

Есті ханның қайғысы ақылменен басылар, есер ханның қайғысы ашу болып шашылар.

Жұт жеті ағайынды.

Сергіту сәті:

Постермен топтық жұмыс жасатамын. Бүгінгі жаңа тақырып бойынша төрт топқа жеке-жеке тапсырмалар беремін. 1-топқа Бетпақдаланың алғашқы көрінісін суреттеп салу. 2-топқа ханның мінезі мен іс әркетін суреттеп салу. 3-топқа табиғатқа жасалып жатқан қиянат туралы сурет салғызамын. 4-топқа Бетпақдаланың тозған кезіндегі соңғы көрінісін салғызамын. Постерді тақтаға іліп, әр топтан бір мүшеден шығып үлкен топтың алдында қорғайды. Төрт топ бір-бірінің жұмыстарын бағалап, кері байланыс береді.



Интербелсенді тақта















Конверт

















Дәптер









Постер

Маркер






Аяқталуы

«Ғажайып ұяшықтар» әдісі арқылы жаңа тақырыпты қорытындылау мақсатында төрт топқа ой толғау боларлықтай жеке-жеке сұрақ тастаймын. Бұл әдіс арқылы сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы оқушылар өзге сыныптастарының ойларын сұрау арқылы сын тұрғысынан ойлау логикасын ашуына қалыптасады.

1. Ханның іс әрекетіне баға бер.

2.Туған жеріңнің табиғатын көркейту үшін қандай үлес қосар едің?

3.Табиғаттағы тіршіліктің бір-бірімен байланысты екенін мәтінге сүйеніп әңгімелеп бер.

4. Боз жусанның қандай қасиеті бар екен?

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқы. «Табиғатқа қиянат – адамзатқа қиянат» атты тақырыпта шағын әңгіме жазу.

Бағалау: Оқушылардың сабақ барысында жинаған фэшкаларымен жиынтық бағасын шығарамын. Кері байланыс аламын.



Слайд














ББҮ кестесі

Қосымша ақпарат: Интернет көздерінен Ақселеу Сейдімбек туралы деректер алып көрсетемін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1186
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі