Материалдар / Ашық сабақ «Біз адал елдің ұрпағымыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ «Біз адал елдің ұрпағымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде қолдануға болады.Сабақ жоспарын құру барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2021
1287
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:

Өзін-өзі тану

Мұғалімнің аты-жөні:

Утегенова Клара Ильясовна

Жамбыл облысы

Меркі ауданы

Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебі

Сынып:

4 -сынып

Сабақтың тақырыбы:

«Біз адал елдің ұрпағымыз»

Құндылығы:

Қиянат жасамау

Қасиеттері:

Адалдық, әділдік, парасаттылық

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға адам бойындағы адалдық қасиетті ұғындыру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

1. Адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы адалдық ізденістерін сақтап, нәтижелі іс жасау керектігін түсіндіру.

2. Мақсатқа ұмтылу, оған жету жолдарын іздестіруді, әділдік қасиетімен байланыстырып үйрету.

3. Оқушыларды парасаттылыққа тәрбиелеу



Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(1 минут)

Жағымды көңіл-күй

(2 минут)

Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысуын тексереді.

«5Т»ережесі

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Татулық

5.Тазалық

Мұғалім оқушылармен шаттық шеңберін тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындығын көрсетеді.

Оқушылар 1 шумақ өлең жолдарымен жылы лебіздерін білдіреді.



Сәлем, Күн анамыз

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін



Өзін-өзі тану пәніне арналған құндылықтар жинағы

Әңгімелесу

(5 минут)


1.Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?

3.Адал болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?

Мұғалім оқушыларға сұрақтардың көмегі арқылы білім жолын қуып, үнемі ізденіс жолында жүру керектігін түсіндіре отырып, адалдық құндылығының мәнін ашады.

Оқушылар сұрақтардың көмегі арқылы адалды, әділдік, парасаттылық ұғымдарының мәніні түсінеді.


Жағымды ой-пікір

(Дәйексөз) 4 минут

Адал жүр,адал тұр, өтірік айтпа

Біреуге қылдай қиянат жасама

(Б.Момышұлы)

Мұғалім дәйексөзді оқушылармен бірге қайталайды.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады.

Адам титтей де болса біреуге қиянат жасамау керек.Өтірік айтпауға, шыншыл болуға, адал жүруге шақырады.

Оқушылар дәйексөзді қайталайды. Б. Момышұлының қанатты сөзінің мағынасын талқылайды және дәптерге жазады.

Презентация слайд, жұмыс дәптерлері.

Оқиға айту

Әңгіме 8 минут

Мұғалім оқушыларға «Адалдықтың өтемі!» ертегісін көрсетеді және оқып береді

Адалдық өтемі

Өткен заманда Күйік деген шаһарда бір етікші болыпты. Оның жарлы көршісінің Абзал есімді баласы бар екен. Ол бала өз бетінше талаптанып шаһар медресесіндегі ұстаздан дәріс алып тұрады екен.Ненің арам, ненің адал екенін әбден үйреніп алады.Бір жағынан ата-анасының да айтқанынан шықпайтын тіл алғыш, адал, көркем мінезді ұл болып өседі.Етікші бейшара өз напақасын өзі тауып ата-анасына көмектессін деген оймен оны қасына көмекші етіп алады. Ерінбей -жалықпай етікшіліктің бар қыр-сырын үйретеді. Бала бір күні етікшінің етік жамағанда үнемі бір жібін түймейтіндігін байқап қалыпты. Аң-таң болған Абзал етікші ұстазынан мұның мәнін сұрайды. Сонда ол:Қарағым, етік жамағанда жіпті түймесең, ол етік қайта жыртылады.Сөйтіп оның егесі оны жаматуға қайта әкелмей ме? Сөйтіп маған жұмыс, бала-шағама нан табылады,-депті. Сонда Абзал медреседен алған ізгілік сабақтарын есіне түсіріп үлгереді. Ағатай- бұл күнә ғой. Адам кәсібіне адал болу керек емес пе?

Етікші бұл сөзге аса құлақ аспай, «адалдық адамға нан болмайды » ғой деп жауап береді.Бала ұстазымен одан ары сөз таластырып жатпайды. Өйткені ол үлкендердің алдында әдеп сақтау жақсы баланың қылығы екенін медреседен оқып, біліп алған еді.Күндердің күнінде бала етікшілік кәсіпті ұстазынан кем білмейтін дәрежеге жеткен соң өз бетінше етік тігуге кірісіпті. Бірақ та ол етік жамағанда жіпті түйіп тігеді екен.Арада көп уақыт өтпей -ақ шаһар халқы ісін ұқыпты істейтін етікші туралы есітіп, жұрттың барлығы соған етік жамататын болыпты.Ал оның ұстазына етік тіктіруге адамдар мүлде келмей қойыпты.Сонда ұстазы мұның мәнісін білмек болып шәкіртінен сұрағанда ол: Кімде –кім өз ісін адал атқарса әлбетте аллаһ тағала оның адал еңбегіне береке береді. Баланың еңбекте бағы жануына оның медреседе алған білімі себепші болса керек. Өйткені, ондағы ғалым кім қандай іспен айналыспасын, сол істің қас шебері болуы тиіс деп жиі қайталайды екен.


Сұрақтар:

1.Абзал етікшінің ісінен нені байқады?

2. Етікші Абзалға не үйретті?

3.Абзалға етікшінің жауабы ұнады ма??

4.Шәкіртінің адал болуына кім себеп болды?

Мұғалім ертегі туралы оқушылардың жауаптарын толықтырады

Адамның ниеті, ойы,іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады.

Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады.Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.Адам адал еңбек етсе ғана өз мақсатына жетеді


Оқушылар ертегіні көріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Оқушылар ертегінің сюжетімен танысады.

Адал болу керектігі жөнінде ой түйеді.

Адал еңбек ету арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсінеді.

You.tube

«Адалдықтың өтемі!» ертегісі

Шығармашылық жұмыс

Мұғалім шығармашылық жұмыс ұйымдастырады.

І қатар «Сәйкестендіру»

1.Әділ А. Ешкімнің сөзіне еліктемей, шындыққа
сүйене отырып, ешқандай жағдайларға
қарамастан,дұрыс, адал көзқараста болу;

2.Адалдық Ә .Өзінің де,өзгенің де сөзін қорғай білу:

3.Шыншылдық Б.Адам бойындағы таза ниет,бағалы
қасиет,адамның сана сезімімен
ар-ұжданына қайшы келмейтін
әрекеттердің моральдық этикалық
жиынтығы

ІІ қатар

Адалдық дегеніміз не?

1.адал

2.мейірімділік

3.сабырлылық

4.кішіпейілділік

5.адамгершілік

6.еңбекқорлық

7.қарапайымдылық

8.парасаттылық

9.әділдік

10.имандылық


Оқушылар мұғалім берген тапсырманы жеке орындап, ортада өз жұмыстарын талқылайды.


Топпен ән айту

(3 минут)

Мұғалім оқушылармен бірге «Адалдық» әнін орындайды.

Сөзі мен әні:Тоба Өтепбаевтікі


Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

Сабақтың қорытынды сәті

Адалдық-адам мінезіндегі бағалы қасиет.

Адалдық-адам бойындағы таза қасиет.

Адал ұрпақ жарқын болашақ

Жарқын болашаққа нық қадам басайық!

Оқушылар, адал еңбек етсеңдер өз мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер.

Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп, бүгінгі сабақ үшін рақмет айтады.


Оқушылар көздерін жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады.

Оқушылар рефлексия жасайды.


+

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!