400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Біріккен сөздер" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Біріккен сөздер" тақырыбына арналған сабақ жоспары 6 сыныпта сабақ беретін ұстаздарға арналады. Сабақ жоспарын тақырыпты өткенде сабақтың өту барысын жоспарлағанда көмекші құрал ретінде қолдануға болады деп ойлаймын. Еңбек жолын енды бастаған ұстаздар үшін қажет деп ойлаймын. Осы сабақ жоспарын пайдаланған ұстаздарға сәттілік, жұмыстарына шығармашылық табыс тілеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 6

Пәні: Қазақ тілі

Тақырып: Біріккен сөздер.

Мақсаты:

Білімділік:оқушыларға сөз тұлғасы мен біріккен сөздер жайлы толық түрде мәлімет беру

Дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Қалыпты сабақ.

Әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелу, сұрақ-жауап, бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру қорытындылау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Кезекші мәлімдемесі.

3. Журнал бойынша түгендеу.

4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

Жана сабақты түсіндіру.

Өткен сабақтар бойынша сұрақ-тапсырмалар. "Ой қозғау" стратегиясы

  1. Біз бір-бірімізбен не арқылы қатынас жасаймыз?

  2. Тілдің негізгі байлығы не?

  3. Сөздер қалай жасалады?

  4. Сөзге қосымша жалғанғанда, сөз мағынасы қалай өзгереді? Етік+етікші аяқкиім етік тігетін адам.

  5. Бұл сөз жасаудың қандай түрі? (Туынды сөз)

  6. Туынды сөз неден жасалады? (Түбір сөзден)

7.Түбірден басқа жолмен сөз жасауға бола ма?
Мына сөздерді салыстыр: Еңбекші - еңбекақы
Осыдан біріккен сөздің анықтамасын айтқызу.

Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, белбеу, баспасөз, ашудас, өнеркәсіп, тоқсан деген сөздер екі сөзден құралып (бел және бау, баспа және сөз, ашу немесе ащы және тас (кейінді ықпал заңы бойынша т дыбысы д-га айналып, тас сөзі дас болған), өнер және кәсіп, тоғыз -тоқс және он-ан), бір ұғымның ғана атауы болып тұр.

Қазак тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталып отырады. Мысалы: түйеқұс (түйе+құс), бұзаубас ұзау+бас), қарақұрт (қара+құрт), басмақала (бас+мақала), т.б. Екіншісінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстар өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл (бұл және жыл: бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалған^ екінші сөздің басындағы ж дыбысы и-ға айналған), жаздыгүні (жаздың және күні: бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп қалған, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша г-ге айналған), түрегелді ұра және келді: бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сөздің әсерінен жіңішкеріп ұ ү-ге, а е-ге айналған, екінші сөздің басындағы к дыбысы г-ге айналған). Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.

Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:

1) аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тасбақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көккұтан, текесақал, алабота, ашудас, қарақұрт, итмұрын, саңырауқұлақ, бәйтерек, бәйшешек, т. б.;

2) географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, т. б.;

  1. кісі аттары: Орынбасар, Сейілбек, Мұхаметжан, Ерасыл, Аманжол, Есенәлі, Бейсенбай, т. б.;

  2. дене мүшелері (анатомиялық атаулар): асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа, сегізкөз, тазқарын, т. б.;

  1. ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел, қылтамақ, қарасан, т. б.;

  2. ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ, т. б.;

  3. ән, күй, өлең аттары: Сарыжайлау, Сарыарқа, Қароторғай, Кісенашқан, т. б.;

8) қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар: баспасөз, қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отағасы, ақсақал, т. б.;

9) мезгілге байланысты атаулар: биыл, бүгін,қыстыгүні, жазгытұрым, күздігүні т. б.;

10)белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар: ешкім, ештеңе, қайсыбіреу, әлдекім, әрқайсысы, ешқашан, кейбір, әрбіреу, әлдеқашан, т. б.

III. "Топтастыру" стратегиясы.

А) Оқушыларға өздері білетін біріккен сөздерін жаздыру. Мысалы: жалбарыс,Ақшұқыр, Гүлдана, асқазан, алтыбақан, ақсақал, бірнеше, күздігүні, т.б.

Ә) Жазған біріккен сөздердің мағынасын айтқызу және атауларының бірыңғайлығына қарай топтастыру.


Оны сызба түрінде көрсету
Аң, құс, жәндік, өсімдік Ойын атаулары

Қоғамдық өмір, тұрмыс атаулары Дене мүшелері

Географиялық атаулар Мезгілге байланысты

Белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар Кісі аттары


Сабақта ауызша түрлеріне жататын атаулар айтылады да, сызбаны толтыру үйге тапсырылады.

Б) Қазақ тілінде біріккен сөздің 2 түрі бар:

Біріккен сөздер Кіріккен сөздер

Тұлғалары сақталады Тұлғалары дыбыстық өзгерістерге ұшырайды:

Биыл - бұл жыл, Сексен- сегіз он

Білезік - білек жүзік

Ілгерінді, кейінді ықпал:Қайны - кайын іні

Күндіз - күннің жүзі, ендігәрі - ендігіден әрі

IV. Венн диаграммасы бойынша оқушының біріккен және кіріккен сөздерді салыстыруы.

Бірріккен сөз Екеуі де Кіріккен сөз

Түбір тұлғалары бірігіп жазылады Түбір тұлғалары сақталмай

сақталады дыбыстық өзгерістерге ұшырайды


V. Білімдерін бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар ойын түрінде беріледі.

Тақтада "Біріккен сөз" деп аталатын тақтың суреті. Оқушылар топқа бөлініп, таққа отыру үшін тапсырмалар орындайды. Дұрыс әрі бірінші орындаған топ сол таққа ие болып, "Біріккен сөз" елінің патшасы мен уәзірлері болады. Таққа ие болу үшін жолдағы кедергілерден, өтуі керек.

1) өзен, 2) тау, 3) көл, 4) кұз, жартас,

5) терең ор, 6) ну орман, 7) қыл көпірден өту керек.

Кедергілер суреттермен берілген. Суреттің артында тапсырма-сұрақтар бар. Кедергілерден өткен топ жеңімпаз атанады.

Сұрақ тапсырмалары 1 - топ 2- топ 3-топ

1-тапсырма. Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы біріккен жер-су атауларын жаз. Тақтаға 1 минут ішінде неше сөз жазғанына қарай бағалау. (Аягөз, Таскескен, Үржар (Ұрыжар), Қапанбұлақ, Бесқарағай, Ақсуат, Шұбартау, Алакөл)

2-тапсырма. Жұмбақтардың шешуі біріккен сөз, шешуі болған сөзді табу.

Тарбаң-тарбаң тарбиған, Сап-сары көйлегі,

Түрі жаман жарбиған. Қап-қара түймелі.

(тасбақа) Көрсетер сүйгенін

Басының игені. (Күнбағыс)

3-тапсырма.Біріккен сөздердің сыңарларын тауып айт.

  1. Боз... 1. Кемпір...

  2. Ал... 2. Ақ....

3. Өнер.. З.Шаң...

4- тапсырма. Құс аттары болатын Аң, жәндік атаулары

біріккен сөздерді ата. біріккен сөздерді ата.

5-тапсырма. Төмендегі мақалдардың мағынасын түсіндір, біріккен сөзді тап, сөздегі дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме бер.

Аққу көлін аңсайды, Ұлдың үйкүшік болғаны жараспайды,

Ер жігіт елін аңсайды. Қыздың қырырмашы болғаны жараспайды.

6-тапсырма. "Сенің атың кім?". Әр оқушы өз тобындағы біріккен сөз болатын оқушы аттарын 1 минут ішінде айтуы керек.

7-тапсырма. "Музыкалық әліппе". Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер? Соның ішінде қандай біріккен сөздер бар? (Шаңқобыз, сазсырнай, қылқобыз, шындауыл, месқобыз, домбыра, жетіген, шертер, сыбызғы, дабыл, тұяқтас.)

VI. Кітаппен жұмыс.

А) Біріккен сөздің ережесі, жасалу жолдары

Ә) 42- жаттығуды ауызша түрде орындау. Жаттығу шарты мынадай: Берілген біріккен сөздердің қандай түбірлерден біріккенін көрсетіңдер. Біріккен сөздердің мағыналарын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 44-жаттығу. Мәтіннен біріккен сөздерді бір бөлек, жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді бір бөлек теріп жазу.

VII. Сабақтың қорытындысы.

а) Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

ә) Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімін бағалаймын.


б) Үйге тапсырма: 43-жаттығу жұмысының шарты төмендегідей: Біріккен, кіріккен сөздерді бөліп жазу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
3327
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі