«Толқын» балабақшасы
КМҚК
Біз
ептіміз
( Ашық оқу
қызметі)
«Алтын сақа»
тобы.
Тәрбиеші: Тлеужанова
А
2020ж
Білім беру
саласы:Денсаулық,Шығармашылық.
Бөлімі:Денешынықтыру,Музыка.
Тақырыбы: Біз
ептіміз.
Мақсаты:
Достық қарым-қатынасқа
тәрбиеленеді
Музыка ырғағына сәйкес жүру ,шығармашылық
қабілетін, табан бұлшық еттері
дамиды.
Балалар ептілікке
дағдыланады.Іздермен, иректеліп қойылған жіптің үстімен жүруді
үйренеді.Күннің шапағынан айнала қос аяқпен
секіреді.
Қажетті
құралдар: Жалаушалар, күн, иректеліп қойылған
жіп, іздер.
Әдіс-тәсілдері: Жаттығу,
ойын,сұрақ-жауап,әңгімелесу,мадақтау.
Кіріспе
бөлім:
Топқа саппен кіреді. Ал балалар енді «Көңілді
паравоз» ойынын ойнап жіберейік.
Қане, кімнің бойы
ұзын?
Паравозы ол
пойыздың.
Қатар-қатар
тұрайық,
Пойызды біз
құрайық.
Ал, паравоз баста
алға,
Бәрімізді
басқарда.
Пыш-пыш, пыш-пыш біз
кеттік
Жүрісті тым
үдеттік.
Шаттық
шеңбері
Қайырлы күн
досым,
Қайырлы күн
болсын.
Бүгінгі күн
бізге,
Сәттілікке
толсын.
Қонақтармен амандасу. Сәлеметсіздерме,
здравствуйте, хеллоу
Бүгінгі ашық оқу
қызметінің тақырыбы:
«Біз ептіміз » -деп
аталады.
Ендеше балалар бой жазу жаттығуларын
орындайық.
Түрлі жүріс түрлерін
жүргізу.
Топпен жай жүру. Топпен
бір-біріне кедергі жасамай жүгіру. Сап- тізбекте қолды еркін
қалыпта ұстап, бір-бірден жүру, өкшемен, аяқтың ұшымен және қолды
тізенің үстіне қойып еңкейіп
жүру. Жәй
жүру.
Тыныс алу
жаттығуы.
Қолдарын жоғары көтеріп, қайта түсіру арқылы
тыныс алу жаттығуын
орындаймыз.
Есікті қағып қолында жалаушасы
бар Сайқымазақ келеді.
Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен
де сендерге қосылып жаттығулар жасап, ойын ойнағым
келеді.
Тәрбиеші: Балалар Сайқымазақ
сендермен қосылып жаттығу жасағысы келеді және бізбен қосылып ойын
ойнағысы келеді екен келісеміз бе?
Балалар:
иә
Ал балалар епті, жылдам болу
үшін күнделікті жаттығу жасауымыз
керек.
Олай болса қанеки бәріміз
қосылып жалпы дамыту жаттығуын
орындайық.
Балалар екі топқа
бөлінеді.
Адина: Жалқаулықты
тастаймыз,
Жаттығуды
бастаймыз.
Қиынсынып
қашпаймыз,
Шынығамыз жастай
біз.
Негізгі
бөлім:
Жалаушамен орындалатын
жалпы дамыту жаттығулары:
Балалар , жалпы дамыту
жаттығуларын музыка әуеніне қосылып жалаушамен
орындаймыз.
1. «Жалауша
қайда?»
Б.қ: түзу тұру қол
төмен.
Жалаушаны артқа жасыру,
қайтадан алға созып
көрсету.(4-5рет)
2.«Жалаушамен
тарсылдат»
Б.қ: жалаушамен қолды алға
созу, жалаушамен тарсылдату, қолды төмен түсіру(4-5
рет.)
3.«Жалаушаға
қара»
Б.қ: түзу тұру, қол төмен.
Қолды жоғары көтеру, жолаушаға қарау: «жоғары» деу, қолды шетке
созу арқылы төмен түсіру: «төмен» деу(4-5
рет)
4.«Еденге»
Б.қ: түзу тұру, қол төмен. Сәл
отырып, жалаушаның сабымен еденді тарсылдату, тік түзу тұрып
түзелу(4-5 рет)
5.«Жалаушаны
айналдыр»
Б.қ:түзу тұру , қол
төмен.Жалаушаны екі қолмен айналдыра жоғары көтеріп төмен
түсіру,тік түзу тұру(4-5рет)
Көркем сөз
:
Бір- екі –үш
,
Бойға жинап
күш.
Жаттығуды жасадық
,
Ауырмаймыз
біз.
Балалар спорт туралы қандай
тақпақ білесіңдер?
Әмина:Спорт сенің серігің,
Аниса: Спорт- досың әрқашан
Жанға дауа, қолға күш. Керек
балабақшадан
Сергітетін адамды Доп
тебеміз,күлеміз,
Қимыл менен қозғалыс. Спортты
біз сүйеміз.
Негізгі қимыл-қозғалыс
жаттығулары:
1.Іздермен
жүру.
2.Иректеліп қойылған жіптің
үстімен жүру.
3. Күн шапағынан қос аяқпен
секіру
Қимылды
ойын:«Өз жұбыңды
тап»
Ойын
шарты:Балаларға екі түсті жалаушалар таратылады, әр
бала бір жалаушадан, музыка ойналады,балалар алаңда жүгіреді,музыка
тоқтап қалғанда бір түсті жалаушалары бар балалар жұптасып тұра
қалады,жеке жұпсыз қалған балаға аталған жаттығу түрлерін орындауды
талап етеді.
Қорытынды бөлім
.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің қорытындысын
талдау.
Бүгінгі жаттығу түрлері
ұнадыма?
Қандай жаттығу
ұнады?
Балалар , дамыту жаттығуларын немен орындадық
?
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Күннің шапағынан
секіруді ,иректеліп қойылған жіптің үстімен жүруді,іздермен
жүруді.
Түсінеді:Жаттығулар табан бұлшық
еттерін нығайтатындығын. Қолданады:жаттығулар орындау кезінде
шапшаңдық,ептілік,мұқияттылық тәрізді
сапаларды.