Авторы:
Жалгасбаева Сания Унгарбаевна
Маңғыстау
обдысы Бейнеу ауданы «Есет мектеп-балабақша
кешені КММ» бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың
тақырыбы: Біз-бейбіт елдің ұландарымыз
Сабақтың
мақсаты: Балаларды
Отанды
сүюге,
Қазақстан Республикасының
рәміздерін қастер-
леуге,
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін
арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін
қалыптастырып,
қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап
берулерін қадағалау.
Көрнекіліктер:Слайд, Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың портреті,Қазақстан Республикасының
Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,
көрсету, сұрақ-жауап
Барысы:Тәрбиеші: Балалар,
біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше
болмақ
Тәрбиеші: -Отырыңыздар. Қазір
жылдың қай мезгілі?
Балалар:
Күз
Тәрбиеші: Дұрыс,
күз
айларын атайық.
Балалар: Қыркүйек,қазан,
қараша.
Тәрбиеші:Күз
айларында көптеген мерекелер бар.Білеміз
бе, балалар? Білмесек, балалар.
Мен
айтайын 1- қыркүйек-білім күні,қазан
айның алғашқы аптасы-ұстаздар мерекесі
Тәрбиеші: Кім
айтады біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан
Республикасы.
-Ал
қазір
елімізді кім басқарады білесіңдер ме?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар
сұлтандар, билер
басқарған. Біздің еліміз Ресеймен бірге
болған,елімізді Ресейдің Президенті
басқарған.Ал,
қазір өзіміздің Президентіміз басқарады. Балалар сендер, білесіңдер ме, Елбасымыз
кім?
Балалар: Қасымжомарт
Тоқаев
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев
еліміздің тұңғыш президенті болды.Ол 1991 жылы 1 желтоқсанда
сайланды. Одан
кейін Қ. Тоқаев сайланды.
Қазір
жұмбақ шешейік.
Алтын күн аспаны
Алтын дәндаласы
Айтатын Әнұран
Қай елдің баласы
(Қазақ елінің баласы)
Еліміздің тірегі,
Жеріміздің жүрегі
Бас қаланың есімін,
Қане кім біледі?
(Астана)
Қос пырағым қос қанат,
Шаңырағым күн менің
Шолпан жұлдыз маңдайда.
Елтаңбам ғой бұл менің
(Қазақстан мемлекетінің
Елтаңбасы)
Көк аспанның түсі бар
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап ,
Кімнің туы біліп ал.
(Қазақстан мемлекетінің
Туы)
Туымыздан күн қарап
Күлімдейді әлемге
Күнмен бірге қандай құс.
Қанат қаққан бар елге
(Қыран)
Тәрбиеші: Есімізге түсірейікші.Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген?
Балалар: Ту. Көк.
Тәрбиеші;
Жалауымыз туралы кім қандай тақпақ
біледі?
1.Әлихан
Көк
аспандай көкпеңбек
Қазақстан
жалауы
Көк
емес ол тектен –тек
Елдің
ашық қабағы.
2.Мирас
Ақ
ниетті алтын күн
Асқақ
арман –қыраны
Жалауы
бұл –халқымның,
Мәртебесі,
мақтаны.
Тәрбиеші: Көк ашық аспанды білдіреді. Қыран құс-еліміздің
тыныштығы мен
Тәуелсізді-
гінің белгісі. Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар мынау
не?
Балалар: Елтаңба.
Тәрбиеші:
Елтаңба туралы қандай
тақпақ білеміз?
3.Сағадат;
Елтаңбасы
елімнің
Неткен
әйбат,әдемі!
Тұнығындай
көңілдің,
Ортада
–аспан әлемі
Құт
–береке, шаңырақ
Орын
алған ол төрден.
Қанатты
қос арғымақ,
Екі
жақтан көмкерген.
4.Мерей:
Тәуелсіздік
жолында
Талай-талай
тер тамған.
Билігім-өз
қолымда
Еркіндігім-Елтаңбам.
Тәрбиеші: Ал,енді
Елбасымыз туралы не айтар едіңдер?
5.Кәусәр:
Елбасы
елді қорғайды
Халық
қамын ойлайды
Осындай
жақсы адамның
Жақсылығы
тарайды.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Бұл- Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Шаңырақ-Қазақстан атты үйіміздің жарық түсетін
саңлағы. Арғымақ-еркіндіктің белгісі.
Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол
сілтеуші, жарық
белгі.Мынау –Әнұран.
Серігіту жаттығуы.
Көк байрақ желбіре,
Асқақтап
аспанда
Жас ұлан ел- бірге
Сап түзе, жасқанба
/2-рет
Тәрбиеші: Отыра қойыңдар.
- Тәуелсіз еліміздің жері теңдігі өзінде және Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.
Тәрбиеші: Туған ел, Отан туралы мақал-мәтел кім айтады?
О.Ерасыл
- Өз елім- өлең төсегім.
Б.Ерасыл
- Өзге
елде сұлтан болғанша,
Өз
еліңде ұлтан бол.
Ақзира
- Отан-оттан
да ыстық.
Салауат
-Отан
от басынан басталады.
Аяла
-Отансыз
адам-ормансыз бұлбұл
Алдияр
-Отан
үшін күрес-
Ерге
тиген үлес
Бейбарыс
-Алтын
ұяң –Отан қымбат.
Туып
–өскен елің қымбат,
Кіндік
кескен жерің қымбат.(халық нақылы)
Тәрбиеші;Отан
туралы қандай тақпақ білеміз?
8.Ақниет:
Отан-жерім,Отан-суым,
Отан-қуат,нәр
береді.
Отан-ұран,Отан-туым,
Отан
мәңгі гүлденеді.
9.Диас:
Қуат
алған өзіңнен,
Туған
елдің ұлымын.
Бақытты
етіп өсірген
Отанымның
ұлымын.
Ақзира
Отан
сенің ата-анаң,
Отан
–досың, бауырың,
Отан
–өлкең, астанаң
Отан
–аудан,ауылың
Тәрбиеші: Енді,
балалар «Ел
қорғауға әзірміз!
» деген әнді айтайық.
Тәрбиеші: Өркениетті
ел боламыз келешек,
Шет
елдерге болмаймыз біз берешек
Екі
мың отыз келген кезде бұйырса,
Елім
дейтін, халқым дейтін ер өседі.
Аш болмайды, тоқ
болады халқымыз,
Ешқашанда
бұзылмайды
халқымыз,
Ешқашанда
бұзылмайды салтымыз
Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгін ,Қазақстан
Республикасының рәміздерімен таныстық.
Бүгінгі
сабағымыз
қызықты
өтті, барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар!