Сабақта қосу амалы ұғымын екі жиынның бірігуі
түрінде бекіту қажет. Егер бір топтың элементтеріне басқа топтың
элементін қосса, онда екі топтың да элементтері бар жаңа топ пайда
болады. (3 + 2 = 5). Азайту амалы қосуға кері амал ретінде
таныстырылады. (3 + 2 = 5, 5 – 2 = 3, 5 – 3 = 2). Тағы да сол
сияқты санның құрамын, қо-су, азайту компоненттерін үйрету
қарастырылады.
Сабақтың басында 10 көлеміндегі сандар құра-мын
қайталатыңыз. Ол үшін мынадай ойын ұйым-дастырыңыз. Оқушыларды екі
тең топқа бөліңіз. Екі топтан да дөңгелек құрастырыңыз (біріншісі
екіншісінің ішінде болатындай). Ішкі топтағы оқушы-ларға мына 6 = 4
+ 2 түрдегі парақшалар таратып беріңіз. Бірінші дөңгелектің әрбір
оқушысына қарсыекінші топтың оқушысы тұру
керек. Сыртқы дөңге-лектің бірінші оқушысы 6 минус ол тең 4 деп
бастауы тиіс және екінші оқушы бастаған сөйлемді 2 деп аяқтайды.
Осыдан кейін, екінші оқушы сұраққа жауап берген соң, бір қадам
басқа жаққа қарай жылжиды да, ішкі дөңгелектегі басқа оқушының
қарсысына тұрады және алдыңғы іс-әрекет қайталанады. Егер уақыт
жететін болса, оқушыларды дөңгелектегі орындарымен ауыстырып,
ойынды қайталатыңыз.
Осыдан кейін жұмысты
жұппен ұйымдастырыңыз. Әрбір оқушыға қарындаштар қорабынан бестен
артық емес қарындаш алуды сұраңыз. Жұптарға барлық алынған
қарындаштарды қосуды ұсыныңыз. Оқушылардан оларда барлығы неше
қарындаш болғанын сұраңыз. Көршісінде неше қарындаш болған? Олар не
істеді? (біріктірді, қосты.) Ма-тематикада бұл іс-әрекетті “қосу”
деп атайды. Содан кейін оларда қанша қарындаш болғанын сұра-ңыз.
(Қосуға берілген кез келген мысалды тақтада көрсетіңіз.) Енді осы
қарындаштардан екеуін алу-ды ұсыныңыз. Неше қарындаш болғанын
сұраңыз. Нешеуін алды? Математикада бұл іс-әрекетті “азайту” деп
атайды. Оларда енді қанша қалғанын сұраңыз. (Азайтуға берілген кез
келген мысалды тақтада жазып көрсетіңіз.) Қосу және азайту
амалдарын орындау барысында мысалдардағы сандар орналасуына қарай
әртүрлі аталатынын айтыңыз. Амал компоненттерінің атауларын
қол-даныңыз. Терминдердің атауын оқушылардың бір сабақта есте
сақтауы міндетті емес. Келесі сабақтарда бұл терминдерді қолданып
отырыңыз және біртіндеп оқушыларды да мысалдардың ше-шуін түсіндіру
кезінде компоненттерді атауымен атауға ынталандырып отырыңыз.
Осылайша олар амал компоненттерінің атауын күнделікті қайталау
арқылы естеріне сақтайтын болады.
|
Қосып көр. Жұмысты жұппен
ұйымдастырыңыз. Оқушыларға бірінші суретке қарауды сұраңыз. Неше
сары балапан бар? Неше қара балапан? Қосуға қандай мысал
құрастыруға болады? Басқа суреттермен осылайша жұмыс
жасатыңыз.
Жауабы:
а) 4 + 2 = 6; ә) 5 + 3 = 8; б)
4 + 5 = 9.
Азайтып көр. Оқушыларға топпен
жұмыс жасауды ұсыныңыз және азайтуға мысалдар шы-ғартыңыз.
Жауаптарын парақтарға жазуды сұраңыз. Ауызша есептеуге қиналған
оқушыға қарындаш-тарды санау таяқшасы ретінде қолдануды ұсыныңыз.
Содан кейін топтағы бір оқушыға мысалдардың жауаптарын дауыстап
айтуды сұраңыз, ал қалған оқушыларға өздерінің жауаптарын естіген
жа-уаптармен салыстырып тексеруді ұсыныңыз. Оқу-шыларға суретке
сәйкес келетін мысалдарды таң-дауға уақыт беріңіз. Олардан неге осы
мысалды таңдағандарын түсіндіріп беруін
сұраңыз.
Жауабы:
8 – 3 = 5, 7 – 5 = 2, 6 – 4 =
2, 7 – 2 = 5 суретке арналған мысалдар.
Орындап көр. Оқушыларға
ауыспалы жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Себебі олардың қосуға
берілген мысалдың негізінде құрастырылған азай-туға арналған
мысалды бірнеше рет орындап шығуға мүмкіндігі болу үшін жұмысты осы
түрде ұйымдастырған тиімді болады.
Жауабы:
6 + 3 = 9, 7 + 3 =
10,
9 – 6 = 3, 10 – 7 =
3,
9 – 3 = 6, 10 – 3 =
7.
Шығарып көр. Жұмысты топпен
ұйымдасты-рыңыз. Сурет бойынша тапсырма құрастыртып, оны беттерге
жазғызыңыз. Одан кейін топтарға өзара тексеру жасау үшін,
шешімдерін бір-бірімен алмастыруды
ұсыныңыз.
Жауабы:
3 + 4 =
7.
|
Тақтаға сандардың орнына бос торкөздер қойылған
қосу амалына берілген мысалды орна-ластырыңыз. Бос торкөздерге
әртүрлі сандарды кезекпен қойып, мысалдың шешуін табуды, содан
кейін оны оқуды ұсыныңыз. Осы сияқты азайту амалымен де жұмыс
жүргізуге болады. Сандарды қосу және азайту кезінде компоненттердің
ат-тарын оқушылармен бірге қайталаңыз. Тірек сөз-дер жазылған
пар
|
Түсіп қалған
сандарды қой. Берілген
тапсырмасанның құрамы туралы білім негізінде орындалады. Бірінші
тапсырма орындау үлгісі болу үшін бүкіл сыныппен бірге орындатыңыз.
Одан кейін қалғанын өз беттерінше орындауға беріңіз. Орындап болған
соң, тапсырманың орындалу үлгісін тақтаға шығарып, өздеріне
тексеруді ұсыныңыз. Алынған мысалдардың қайсысын артық деуге
болатынын сұраңыз. Неліктен? (9 – 6 = 3, қалған мысалдардың жауабы
5-ке тең).
Жауабы:
9 – 6 = 3, 8 –
3 = 5, 10 – 5 = 5, 7 – 2 = 5.
|
Бағалау
|
Оқушылар сабақтың соңында
мыналарды мең-гереді:
қосу амалы туралы
біледі;
азайту амалы туралы
біледі;
сөйлеу барысында қосу және
азайту компо-ненттерін қолданады.
Оқушылардың алған білімдері
мен дағдыларын
тексеру үшін мына сұрақтарды
қойыңыз:
— Қосу амалында сандар қалай
аталады?
— Азайту амалында сандар қалай
аталады?
— Қосуға кез келген мысал
айтыңыз. Осы мысал-ға азайтумен шығатын екі мысал
құрастыр.
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі
“Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс
өткізіңіз.
|