жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Бірлігі жарасқан ел 5 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: Қазақ тілі |
Мектеп: |
|||||||||||||||||
|
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||||||||||
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||
Бөлім атауы |
Қазақстандағы ұлттар достастығы |
|||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Бірлігі жарасқан ел |
|||||||||||||||||
Сабақтың түрі |
Жаңа сабақ |
|||||||||||||||||
Жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.Т.2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау. 5.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру. 5.ТБ1.5 Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. |
|||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: тыңдалым мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады. Көптеген оқушылар: ақпаратты өмірмен байланыстырады. Кейбір оқушылар: жоғары деңгейлі сұрақтар құрастыра алады. |
|||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||||||||
Дескриптор |
|
|||||||||||||||||
Тілдік міндеттер |
Ұлт өкілі, бірлік ынтымақ, тату-тәтті, құшақ жая қарсы алу, бауырына басу. Бірлік мерекесі туралы түсініктерін қалыптастырады, түсініктерін кеңейтіп, көпұлтты халықтың бейбіт өмір сүру себебі бірлікте екенін сипаттай алады. |
|||||||||||||||||
Құндылықтар |
Ұлтаралық татулық пен достықты дарыту |
|||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтар туралы түсініктерін жетілдіру |
|||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дерек көздер |
||||||||||||||||
Сабақтың басы
5 мин
5 мин |
Сәлемдесу. Кезекшімен сұхбат. -Бүгін сыныпта кім кезекші? - Сыныпта кім жоқ? -Бүгін наурыздың нешесі? -Алда қандай мереке болады? Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында мультфильм көрсету -Мультфильм не туралы? Ұнады ма? -ендеше сәттілік сабағымызды бастамас бұрын топта жұмыс істеу ережелерін еске түсірелік. Мұғалім оқу мақсаттарымен таныстырады және бағалау қалай жүретіні туралы айтады Үй тапсырмасын тексеру.«Етістік және қосымша туралы не білеміз?» Оқушылар топпен бірге ойланып, ойларын ортаға салады және жауап береді. Сұрақтар: -Етістік дегеніміз не? -Етістіктің сұрақтарын кім айтады? - Етістіктің түрлерін кім атайды?/дара,күрделі,негізгі,туынды, болымды, болымсыз/ - Қосымша нешеге бөлінеді? -Жұрнақ деген не?Оның неше түрі бар?Ата -Жалғау деген не?Жалғаудың неше түрі бар?Ата Кері байланыс «Бағдаршам» Смайлик арқылы бағалау Ойын «Бәйшешек» Сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған сөздерді бөлек сөз түрлендіруші жұрнақ арқылы жасалған сөздерді бөлек жинау Домбырашы өнерлі айтқан достық татулық бірлік оқыған қысқы таулы сусыз оқулық дәрігер етікші дәріхана жазушы көрген -аудара қойыңдар -осы сөздердің арасында синоним сөздер бар ма? Кім тауып береді? Бағалау қағазына смайлик жапсыру. Видео көрсету арқылы оқушылардан бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын сұрайды. -бейнебаяннан не көрдіңдер? -бейнебаян бойынша тірек сөздерді атаңдар «Төрт сурет пен бір сөз» әдісі арқылы бүгінгі тақырыпты болжап көрелік. Суреттер бойынша тақырыпты болжап көреді. Топтарға ат беру «Татулық» «Достық»
Жаңа сөздермен таныстырады сөздерді көреді-оқиды-түсінеді-қайталайды-есте сақтайды Ұлт өкілі- представитель нации; бірлік-единство, сплоченность; ынтымақ-согласие, содружество,солидарность; тату-тәтті-дружно, в мире и согласии; құшақ жая қарсы алу-встретить с распростертыми объятиями; бауырына басу-обнять, прижать к себе. Жаңа сөздерден сөйлемдер құратады, аударадыСмайликпен бағалау |
«Достық даңғылы» мультфильмі Ереже
АКТ
смайликтер
бағдаршам
бейнебаян слайд
АКТ слайд смайликтер |
||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин
7 мин
6 мин
7 мин
15 мин
3 мин |
Оқылым Мәтінмен жұмыс Оқушыларға мәтінді тізбектеп оқып, аудару тапсырылады. Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстанда орыс, дүнген, неміс, татар, ұйғыр, кәріс, түрік, қытай, өзбек, корей, украин және т.б.тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алды. Олардың қазақ жеріне қоныстанып, өмір сүруіне жағдай жасады. Қазақстан- түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. Қазақ халқы тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен бауырына басты. Олардың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде барлық ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбітшілік мекені болуы керектігін міндет етіп қойды. Мәтін бойынша сұрақтар қояды. Оқушылар ақылдасып жауап береді. -ҚР қанша ұлттың өкілдері тұрады? -Қазақстан қандай мекен? -Қазақ халқы кімдерді құшақ жая қарсы алды? -Оларға қандай жағдай жасады? -Қазақстан бүгінде қандай елге айналды? -Н.Ә.Назарбаев нені міндет етіп қойды?
Дескрипторлар: Мәтінді түсініп оқи алады, аударады
Кері байланыс Қ.Б.«Бағдаршам» әдісі арқылы Дәптерге күнді, тақырыпты жазу Ж 1.Мәтіндегі тірек сөздер арқылы «Қазақстанда тұратын ұлттар» тақырыбында «Дара» диаграммасын құру. 2. Диаграммадағы тірек сөздерді қолданып сөйлемдер құру.
Ж.4- тапсырма Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі болымды етістіктерді теріп жазып болымсыз етістікке айналдырады. Сергіту сәті мультфильм көру Дұрыс немесе бұрыс тапсырмасы арқылы сұраққа жауап алу -Мағжан қалаға келді -Ол атасымен келді -Туды алып кетті Мағжанның ісі дұрыс. -Сен Мағжанға не айтар едің? -Біздің сыныпта қандай ұлт өкілі бар? Сендер татусыңдар ма? Кері байланыс смайлик Оқушылар «Біз біргеміз» арқылы достықтарын бейнелейді шаңырақ астына өз досын шақырады, себебін түсіндіреді Жинақтау жаңа сөздермен ойларын жинақтайды |
Оқулық, мәтін
Слайд
АКТ
Оқулық, дәптер
Парақтар, маркерлер
«Көк ту»мультфильмі |
||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин
|
Рефлексия. «5-1-1» стратегиясы
Үйге тапсырма: «Бір шаңырақ астында...» тақырыбына эссе жазасыңдар |
Слайд |
||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен
байланыс |
||||||||||||||||
Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Топта бірлесіп оқыту.
Оқушының барлығы мәтін мазмұнын түсінеді, болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады. Мәтіндегі негізгі ақпаратты тірек сөзді таба алады. Оқушылардың көбісі сұрақтарды өмірмен байланыстырып, жауап бере алады. Кейбіреулері жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады.
|
Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.
Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады. |
Пәнаралық байланыс – тарих, Өзара құрмет, өзара көмек Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады. |
||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||
Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты. Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.
Келесі сабақта креативтілік принципін қолдануға болады. Оқушылар халықтар достастығы жайлы көзқарастарын жеткізе алады. |
||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: таңдалған ресурс көздері 2: топтық жұмыс Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: топтық жұмыс формасын қолдану 2: мәтінді бөліп, болжам жасату. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту. |
||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген