400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Білім еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Білім еліне саяхат.

Мақсат- міндеттері: 1. «1 Қыркүйек — Білім күні» екенін айту. Балаларға Білім әлемі туралы түсінік беру, білім алу мақсатында алғаш мектеп, бала — бақша табалдырығын аттаған балаларды Білім күнімен құттықтау.

  1. Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.

  2. Ұжымды достық қарым — қатынасқа тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, мектепте, балабақшада білім алып жатқан балалардың суреттері, слайдтар. 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

— Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір — біріміздің жүзімізді көреміз, бір — бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз. Бүгін — мереке. Еліміздің түкпір — түкпірінде білім күнін атап өтуде. Бүгінгі мерекелік көңіл күймен бір — бірімізге қуаныш сыйлайық.

— Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

— Балалар, бір — бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

— Жылылық, қуаныш, достық, т.б.

Тәрбиеші балаларға «Білім» еліне саяхатқа шығатындарын, алдарында қызықты тапсырмалар күтіп тұрғандығын айтады. Оқу іс — әрекеті барысында бірнеше аялдама болатындығын, әр аялдамада сұрақтарға жауап беретіндіктерін, тапсырмаларды орындайтындықтарын және дыбыстар мен әріптер, сандар жайлы мәліметтер алатындықтарын хабарлайды.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

1. «Білім әлемінде» аялдамасы.

Бұл аялдамада өлең — тақпақтар, жұмбақ — жаңылтпаш, ертегілер, қызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.

— Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады, болашақта көркем әдебиет арқылы қызықты әңгіме, ертегілерді оқып, өлең — тақпақ, жаңылтпаштар жаттайтындарын айтады.

2. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.

— Дыбысты айтамыз, естиміз.

— Әріп — дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.

— Балалар, әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан басталатынын айтыңдар.

— Менің атым — Дидар. Менің атым Д дыбысынан басталады.

«Дұрыс айт» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді. Сонан соң балалар бірнеше рет қайталайды.

1. Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А — а — а», — деп айтады.

2. Қыз бала: «А — а — а», — деп әндетеді.

3. Анасы сәбиін: «А — а — а — а», — деп әлдилейді.

Осындай жұмыстардан кейін болашақта сөз, сөйлем, буын, дыбыс, әріп ұғымдарын меңгеретіндігін айтып түсіндіру.

3. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық ұғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады.

1. Балалар онға дейін санайды.

2. Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.

3. Математикалық есеп шығарады. Мысалы:

Ағаш бұтағына 3 торғай қонып отыр. Бір торғай ұшып кеттi. Бұтақта неше торғай қалды? (Жауабы: 2 торғай қалды).

Математика арқылы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырып, бұл бағыттағы санау мен есеп шығару тәсілдерін игеруге бағытталатындығы айтылады.

— Балалар, «Білім» елі сендерге ұнады ма? «Білім — сарқылмас қазына» дейді. Өмірде тек білімді ғана емес, қайырымды, мейірімді болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп — өркендеуіне үлесін қосады.

Дәптермен жұмыс

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

а) Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім, қоңырау деген тірек сөздерді пайдаланып және жетекші сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру. Сурет бойынша қойылатын сұрақтар:

1. Балабақшада не үйрендіңдер?

2. Балалар мектепке не үшін барады?

3. Мектепте оқитын баланы кім деп атайды?

4. Мектепте қоңырау не үшін соғылады?

ә) Оқу құралдарымен таныстыру. Осыдан кейін дәптерлеріндегі сөмкеге қажетті оқу құралдарын сызықпен сызып көрсетеді.

б) Дәптерде берілген мақал — мәтелдің мағынасын түсіндіру, жаттату

Қорытынды

Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

Сабаққа белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады

 

 

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1803
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі