жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Біз цирктеміз"
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі: Денешынықтыру
Тақырыбы: Біз цирктеміз
Мақсаты: а) Балалардың цирк туралы білімдерін жетілдіру; Алақан мен тізеге тіреліп, төрттағандап еңбектеуді бекіту ;Жүргіріп келіп секіруге үйрету;
а) Иықпен аяқтың бұлшық еттерін дамыту; б)Балаларды өнерді құрметтеуге, жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Алдын- ала жүргізілген жұмыстар: Цирк туралы мултфильм көрсету;
Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, жаттығу түрлерін көрсету , қимылды ойын, мадақтау.
Қажетті көрнекі құралдар:көзге арналған жаттығу, таспалар әр балаға, доптар әр балаға, сайқымазақ, жолбарыс бетперделері.
Үштілділік компоненті: үйретуші- дрессировчик-treine
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
|
Себепті қзығушылын ояту кезеңі
Іздену- ұйымдастыру шылық кезеңі |
Тәрбиеші сайқымазақ рөлінде сағатқа қарап тағатсызданып жүреді -Қонақтарды шақырып қойдым , менің цирктегі достарым әлі жоқ, енді не істеймін / Әуенмен залға балалар кіреді/ -Сәлематсыздар ма? Сайқымазақ -Сәлематсыңдар ма балалар? Сендер қайда келдіңдер? -Ә, келіңдер қош келдіңдер?/ күрсінеді/ - Мен бүгін ыңғайсыз жағдайда қалдым , бүгін біздің бөбекжаймызға цирк келу керек болатын, мен көрермендерді шақырып, залды да дайындап қойып едім.Бірақ достарым әлі жоқ келмей жатыр. -Енді не істеймін балалар айтыңдаршы маған көмектесіңдерші, ақыл қосыңдаршы /тәрбиеші балаларды өзіне көмектесуге шақырады/ -Шынымен де маған көмектесуге дайынсыңдарма? -Ал сендер цирк туралы не білесіңдер? -Цирктен кімдерді кездестіруге болады? |
Балалар саппен залға кіреді. -Циркке Балалар тәрбиешінің сұрағына жауап іздеп өз ойларын айтады. Балалар сұрақтарға жауап береді |
|
Ұйыдастырушылық кезеңі
|
-Цирк әртістері қандай болу керек ? -Дұрыс айтасыңдар епті, батыл, күшті -Сендер маған көмектесіп цирк әртістері болғыларың келе ме? Күшті,епті, батыл болғыларың келе ме? -Олай болса цирк әртістері қалай өнер көрсетеді екен кәне қарайық, бір жағынан көзімізге жаттығу жасап алайық? Слайд 1 Үштілділік компонентімен таныстыру үйретуші- дрессировчик- treine Сайқымазақ жылайды / -Достарым жоқ жалғыз өзім қалай өнер көрсетемін, достарымды да сағындым. -Распа олай болса не тұрыс , кәне қойылымды бастайық -Балалар мен сендерді сиқырлап кішкентай, сайқымазақ әртістерге айналдырамын. 1,2,3, сыйқырлы таяқша, Балаларды сиқырла. -Міне керемет нағыз сайқымазақ әртістер болдыңдар Тыңдаңызда, тыңдаңыздар Бәрі сіздің қалауыңызша, Ұрықсат етіңіз бастауымызға, түзу, шеңбермен, бір тізбекпен Келеміз біз алаңға. Кел көріңдер шақырамыз Дене шынықтырып алуға Алдарыңызда «алее шеруі» Біздің әртістерді қарсы алыңыздар Дене қыздыру жаттығулары -Жай жүріс -Маршпен -Қолдары жоғары аяқтың ұшымен -Қолдары жоғары –төмен /қолда доптар бар секілді/ -Қолды кеудеге апару түсіру - /балуандар/ -Қол белде секіріп жүру -Қол белде жанмен жүру -Тоқтайды, тыныс алу, дем шығару -Жарайсыңдар менің әртістерім -Енді көрермендерімізге жан –жақты дамыту жаттығуларын көрсетейік. Таспаларымызды екі –екіден алып жүре береміз. Жаттығуға дайын тұрамыз -Балалар міне хайуанаттар бағына да жақындап қалдық пойыздан түсеміз -Міне, кіреберісте аю кездесті, кәне аюмен дос болып аю секілді жүреміз / аю жүрісі/ -Қараңдаршы балалар алдымыздан қоян шықты, ол жалғыссырап отыр екен, кәне оның оның көңілін аулап, қоян секілді секірейік - Жарайсыңдар балалар қалған хайуанаттар көру үшін,біз әрі қарай жүгіреміз, жай жүгіреміз, қатты жүгіреміз. -Демаламыз қолымызды жоғары көтереміз де төменге қарай лақтырамыз. -2 топқа бөлініп жаттығуға тұрамыз Жалпы дамыту жаттығулары «Маймылар» -Міне балалар нағыз хайуанаттар бағына а келіп жеттік. -Ой қараңдаршы балалар, тордан сығалап маймыл қарап тұр -Кәне маймылмен бірге ойнайық. Б.қ н.т маймыл секілі құлағымыздан ұстаймыз, оңға солға бұрыламыз 4-5 рет «Пілдер» Б.қ. н.т Қолымыз желкемізде қолды екі рет ашып жабамыз, еңкейеміз пілдің дауысын саламыз 4-5 рет «Жолбарыстың баласы» Б.қ.н.т Төрттағандап отырамыз,басымызы көтеріп түсіреміз 4-5 рет «Кенгурулер» Б.қ.н.т Қолымыз белде, аяғымызды қосамыз бір орында секіреміз 8 рет «Үкілер» Б.қ. н.т Қолымыз жанымызда көтеріп түсіреміз. Үкінің дауысын саламыз. Үштілілік компаненті піл- слон –elephant маймыл- обезян-monkey.хайуанаттар бағы- зоопарк- animal zoo -Бәріміз кері айналамыз |
Балалар сөздерді қайталайды. -Не жылайсың сайқымазақ -Кәне көңіліңді көтер біз саған көмектесеміз, және дос боламыз Балалар сиқырланып сайқымазақ болады Балалар дене қыздыру жаттығуларын орындайды Балалар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды Балалар әр түрлі жануарлардың қимыларын жасайды |
|
Ұйыдастырушылық ізденіс кезеңі
|
Жалпы дамыту жаттығулары -Цирктің келесі қойылымын қарсы алыңыздар
1.Б.қ негізгі тұрыс таспа қолымызда 1 оңға, 2 солға бұрыламыз белімізбен 6 рет 2. Б.қ негізгі тұрыс таспа қолымызда Кезектестіріп қолымызды жоғары төмен көтеру 8рет 3. Б.қ негізгі тұрыс таспа қолымызда Қол кеуде тұсымызда 1,2, оңға 3,4 Қол кеуде тұсымызда 1,2, солға 3,4 4.Б.қ негізгі тұрыс таспа қолымызда Таспаны айналдыру 5.Екі аяқты біріктіріп отыру, таспаның екі шетінен ұстау. Алға иілу, тізені бүкпеуге тырысу, таспаны аятқың басына қою түзу отырып қолдарын жоғары көтеру. 6.Таспаның екі шетінен ұстап, шалқадан жату. Бір аяқты көтеріп оған таспаны тигізу, түсіру, одан кейін екінші аяқты көтеру 7. Таспаны жерге қойып ,қос аяқтап әрлі- берлі секіру. Жарайсыңдар менің достарым! Негізгі қимыл жаттығулары -Сайқымазақтың тағы көңілі түсіп кетеді -Иа, менің сиқырлы таяқшам бар екен ғой 1,2,3, сыйқырлы таяқша, Балаларды сиқырла -Міне керемет күшікке айналып шыға келдің дер -Кәне олай болса күшіктердің өнерін көрейік -Кәне сапқа тұрамыз, Үйретілген көшіктер бір-бірінен өтіп төрт тағындап тұрады, барлық бала біткенше -Жарайсыңдар күшіктер сендерді тағыда сиқырлап жіберейін 1,2,3, сыйқырлы таяқша, Балаларды сиқырла -міне керемет сендер жолбарысқа айналдыңдар |
Балалар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды -Тағы не болып қалды - Сенің сиқырлы таяқшаң бар еді ғой Балалар негізгі қимыл -қозғалыс жаттығуларын орындайды |
|
Іс –әрекетті бағлау кезеңі |
-Циркте жолбарыстар қандай өнер көрсетеді? -Қазір жүгіріп келіп жолбарыстар оты бар шеңберден секіреді Алле хоп -Жолбарыстарға бір қошемет -Ал енді жолбарыстарым шаршадыңдар ма? -Олай болса сендермен ойын ойнайық Ойын «Ойна,ойна добыңды жоғалтпа № 21 Тыныштық сәті
Цирк әртістері бұл тамаша қойылым болды енді бәріміз дем алып алып жатайық Көзімізді жұмамыз, денемізді босатып Жеңіл, терең дем аламыз Ұйықтап кетеміз , түсімізде цирк көреміз Керемет дем алып, ғажайып түс көрдік , Демалған жақсы бірақ біз орнымыздан тұруымыз қажет. Бүгінгі күнімізді сергек көңілді жалғастырумыз қажет. -Сендердің көңіл күйлерің қандай екенін қазір көңіл- күй өлшеп көреміз, өте жақсы көңіл күйлерің тамаша екен жарайсыңдар! Бүгін өте тамаша әртіс болдыңдар рахмет сендерге маған көмектескендеріңе , сайқымазақтан сендерге сыйлық әдемі шарлар. Сап түзеп залдан шығады |
Ойынға жаппай , белсене қатысады Балалар тәрбиешенің түсіндірумен тыныштық сәтін орындайды Балалар көңіл күй өлшегішпен көңіл күйлерін өлшегенде қуанады, Сайқымазақтың сыйлығын алады |
Күтілетін нәтиже
|
Нені біледі |
|
|
Қандай түсініктерді игерді: |
Берілген белгіге көңіл аударып қимыл- қозғалысты белгі бойынша орындау керектігін ; |
|
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: |
Жануарлары қорғауға, қамқор болу дағдылары, негізгі қимыл жаттығуларын орындау іскерліктері ; |
Тәрбиеші ________________________







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген