жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Біз біргеміз" МАД тобы
Мұғалім: Балуанбай Қаракөз Сапарғалиқызы
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Біз тебеміз сырғанақ.
Мақсаты: . Қыс мезгілі туралы балалардың түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін бақылау. Балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
Әдіс- тәсіл: әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, слайд таныстыру.
Билингвизм: снег – қар, горка – сырғанақ, лыж- шаңғы, қасқыр – волк, медведь – аю, лиса-түлкі.
Көрнекі құралдары: Сырғанап жүрген балалардың, жануарлардың суреттері, бауырсақ туралы слайд.
Қызмет кезендері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Дәлелдеу- ояту |
Балалар, бәріміз көңілді шаттық шеңберге тұрайықшы. Шаттық шеңбері: Дөңгеленіп тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Уықтарша иіліп, Шаңырақты көтеріп, Киіз үйді құрайық. |
Балалар шеңберге тұрып өлен жолдарын қайталады. |
Ұйым- дастыру іздену |
Балалар 1 жылда қанша ай бар? Қандай жыл мезгілдері бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Суретке қарап қыстың ерекшеліктерін атаңдаршы. Енді балалар суретке назар аударайық. Не берілген? Дұрыс аққала. Аққала нешеу? Үлкені нешеу және кішкентайы нешеу? Жақсы балалар. Осы аққаламыз неше бөліктен құралған? Олардың пішіндері бірдей ме? Аққаланы қалай жасаймыз? Қыста қандай ойындар ойнаймыз? Сырғанақ тебу үшін алдымен сырғанақты жасап алу керек. Қарды салып, тапаймыз. Онын үстіне су құйып қатырамыз. Осылай сырғанақ пайда болады. Балалар сырғанақ теуіп ойнайды. Қане, балалар бәріміз суретке қарайық. Суретте қыста ойналылатын ойындар түрлері берілген. Олар: сырғанақ, коньки, шаңғы тебу, шаңғымен сырғанау т.б ойындар. Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Біз тебеміз сырғанақ» деп аталады. Балалар 1аптада неше күн бар? Бүгін аптаның қай күні? Жұма күні аналарымыз не пісіреді? Дұрыс неше шелпек пісіреді және оларды таратады. Балалар, енді біз осы бауырсақ туралы қандай ертегі білеміз? Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде бір атаймен ажей өмір сүріпті. Бірде атай бауырсақ жегісі келіп, кемпірінен бауырсақ пісіруін өтініпті. Әжей екі уыс ұн тауып алып атайға бауырсақ пісіріп береді. Піскен бауырсақты суытып терезе алдына қояды. Терезе алдында тұра, тұра іші пысқан бауырсақ. Айналаға қарап, қарды көріп сырғанақ тепкісі келеді. Сөйтіп бауырсақ жолға шығып келе жатса алдыңан қоян шығады. Қоян бауырсаққа тапсырма береді. Қыс туралы таппақтар айту.
Шыныққанбыз, шымырмыз. Таудан төмен сырғанап, Біз тебеміз сырғанақ.
2) Қырау қатып жағаға, Аяз беттен өбеді, Бірі мініп шаңаға, Бірі шаңғы тебеді.
Бауырсақ қояннан құтылып кетіп қалады. Бір кезде алдынан аю шыға келеді де бауырсақты ұстап алады. Аю бауырсақты жіберу үшін тапсырма береді. Аю «Не артық?» ойнын ойнатады. Дұрыс тапсақ бауырсақты жібереді екен. Балалар, суретте берілген заттарды білеміз бе? Дұрыс енді осы заттардың орысшасын айтып көрейік. снег – қар, горка – сырғанақ, лыжа- шаңғы, қасқыр – волк, медведь – аю, лиса-түлкі. Бауырсақ домалап, домалап келе жатып алдынан қасқырды кездестіреді. Қасқыр бауырсақты ұстап алып, тапсырмасын орындағасын жіберетінін айтты. Қасқыр бауырсаққа жұмбақ жасырды. 1.
Шанамен зырлап, желдетіп, 2.
Мінсем төмен зу етем, 3.
Аяғымда 4.
Табанға қанжар байладым, Қане енді балалар, шаршаған болармыз шамалы сергіп алайық. Сергіту сәті: Қандай қызық қыс деген, Қалтырайды құс деген. Құлақшынды кимесен, Құлағынды тістеген.
Қане
балалар бауырсаққа көмектесейік. Ойын:
«Құрастыру» Қане, енді орнымызға отыра қойындар. Бауырсақ сырғанақ теуіп болған екен. Бауырсақ үйге қайты, жолда кездестірген аңдарымен дос болып үйіне апарды. Міне балалар біз барлық адамдармен тіпті жануарлармен де дос болуып қамқор болуымыз керек. |
12 ай. Қыс,көктем,жаз,күз. Қыс.
Жерде қар бар, айнала аппақ, қыста аяз, боран болады.
Аққала
5 аққала бар 3 ұлкен, 2кішкентай аққала бар.
3 бөліктен, Дөңгелек және әртүрлі
Балалар сұрақтарға жауап берді.
1 аптада 7 күн бар. Бүгін жұма. Бауырсақ пісіреді.
7 бауырсақ пісіріп таратады.
«Бауырсақ» ертегісін.
Балалар, таппақтар айтты.
Балалар «Не артық?» ойнын ойнап. Берілген суреттердін ішінен артық заттарды тапты.
Балалар, сөздерді қайталап айтты.
Балалар қастырдың жасырған жұмбақтарын шешіп, бауырсаққа көмектесті.
Балалар, қосылып айтады.
Балалар «Бауырсақ, қар, шана» сөдерін буынға бөліп, талдап берді.
Балалар, мазайкадан шана,шаңғы құрастырды. |
Рефлексивті түзету |
Балалар бүгін не туралы айттық?
Қысқы қандай ойындар білесіңдер? Қардан не жасауға болады? Бауырсақтын достары кімдер? |
Қыс. Қысқы ойындар.Сырғанақ туралы. Сырғанақ, коньки, шаңғы тебу. Сырғанақ, аққала. Қоян, қасқыр, аю, түлкі. Балалар берілген сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білді: Қыс туралы білді.
Игерді: Өз ойларын дұрыс жеткізді игерді.
Меңгерді: Қысқы ойындар, достық, қысқы еңбек туралы меңгерді.
«Өтес орта мектебі»
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Біз тебеміз сырғанақ»
Өткізген: Балуанбай Қ
2019 жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген