Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Білім керек бәріне" 3 сынып. Әдебиеттік оқу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ еңбек жолын жаңа бастаған ұстаздарға көмек болады деп ойлаймын. Сабақта көптеген әдіс - тәсілдер қолданылды. Ашық сабақ 3 сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен өткен Фариза Оңғарсынованың "Білім керек бәріне" сабағынан.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Пән: әдебиеттік оқу

Мектеп: О. Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ

Бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мұғалімнің аты-жөні: Омарова Гулим Сергазыевна

Күні:

Қатысқандар саны:

Сынып: 3

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Білім керек бәріне

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.1.2 – шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып,

түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан

бағалап оқу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын түсініп, оқи алады.

Көптеген оқушылар: негізгі ойды анықтап, қажетті ақпаратты тауып, белгілейді.

Кейбір оқушылар: шығарма бойынша сын тұрғысынан бағалай алады.

Оқу бағдарла-

масына сілтеме

2.1 Оқу түрлерін қолдану.

Тілдік мақсаттар

(Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады)


Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз: дүкеннен сатып алып және қалай төлейтінін түсіндіру

Пәнгетән лексика мен терминология:

Білімсіз, оқусыз, қараңғы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Адамға білім не үшін керек?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Білім – таусылмас қазына


Пәнаралық байланыстар

Дүниетану. Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Ә. Табылды. «Аман мен телефон», Е. Ашықбаев. «Ғаламтор туралы»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет


Ресурстр

Сабақтың басы


































































































































































































Қызығушылықты ояту.

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Ойсергек:

Армысың досым,

Кел, маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды)

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық шашайық (айналады).

Қолымызды көтеріп, күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

«Суретті домино» әдісі

1 топ: Өлеңді «Шынжыр» әдісі бойынша тізбектеп жатқа сұрау( жатқа айтқан әр балаға білім туралы мақал беріледі)

2 топ: Ғаламтордың пайдасы қандай? (тапсырманы орындап болған соң, сурет құрастырады. Кітаптың суреті шығады)

3 топ: Ғаламтордың зияны қандай? (тапсырманы орындап болған соң, сурет құрастырады. Мектептің суреті шығады)


Осы суреттер арқылы сабақтың тақырыбын шығарып алу.Сабақтың тақырыбын айту. Мақсатын айқындау.

Ой қозғау

- Біз мектепке не үшін келеміз?

- Біздің мектепте қандай жаңалықтар болып жатыр?

( «Рухани жаңғыру» аясында мектебіміздегі музей жаңартылды, тарих кабинетіне Батиха ұстаздың есімі берілді т.б.)

- Олай болса, бізде мектебімізге өз үлесімізді қосайық.Ол үшін бүгінгі сабақта тапсырмаларды дұрыс орындап, мектебіміз туралы мағлұматтар алып отырамыз.

Тыңдалым. Өлеңді тыңда. «Білім керек бәріне».

Автормен танысу айдары. Ф. Оңғарсынова туралы видео көрсетіледі. «Серпілген доп» арқылы оқушылар ақын туралы көрген деректі фильмнен ой бөліседі.

( Оразалы Жұмабеков туралы ақпарат беріледі)

Оқылым.

1 топ: Шумақтап, мәнерлеп оқу.

2 топ: Тізбектей оқу.

3 топ: Әндетіп оқу

( Далбай Ізтөлеуов атындағы музей туралы ақпарат айтылады)

Сергіту сәті:

Қолдану.

Топтық жұмыс. «Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі

І топ: Өлеңге сүйеніп, «Адамға білім не үшін керек?» деген сұраққа жауап беріңдер.

ІІ топ: Бес жолды өлең құрастыр

ІІІ топ: «Ассоциация» әдісін пайдаланып, «Білім керек бәріне» өлеңін жаттап ал.


Білім керек бәріне

Өлеңдегі сөздерге ассоциациялық суреттер

Корабльді басқарып,

Көк жүзіне самғасам.


Тауды бұзып, тас жарып,

Мұхиттарды жалғасам.


Таңдандырар бар елді

Ғажап үйлер сала алсам...


Жасартатын әжемді

Дәрі де ойлап таба

алсам...


Сырлары көп ғылымның

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне!

Фариза Оңғарсынова



Жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас,бөліс» әдісі. Жұптастыру. ҚБ ретінде дәптердегі тапсырмаларды орындау.

( Батиха Жахмағанбетова ұстаздың атынан ашылған тарих кабинеті туралы әңгімеленеді)

Жазылым. «1 минуттағы ой»

8-тапсырма. Әр бағанға 5 сөзден жаз.

Жарық

Қараңғы









































Мақал-мәтелдер

жинағы



Қима суреттер



































Үнтаспа



Авторлардың портреті













Кесте







































































Түрлі түсті қағаздар

Кесте

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы. 7-тапсырма. Өлеңді жаттап ал.

Кері байланыс. Ауызша.

Рефлексия. Еркін микрофон





Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар әңгімені өз бетінше құрастыра алады.



Бағалау әр оқушының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мен сабақтың әр кезеңінде оқушылардың өздерін бағалауға мүмкіндік бердім. Бас бармақ, бағдаршам түстері арқылы әр топ бір – бірлерін бағалады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
8656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12