400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Бір шаңырақ астында" Н.Айтов

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлең сөздерін эмоциялы түрде жатқа йтуға дағдыландыру. Белсенді сөздік қорларын дамыту. Бірлікке татулыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің жоспары

Өткізілу күні: 03.05.2018

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында» Н.Айтов

Мақсаты: «Достық» , «ынтымақ» сөздерінің маңызын түсіну, өлең шумағын жаттай білуге үйрену

Міндеттері: Өлең сөздерін эмоциялы түрде жатқа йтуға дағдыландыру. Белсенді сөздік қорларын дамыту. Бірлікке татулыққа тәрбиелеу.

Құралдар: достық пен ынтымақты бейнеленген суреттер

Әдістер мен тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті.

Сөздік жұмыс: шаңырақ

Билингвальды компонент: достық-дружба.

Күтілетін нәтиже:

Өндіреді: ҚР көп ұлтты халық;

Түсінеді: татулық, достық, ынтымақ сөздерінің мағынасын;

Қолданады: бір шаңырақ астында тұрып жатырмыз.

Өткізілу барысы:

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Балалар шаттық шеңбердің бойында тұрып,сәлемдесіп алайық. 
Арайлап таң атты, 
Алтын сәуле таратты. 
Жарқылдайды қаламыз, 
Жарқылдайды даламыз. 
Қайырлы таң қонақтар, 
Қайырлы таң достарым




Негізгі бөлім

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бір шаңырақ астында» 
- Менің қолымда не көріп тұрсыңдар бұл не?

-Дұрыс айтасыңдар.Біз сендермен бір шаңырақ астында тұрып жатырмыз.

-Балалар біз қандай Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасының-мемлекеттік тілі, ұлттық киімдері,тағамдары,салт-дәстүрлері,ойындары бар.

-Сендер Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?

- -Бәріміз бірге еліміздің Әнұранын орындайық (Әнұран)

Балалар: "Бір шаңырақ астында" тұрамыз біздің Отанымыз қалай аталады?

Еліміздің ел басшысы кім?

Есік қағылады:қонаққа қуыршақ Гаухар келеді. 
-Сәлеметсіңдер ме,балалар,қонақтар!

- Балалар ,қалдарың қалай?

-Балалар, мен сендерге жай келген жоқпын.Бүгін сендерге бір сиқырым бар. Менің әжем бар, мен әжеме менің достарым бар, біз "Бір шаңырақ астында" тату-тәтті тұратынымызды қазақша сөйлейтіндеріңді әжеме айтқам,әжем қуанып сендерді көргісі келіп,сендерді қонаққа шақырып жатыр.-Мен сендерге билет дайындап қойдым,бірақ менің шартым бар.Сендер келмей тұрғанда мен мына киіз үйдің алдына билеттерге тап-сырма жазып қойдым.Осы билеттердегі тап-сырманы орындап билеттерді алыңдар да әжеме пойызбен аттаныңдар. Гаухар тақтадағы киіз үйдің суретін көрсетеді.

-Ал,жарайды сау болыңдар,мені басқа балалар тосып қалды.

-Балалар,әжеге қонаққа барғыларың келеме?

Қазақтың ұлттық ойындарын аттаңдар

Балалар қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?("ханталапай","қыз қуу","күміс алу","арқан тартыс")

Өте жақсы тағы да тапсырманы орындап билет алдық. 
Сергіту сәті:музыка әуенмен ойнау

Дөңгелене тұрамыз

Керегені құрамыз 
Уық болып керіліп 
Шаңыраққа киіліп 
Киіз үйді құрамыз 

Алаңда ұлттық ойын "Ханталапай"






-Киіз үй







Ту,елтаңба,әнұран.








-Сәлем,қуыршақ Гауһар

-Жақсы. 


Қазақстан Республикасында



Біздің Отанымыз-Қазақстан.

Ел басшымыз: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев











-Сау бол,қуыршақ Гауһар

-Ия




Қорытынды бөлім

- Балалар,сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Өте жақсы балалар, осымен сабағымыз аяқталды мына бауырсақты топқа апарып жеңдер.

-Сау болыңдар, балалар!

-Ұнады 



-Сау болыңыз





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
10588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі