Материалдар / Ашық сабақ. Біріккен сөздер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Біріккен сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2020
513
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі:Оқушыларға біріккен сөздер туралы мағлұмат беру,

жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып қорытынды шығаруға машықтандыру. Тіл байлығы, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі:Инабаттылыққа, еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,семантикалық карта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгендеу.

Зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру.

30-жаттығу.Күрделі сөздерді қатыстырып,өзің тұрған жердің қысқы тіршілігі туралы шығарма жазып келу.

Үй тапсырмасын бекіту:

  1. Күрделі сөз дегенміз не?

  2. Күрделі сөзге мысал келтір

  3. Мына сөздердің арасынан күрделі сөздерді тап: ауыл, ауыл-аймақ, гүл, Айгүл, бес, жиырма бес.

Жаңа сабақ.

Екі не одан көп түберден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды.

Мысалы :алабота,балқарағай,Айдос,ақсақал,Біржан,т.б.









Ақбөкен= ақ+бөкен



Тасбақа= тас+бақа





Қосаяқ=қос+аяқ



Аққу = ақ+қу

балмұздақ=бал+мұздақ



шаңсорғыш=шаң+сорғыш





33-жаттығу. Сөздерді оқып, көшіріп жаз

Аққу, бұзаубас, Ақмарал, шаңсорғыш, балмұздақ, егеуқұйрық, Жетіқарақшы, шекара.



Әр сөз неше түбірден құралған?



34-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жаз.

Кемпірқосақ

Күн күркіреп, себелеп,

Жаңбыр жауып, басылды.

Көкжиекке керемет

Кемпірқосақ асылды.

Өлеңде кездескен біріккен сөздерді тап.

Кім шапшаң” ойыны

Буыннан біріккен сөз құра

Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

мұрын

тау

ешкі



Ағаш





Shape8 Shape7 Shape6 Shape5

ала

бас

қабақ

ас





Shape9

қара







Сергіту сәті

Жаздық ,жаздық өзіміз,

Талып қалды қолымыз.

Сәл ғана дем алайық,

Отырып қайта жазайық.



35-жаттығу. Берілген біріккен сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Аққұтан, шекара, көкжиек



Кім тез? Семантикалық картамен жұмыс.


сөз

мұрын

кәсіп

басшы

күні

Өнер



+



Қол




+


Ит


+




Күзді





+

Баспа

+









36-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жаз.



  1. Аңдар: жолбарыс,тауешкі,қарақұйрық.

  2. Құстар: аққу,бірқазан,қарақұс.

  3. Өсімдіктер:күнбағыс,итмұрын,саңырауқұлақ.

  4. Жер-су аттары: сырдария,ақтөбе.



ЖShape10 аңа сабақты бекіту:

Picture 36 Shape13 Shape12 Shape11

Picture 37 Shape16 Shape15 Shape14



Үйге тапсырма

37-жаттығу. “Хайуанаттар бағына саяхат”тақырыбына

әңгіме құрап жаз.Біріккен

сөз боп келетін аң-құстарды жазуды ұмытпа!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!