400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бір-бірімізге көмектесеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары шығармашылық тұрғыда құрастырылған. Мұғалімдерге көмегі оразан зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: № 50 ЖОББМ

Мерзiм: ____________

Тақырып: «Бір – бірімізге көмектесеміз»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ақпейілділік, қайырымдылық, жомарттық.

Мұғалiм: Мырзағали А.Ж

Класс: 1 «В»

Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: оқушыларға көмек, көмектесу туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға көмек, көмектесу ұғымдарының мәнін ұғындыру арқылы ақпейілділік қасиеті туралы түсінік беру;

Дамытушылық: оқушыларды айналасындағыларға жанашырлыққа үйрете отырып, қайырымдылық қасиетін дамыту;

Тәрбиелік:  оқушыларды ақпейілділікке, қайырымдылыққа, жомарттыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

оқулық, дәптер, ән мәтіні

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

  • Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңдар?

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Василий Сухомлинскийдің «Жай бір адам» әңгімесін үйдегі үлкендердің көмегімен оқып, танысып келу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Балаларға көмегің тиген жағдайда қандай сезімге бөленесіздер? Неліктен?

-Өзгелер сізге көмектескенде не сезінесіздер?


  1. Дәйек сөз.

«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің» 

Халық нақылы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Айналасындағыларға қалай қуаныш сыйлауға болады деп ойлайсыздар?

  • Әрқашан риясызжақсыық жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер болады?


  1. Әңгімелеу.

Аю мен тышқан (латын ертегісі)

Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп,аюдың құлағына кіріп кетеді. Аю шошып оянып, құлағын баса қояды.

-Менің құлағым- сенің інің деп пе едің?-деп ақырады. –Өзіңді жақсылап сабайын ба?

-Сабамашы. Менде бір керегіңе жарармын.

-Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің-деп күледі аю. Дегенмен босатып жібереді. Күндердің бір күнінде аңшылар аюды ормандағы үлкен ағаштың діңіне арқанмен байлап кетеді. Аю көмек сұрап айқайлайды. Тышқан өтіп бара жатып, дауысты естіп барады. Ол аюды көреді. Сосын аюға жақындап, арқанды кеміріп, үзе бастайды. Арқан үзіліп, аю бостандыққа шығады. Аю мен тышқан дос болып кетеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Аю мен тышқанның бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

-Қайырымдылық, жақсылық жасау деген не?

-Күнделікті өмірде өздеріңнің қайырымдылық, жақсылық жасаған кездерің болды ма?

-Адамға шыншыл болу қиын ба?



  1. Шығармашылық, топтық жұмыс

Тақырыпқа сай суреттер таратылып береді, оқушылар соны бояп, мағынасын түсіндіреді.


  1. Топпен ән айту.

Бала тілегі

Сөзі С.Молдасанұлынікі

Әні Ф.Лұқпанованікі

 

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2-рет)

 

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2-рет)

 

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсің,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2-рет)




  1. Үй тапсырмасы.

«Бір – бірімізге көмектесеміз» тақырыбында сурет салу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі