400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Бірге еңбек етеміз. Мамандықтар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ашық сабақ. Ортаңғы топ. Тақырып : Бірге еңбек етеміз, тақырыпша : Мамандықтар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оку әрекетінің технологиялық картасы

17 ақпан 2017 жыл

Технологическая карта ОУД

17 февраля 2017 года


Педагогтің аты- жөні : Абилдина А.К.

Топ/Группа:2 кіші «Г»

Облысы/Область: коммуникация

Бөлімшесі/Подобласть:қазақ тілі

Тақырыбы/Тема: «Бірге еңбек етеміз»

Тақырыпша: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты/Цель: балаларды қазақ тілінде мамандық атауларымен таныстыру.Дәрігер,сатушы,шаштараз сөздерін есте сақтауына жағдай жасау.

Білімділік/Образовательная : мамандық түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық/Развивающая:  ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайтып, тілін дамыту;

Тәрбиелілік/Воспитательная: еңбекқор болуға, ұқыптылыққа, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу;

Жабдық / Ресурсы :қуыршақтар ,таратпа қағаздар,кеспе қағаздар,ойыншықтар,сандықша,аудиотаспа,ілме қағаздар.

Сөздік жұмысы/Словарная работа:

Билингвальный компонент: мамандық-профессия,

дәрігер-доктор,врач,сатушы-продавец,шаштараз-парикмахер.


Педагогтің іс-әрекеті

Действия педагога

Балалардың іс-әрекеті

Деятельность детей

Іс-әрекет кезендері / Этапы деятельности

Мотивациялық-қозғаушы/ Мотивационно-побудительный

Балалармен сәлемдесу.

Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу.


Енді балалар бір – бірімізге қарама – қарсы тұрып, бір – бірімізге қуаныш сыйлайықшы

Балалар сәлемдеседі.


Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де .

Қуанайық достарым ,

Арайлап атқан күнге.

Іс-әрекет кезендері / Этапы деятельности

Іздену-ұйымдастырушы/Организационно-поисковый

Тосын сәт. Жедел жәрдем дыбысы шығады.

-Ой ,балалар, бұл ненің дыбысы екен?

Дұрыс айтасыңдар! Ал,ол жерде кімдер жұмыс істейді?

-Дұрыс айтасыңдар,дәрігер.

Осы кезде дәрігер қуыршақ шығады.

-Балалар,мен және менің достарым сендерге бүгін қонаққа келдік. Менің достарым шашатараз және сатушы.

-Балалар,сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз «Мамандықтар». Сатушы,шаштараз,дәрігер – бұлар мамандық атаулары.

Балаларды осы мамандықтар бейнесі салынған фишкалармен топқа бөлемін.

Дәрігерлер тобы.

Сатушылар тобы.

Шаштараздар тобы.

Сабақтың басында біз тіл жаттығуларын жасап алайық!

Қайталаймыз:

Дәрігерге келдік!

Тілімізді көрсетейік балалар: Ә-ә-ә

Тісімізді көрсетейік балалар: І-і-і

Дәрігерге рахмет айтайық!

Рахмет!


-Жарайсыңдар ,балалар.

Ал,енді бүгінгі жаңа сабағымызға көшейік. Тақырыбымыз «Мамандықтар» . Бізде бүгін қонақта Дәрігер,сатушы және шаштараз.

Балалар дәрігер не істейді білесіңдер ме?

-Дұрыс айтасыңдар, емдейді.

Шаштараз не істейді?

-Ия,адамдардың шаштарын қияды.

Сатушы не істейді?

-Тағы да дұрыс айтасыңдар,дүкенде сатады.


Ал қазір біз ойын ойнаймыз.

Дидактикалық ойын. «Пазл» әдісі бойынша. Мамандықтар бейнелеген таратпа қағаздарды беремін. Сол мамандықтарға қатысты заттар бейнеленген кеспе қағаздар беріледі. Балалар сол мамандықтардың тұсына заттарды орналастыру керек.


Сергіту сәті.

Аяқпенен топ-топ-топ,Алақанмен хлоп-хлоп-хлоп,

Бір оңға,бір солға,айналайық кел мында.

Қолымызды бір сілтеп,басымызды шайқайық,

Бір оңға,бір солға,ойнайықшы кел мында.

Секіреміз жоғары,қиын емес секіру,

Бір оңға , бір солға , секіреміз кел мында.


Жарайсыңдар!

Балалардың жауабы.

-Жедел жәрдем.


-Дәрігер.

Тосын сәтке қуанады.

Мамандық атауларын тыңдайды.

Түсінеді.




Фишкаларды таңдап,таңдалған тобына отырады.




Мұғалімнің сөздерін қайталап,тіл жаттығуларын орындайды.


Ә-ә-ә дыбысын айтады.


І-і-і дыбысын айтады.


Рахмет!


Дәрігер Шаштараз Сатушы




Дидактикалық ойынды ойнайды.

Мамандықтар бейнелеген таратпа қағаздарды алады. Сол мамандықтарға қатысты заттар бейнеленген кеспе қағаздар беріледі. Балалар сол мамандықтардың тұсына заттарды орналастырады.




Сергіту сәтін орындайды.



Іс-әрекет кезендері / Этапы деятельности

Рефлексивтік-коррекциялаушы / Рефлексивно-корректирующий


Дидактикалық ойын. «Сиқырлы сандықша»


Сандықшада салынған заттардың атауын атап қандай маманның нәрсесі екенін айту.

Мысалы: Мынау стетоскоп. Бұл дәрігердікі.


Қорытынды. Мадақтау.
Бағалау. Жүрекшелермен бағалаймын.


-Мынау фен.Бұл шаштараздікі.

-Мынау тарақ.Бұл шаштараздікі.

Мынау шприц.Бұл дәрігердікі.

Мынау градусник.Бұл дәрігердікі.

Мынау ақша. Бұл сатушынікі.

Мынау шот. Бұл сатушынікі.


Балалар қуанады.


Күтілетін нәтіже/Ожидаемый результат:


Нені біледі/Знать: мамандық түрлерінің атауларын біледі.

Қандай түсініктерді игереді/Иметь: мамандықтардың бір-бірінен айырмашылығын игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері/Уметь : жұппен , топпен жұмыс істеуге дағдыланады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
862
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі