жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Бір-бірімізге көмектесеміз
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: № 50 ЖОББМ
Мерзiм: ____________
Тақырып: «Бір – бірімізге көмектесеміз»
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: ақпейілділік, қайырымдылық, жомарттық.
Мұғалiм: Мырзағали А.Ж
Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты: оқушыларға көмек, көмектесу туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: оқушыларға көмек, көмектесу ұғымдарының мәнін ұғындыру арқылы ақпейілділік қасиеті туралы түсінік беру; Дамытушылық: оқушыларды айналасындағыларға жанашырлыққа үйрете отырып, қайырымдылық қасиетін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды ақпейілділікке, қайырымдылыққа, жомарттыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) оқулық, дәптер, ән мәтіні |
Сабақ барысы:
Су асты патшалығына ойша саяхат. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
|
Сабақ барысын талдау: |
Василий Сухомлинскийдің «Жай бір адам» әңгімесін үйдегі үлкендердің көмегімен оқып, танысып келу. Талқылауға арналған сұрақтар: -Балаларға көмегің тиген жағдайда қандай сезімге бөленесіздер? Неліктен? -Өзгелер сізге көмектескенде не сезінесіздер? |
|
«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің» Халық нақылы Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|
Аю мен тышқан (латын ертегісі) Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп,аюдың құлағына кіріп кетеді. Аю шошып оянып, құлағын баса қояды. -Менің құлағым- сенің інің деп пе едің?-деп ақырады. –Өзіңді жақсылап сабайын ба? -Сабамашы. Менде бір керегіңе жарармын. -Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің-деп күледі аю. Дегенмен босатып жібереді. Күндердің бір күнінде аңшылар аюды ормандағы үлкен ағаштың діңіне арқанмен байлап кетеді. Аю көмек сұрап айқайлайды. Тышқан өтіп бара жатып, дауысты естіп барады. Ол аюды көреді. Сосын аюға жақындап, арқанды кеміріп, үзе бастайды. Арқан үзіліп, аю бостандыққа шығады. Аю мен тышқан дос болып кетеді. Талқылауға арналған сұрақтар: -Аю мен тышқанның бойынан қандай қасиеттерді көруге болады? -Қайырымдылық, жақсылық жасау деген не? -Күнделікті өмірде өздеріңнің қайырымдылық, жақсылық жасаған кездерің болды ма? -Адамға шыншыл болу қиын ба?
|
|
Тақырыпқа сай суреттер таратылып береді, оқушылар соны бояп, мағынасын түсіндіреді. |
|
Бала тілегі Сөзі С.Молдасанұлынікі Әні Ф.Лұқпанованікі
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер, Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2-рет)
Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік – ұлан-байтақ елімде, Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2-рет)
Қалықтаған көгершіні көгінде, Мұңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсің, Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2-рет)
|
|
«Бір – бірімізге көмектесеміз» тақырыбында сурет салу. |
|
Тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген