400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ашық сабақ "Бірөлшемді массивтер. Практикалық жұмыс" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Массив өлшемі оның элементінің индекс санымен анықталады. Массивтің элементтерінің типі массивтің типін анықтайды. Массив элементтерінің саны оның көлемін анықтайды. Мысалдар: А массиві берілген болса, оның Тұрмыста тізбектелген сандарды, сызықтық кестелік мәліметтерді көп пайдаланамыз. Оны бірөлшемді массив ретінде қарастыруға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

19-сабақ

§4.4. Бірөлшемді массивтер. Практикалық жұмыс

Бірөлшемді массивтерді математикада қалай қолдануға болады?

Физикалық тәжірибелердің деректерін бірөлшемді массивтер көмегімен қалай өңдеуге болады?


Тақырып: Бірөлшемді массивтер.

Практикалық жұмыс

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

9.3.3.1- программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында бір өлшемді массивті қолдана отырып программаны құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Бірөлшемді массивтерді анықтау;

Көптеген оқушылар үшін:

Бірөлшемді массивтерді есептің шешімін анықтауда қолдану;

Кейбір оқушылар үшін:

Бірөлшемді массивтерді программалауда қолданудың маңыздылығын тұжырымдау.



Бағалау критерийі

  1. Бірөлшемді массивтерді анықтайды;

  2. Бірөлшемді массивтерді есептің шешімін анықтауда қолданады;

  3. Бірөлшемді массивтерді программалауда қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Массив элементі-элемент массива-array element, қасиет-свойство- property.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

  • Бірөлшемді массивтерді математикада қалай қолдануға болады?

  • Физикалық тәжірибелердің деректерін бірөлшемді массивтер көмегімен қалай өңдеуге болады?

Жазу:

Бірөлшемді массивтерді есеп шешуде орындауға алгоритм жазыңдар.

Тірек білім, білік, дағдылар

Бірөлшемді массивтермен жұмыс.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Басталуы

Ой сергіту. «Дос-досымен» жаттығуы


3 мин











8 мин

Топ ішіндегілер бір-бірімен араласып жүреді. Жүргізуші «Дос-досымен» дегенде ойыншылар досын ұстап екеу болып тұрады. Жүргізуші тағы да «шаш- шашымен» дегенде шаштарын тигізеді; арқа-арқамен дегенде арқаларын тақайды; т.с.с. бет-бетімен; қол- қолымен; саусақ-саусақпен; табан-табанмен; бас- басымен; тізе-тіземен; иық-иықпен; деген сияқты бірнеше сөздер айтылса, соларды орындау керек.

Жүргізуші арасында бірнеше рет «дос-досымен» дегенде қатысушылар басқа досты таңдап достасады. Достасып қойған достар қайтадан достасып қалса, ойыннан шығады.

Үй тапсырмасын пысықтау

Оқулықта берілген тапсырманың орындалу жобасын тақтада көрсетеді, топта талқылайды.

Өзара бағалайды.












Компьютер

Негізгі бөлім

10 мин












1-практикалық тапсырма. Сандық тізбекті зерттеу (математика).

1-практикалық жұмыс


№1- практикалық тапсырма. Сандық тізбекті зерттеу (математика).

a1, a2, . . .,an-1, an сандар тізбегі берілген (n<103) және (0<ai<103)) . Осы тізбекте төмендегі зерттеулерді жүргіз:

а) Тізбектегі жұп сандардың санын анықтау

ә) Тізбектегі жай сандардың санын анықтау б)Тізбектің орташа мәнінен кіші сандарды анықтап экранға шығару

Оқулық



Компьютер


№ Мысалы Нәтиже

1 9 Жұп мүшелер саны = 3

11 511 17 803 Жай сандардың саны = 3 53 538 140 505 Арифметикалық ортаcы =

2 86.4

Арифметикалық орта мәннен кішілер

11 17 53 140



Тапсырманы орындау барысы: Математикалық тізбекті бірөлшемді массивке оқытуда деректерді [2..1000] арасындағы кездейсоқ сандар операторы random көмегімен енгіземіз.

Тізбекті зерттеу барысында программада төмендегі шарттарды орындауды қарастырамыз:

Тізбектегі жұп сандарды анықтау: ai% 2 = 0

шартын тексеру.

Тізбектегі жай сандарды анықтау: тізбек мүшесі ai –



дің 2 .. bi аралығындағы сандарға бөлу арқылы



бөлгіштерінің санын анықтау. Егер бөлгіштер саны нөлге тең болса, онда бұл сан жай сан шартын орындайды.


Shape4 Shape1 Shape2 Shape3
























































7 мин

Тізбектің орташа мәнінен кіші сандарды анықтау: /n >ai шартын орындаған тізбек мүшелерін экранға шығарамыз.

«Санды зерттеу» жобасының коды

from array import array from random import randint import math

A=array("i") N=int( input() )

A=[0]*N; t=0; jaisan=0;S=0; jup=0

A =[ randint(2,1000) for x in range(N)]

#Jup elementterdi anyqtau

for i in range(0,N): if A[i]%2==0:

jup+=1

#Jai elementterdi anyqtau

for i in range(0,N): t=0;

for j in range(2, round(math.sqrt(A[i]))+1):

if A[i]% j==0: t=1

if t== 0:

jaisan+=1


# Arifmetikalyq ortasynan kishilerdi anyqtau'

for i in range(0,N): S+=A[i]

S=S/N

print ('Jup elementter sany=',jup) print ('Jai elementter sany=',jaisan) print('Arifmetikalyq ortasy=', S)

print('Arifmetikalyq ortasynan kishiler') for i in range(0,N):

if A[i]<S:

print(A[i],end=" ")





№2- практикалық тапсырма. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста жүрілген жолдың уақытқа тәуелділігін зерттеу (физика практикум)

Суы бар шыны түтікшені ішінде ауасы бар доп (стеариновый шарик) түтіктің жоғарғы жағына көтерілгенше тігінен ұстап тұрып, ең жоғарғы нүктесіне жеткенде түтікті 1800 градусқа бұрып секундамермен уақытты өлшеу керек (1-сурет). Түтікті сызғыш көмегімен жартысын, үштен бірін, төрттен бірін, бестен бірін анықтап алып, осы жолдарда доптың жүру уақытын тіркеу керек (1- кесте).


Shape5 Shape6 Shape7



5 мин






Топтық жұмыс

Бір өлшемді кестелердің математика және физикада қолдануына арналған практикалық тапсырмаларға талдау жасаңдар. Қолданудағы тиімділіктері қандай?


Жұптық жұмыс

Математика, физика, химия, биология және география пәндері бойынша біртипті деректерді өңдеуге арналған практикалық тапсырманы жоспарлаңдар.


Оқушылардың жұмыстарын фигуралар арқылы бағалау.









Геометриялық фигуралар

Аяқталуы

6 мин

Рефлексия

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.




«Бағдаршам» әдісі

Оқушылар сабақта нені жақсы білгенін стикерге жазып қызыл түске, онша түсінбегенін сары түске, мүлде түсінбегенін жасыл түске жапсырады.

Оқушының жұмыс дәптері

Үй тапсырмасы 1 мин

Оқулықтағы тапсырмаларды орындап келу.

Оқулық


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
2554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі