400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Білімге құштарлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
білім туралы түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп:

Мұғалім: Сынып: 2

Оқушы саны: 12

Тақырып: «Білімге құштарлық»

Құндылық: ақиқат

Қасиет : ұқыптылық, ізденімпаздық

Мақсаты :

Білімнің,оқудың қажеттілігін айта отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Зеректік қасиетінің мәнін аша отырып, оқудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;


Оқушылырдың оқуға қызығушылығын арттыра отырып, іздемпаздық қасиетін дамыту;


Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу;


Ресурстар

Интерактивті тақта,видио, оқулық,дәптер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушылырдың сабаққа дайындығын анықтау) «5Т» бойынша зейіндерін сабаққа аудару

Тәртіп болса, талап болады, онда өзіңде тынышытық болады, тыныштық болса тазалық болады, тазалық болған жерде татулық болады.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтағы 18 беттегі «Қазына»  әңгімесі . Ел аузынан

Талқылынуға арналған сұрақтар:

  • 1. Бұқар жырау неліктен «Қазына білімдінің басында»деп айтты?

  • 2. Білімді адамда қандай қасиеттер болғанда қазынаға айналады?

  • 3Өмірде біліміңіді пайдаланып дұрыс жол тапқан кездерінді айтып беріңдер?

Оқушылардың пікірін тыңдау.

Дәйексөз : «Білім өмір шырағы»

Халық даналығы

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Білім алу қызығушылық, еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді. Білім адам игілігіне қызмет етеді


Мұғалім сыйы: Кітаптар мұңы .(Мысал)

Т.Дәуренбеков

Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады.Есік қайта жабылуы мұң екен , шеткерірек түскен бірі басын көтеріп алды. « Қайда келдім? » , дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да,жанында жатқан көршісін түртті. Ол қозғала қоймап еді, жұлқып –жұлқып қалды.

-Ей,тұрсаңшы!Қайда келдік?Тірімісің өзің?!

-Ойбай, мазамды алма.Бүйткен тірлігі құрысын!Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып, желмен ұшып кеткені жақсы еді.

-Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет.Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап щықтық, басыңды көтер. Жөн сұрасайық ,кімсің өзің?Сыртың бүп-бүтін ғой.

-Сыртымды қайтесің ?!-дейді анау жер таяна әрең тұрып.-Сыртым бүтін болғанымен, ішім түтін .Ана тілі оқулығымын . Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңщі! Баспа қызметкерлері әрбір әріпімді жекелей теріп,көз майын тауыспап па еді?Сонда кім үшін? Балалар оқысын , сауатын ашсын , адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі .Мен де ,қолымнан келгенше , өз бойымдағы білімімді беріп,балаларды адамгершілік,парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым.Сөйткен күнім не болды?Сорым қайнағанда ,Адырбай деген баланың қолына түсіп,бір жыл болмай мынадай күйге ұшырадым .Егер күтіп ұстаса келер жылы мені екінші бір бала оқымас па еді?Қайтейін ,өткен күнім есіме түссе, сай-сүйегім сырқырайды .Іші –бауырымнан сау жерім қалмады,жыртылмаған,шималанбаған,сия тамбаған парағым кемде кем.

-Біздің де онып тұрған жеріміз жоқ,әріптесім.Ендеше мұндас болдық. Мен «Ерте дүние тарихы » оқулығы боламын,-дейді бірінші кітап . дүкенгк түсісімен,Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып,мектеп босағасын аттағаныма қуанып едім. Оным көпке бармады.Бірнеше күн Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып,суретімді сиямен бастырып бастырып сызып тастады.Онан,көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті кейбір беттерімді жыртып алатынды шығарды.Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп тепкілеп сілкіпемді шығарды,тастап кетті.

-Әріптестер ,қанша айтқанмен «Ана тілімін»ғой. Менің айтқаныма құлақ асындар. Бұл жерде тек кішентайлар емес,жоғарғы сынып оқушыларды да кінәлуы- ау!

-Дұрыс айтасың, «Ана тілі»,-дейді қара көлеңкелеу жерде жатқан бір кітап. Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда ,қой демеді ғой үлкен ағасы. Сондағы сылтауы: «Оқу жылы аяқталды....»

-Бірақ,-дейді «Ана тілі» сөзін қайта жалғап,-шындығын айтқанда,әркім өз дүниесіне ұқыпты болу керек қой. Ондай балалар жоқта емес бар. Бар емес -ау,көп. Алайда олардың бір кемшілігі: Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуміз дүкенге бірге түстік. Қызық болғанда.сыныпта да парталас болдық,міне,оқушы деп соның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең арманың болмас,шіркін!Кітабына шық жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін,парағын қайырып бүктемейді. Қағаз салып қояды. Сызбайды,сия тамызбайды. Оның «Ана тілі»кітабы қыстан су жаңа күйінде шықты.

-Енді бізді не істер екен?-дейді бір кітап.

- Әлде,жинап жинап,отқа тамыздық етер ме екен?

От деген сөзден бәрі селк ете түсті. Бір сәтке үндері шықпай,іштен тыңды.

-Мүмкін ,бір кәдеге жаратар. Түптер,-дейді «Ерте дүние тарихы »сәлден соң басу айтып.

-Түптер!-дейді оны кекетіп әлгі кітап.

-Түптесе сені түптер. Ал түптеуге келмейтін тұттай жалаңаш бізді қайтеді?Көрмеймісің,көзге түсуге де ұялып,бір түкпірде бұқпалап отырғанымды.

-Пысықтығыңа қарағанда «Есеп кітабы»боларсың,-дейді оған «Ана тілі». Дұрыс айтасың. Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәрімізде жарымжанбыз.

-Әріптестерім,отқа тамыздық қылады деп ұжырғыларың түспаесін,-дейді «Ерте дүние тарихы»жұбата сөйлеп.

-Мен тарихты білсем,бізді фабрикада жуып,тазартып,сиямыздан, бояумыздан арылтып,баяғыдай ақ қағаз жасап,баспаханаларға жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деңдер.

-Соны айтсаңшы,-дейді бәрі бірдей жамырап.

Оқушыларға сұрақ қою:

-Жалпы әңгіме не туралы

-Кітаптар бір-бірімен не туралы әңгімелесті?

-Бұл әңгімеде қандай балалар бейнеленген?

-Балалар кітапты қалай ұстауымыз керек?

-Сендер өз кітаптарынды қалай ұстайсындар?

Шығармашылық іс-әрекет:

1 топ: Суретке назар аударыңдар.Рухани бай,білімді болу үшін өздеріңә қажетті қасиеттерді таңдап,себебін айтындар.

2 топ:Берілген кітаптардың қайсысын таңдар едіңдер?Неліктен?

Топпен ән айту: «Мұғалім-ол біздің»

Сөзін жазған: Мұзафар Әлімбаев

Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев


Білімнің кілтіндей

Әліппе ұстатқан.

Оқуға іркілмей,

Тоқуға ұстартқан

Қайырмасы:

Қамқоры ұл-қыздың,

Мұғалім –ол –біздің!

Қамқоры ұл –қыздың,

Мұғалім ол біздің!

Қиынға төзуге,

Үйреткен қашан да.

Жаманнан безуге,

Жақсылық жасауға.

Үй тапсырмасы: Оқулықтағы 20 беттегі Ж.Жайлаубекқызы«Бізге сабақ болған бата…» әңгімесін оқып келу.

Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қойылады.

         Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
706
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі