жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Білімділер әлемі" жаратылыстану
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным, Қатынас.
Бөлімі: Жаратылыстану, тіл дамыту,музыка
Мақсаты: Күз мезгілі , көкөністер мен жемістер туралы алған білімдерін бекіту. Мнемокесте арқылы күз мезгіліне тән өзгерістерді әңгімелеу. жеміс не көкөніс екенін айту, нысандарды салыстыруға қызығушылықтарын дамыту. Дидактикалық ойындар арқылы жемістер мен көкөністерді ажырату. Табиғатқа қамқор болуға, көмек беруге, бір-бірін сыйлауға тəрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ, жауап, ойындар, әңгіме құрау, жұмбақ жасыру.
Керекті құрал-жабдықтар: слайд, суреттер, карточкалар, көкөністер мен жемістер, буратино, кілт, паравоз .
Сөздік жұмыс: көкөністер.
Билингвальды компонент: Күз -осень, көкөністер-овощи, жемістер-фрукты.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қзғаушылық |
Шаттық шеңбері: Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! -Балалар, бізге бүгін көп қонақтар келіпті, қәне қонақтармен амандасайық. Ғажайып сәт: -Сәлеметсіңдерме балалар! -Сәлеметсіңбе! Буратино. Буратино: Балалар, мен кеше «Білімділер әлеміне» өзімнің алтын кілтімнің көмегімен кіріп білім алдым. Содан қайтадан шыққан кезімде кілтімді ұмытып кеттіппін. Ал енді кіріп алайын десем қақпа ашылмайды. Қақпа ашылу үшін мен көптеген тапсырмаларды орындауым керек екен. Бұл тапсырмаларды мен орындай алмаймын. Сендерден көмек сұрап келдім. - Буратиноға көмектесеміз бе? -Ендеше, саяхатқа шығайық.Балалар саяхат кезінде бір - бірімізді сыйлап, тыңдауымыз керек. Балалар қане енді паровозға мініп, жолға шығайық. |
Өлең жолдарын айтады. -Сәлеметсіздер ме! -Здарствуйте! Балалар Буратиноны мұқият тыңдап отырады. -Иә. |
|
Ұйымдастырушы лық- ізденістік |
Қимылды
ойын: «Поезд» -Міне біз білімділер әлеміне де жеттік. -Ал тапсырмаларды орындауға дайынсындар ма? - Бұлттар төңіп, жерге төгіп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, Өңі тайып. Дала сұры қашады, Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? -Күз мезгілінің айларын атайықшы? Слайдпен жұмыс: Слайдтан күз мезгілінің мнемокестесі шығады. Балалалар сол арқылы күз мезгілі туралы әңгімелейді. Билингвальды компонент: күз-осень. Дидактикалық ойын: «Бақта ма, бақшада ма?» жеміс не көкөніс екенін ажыратып тиісті орнына орналастыру керек. Билингвальды компонент: көкөніс-овощи, жеміс-фрукты. Буратино: Балалар мен шаршадым. -Буратино шаршаған екен бір сергіп алайық. Сергіту сәті: Буратино әніне сергіту сәтін жасау. Дидактикалық ойын: «Не артық?» Слайдтан сурет шығады. 1.Лимон, жүгері, жүзім, өрік. 2.Алма, алмұрт, пияз, апельсин. 3.Лимон, бұрыш, картоп, жүгері. 4.Алхоры, өрік, орамжапырақ, банан. Өзекті сұрақ: - Көкөністер мен жемістердің қандай пайдасы бар? -Оларды жемес бұрын не істеу қажет? -Адамадар қыста сақтау үшін жемістер мен көкөністерден қандай тағамдарды дайындайды? Педагог əліппе-дəптерде нұсқалардың көмегімен сусынды неден қайнататынын, қызыл көжені неден жасайтынын нұсқап көрсетуді ұсынады. Миға шабуыл: «Сабағы мен тамыры». Жердің астында өсетін көкөкністі айтсам қолды төмен түсіреміз, ал жердің бетінде өсетін көкөніс болса қолды жоғары көтереміз. Буратино: Қақпа ашылды, міне менің кілтім. Рахмет сендерге балалар, сендер өте ақылды, білімді екенсіндер. -Ал, енді Буратино бізге қайту керек. Буратино: Сауболыңдар! Поездбен балабақшаға оралу. |
Балалар қатарға тұрып поезд болады. -Иә. «Күз» -Қыркүйек, қазан, қараша Билингвальды компонент: күз-осень. Балалар тапсырманы орындайды. Билингвальды компонент: көкөніс-овощи, жеміс-фрукты. Буратино әніне сергіту жаттығуын жасайды. Балалар не артық ойынын ойнайды. - Олардың құрамында көп дәрумендер бар. Олар біздің денсаулығымызға пайдалы. -Жуып жеу керек. Адамдар салат жасайды, қызанақ пен қияр тұздайды, тағамдар дайындайды, сусын, тосап қайнатады деген қорытындыға келеді. Педагогті мұқият тыңдап ойынды қызыға ойнайды. Қызылша, қияр,пияз,қызанақ,бұрыш, шалғам, картоп,сарымсақ. Балалар қуанады. -Саубол, Буратино. |
|
Рефлексиялық- түзетушілік |
-Балалар, біз қайда бардық? -Қандай тапсырмалар орындадық? -Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерінді мына сары, тоқ сары түсті жапырақтарды таңдау арқылы көрсетіндер. Сары түс көңіл-күйім жақсы. Тоқ сары түс көңіл-күйім нашар. -Ал, балалар қонақтармен қоштасайық. |
-Білімділер әлеміне. Қандай тапсырмалар орындағандарын айтады. Көңіл-күйлерін жапырақтарды таңдау арқылы көрсетеді. -Сауболыныздар! -Досвидания! |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: күз мезгілі туралы, көкөністер мен жемістер туралы біледі.
Түсінеді: олардың пайдасын, көмек көрсетуді, бірі-бірін сыйлауды, тазалықты.
Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алған дағдыларды.
«Георгиевка орта мектебі»КММ
АШЫҚ САБАҚ
пәні:Жаратылыстану
Тақырыбы: «Білімділер әлемі»
Өткізген: Ж. З.Бейсембинова
2019-2020 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген