жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Біз не үйрендік?не білдік?"
Сабақтың тақырыбы: Біз не үйрендік?не білдік?
Сабақтың мақсаты: 1.Бес сала бойынша балалардың білімдерін
тиянақтау, сандарды тура және кері санауға,
ауызша есептер шығаруға, буындарды оқуға,
сөйлем құра білуге, буынға бөлуге және айта
білуге мақсат көзделеді.
2.Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру, сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту.
3. Балаларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа,
жылдам ойлауға , ойын қорыта білуге,
табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, сандар, жұлдызшалар,
карточкалар, шарлар . шарлар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
-
Балалар бүгін бізге қонақтар келіп қалыпты, енді осы қонақтармен амандасып алайық!
-
Қуанамын менде
-
Қуанасың сенде
-
Қуанайық достарым
-
Арайлап атқан күнге!
-
Балалар бізге бүгін сабаққа қонақтар келіп отыр. Сабаққа барлығымыз қатысып, өз білімімізді көрсетейік. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызша беріп отырамын. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Біз не үйрендік? Не білдік?» деп аталады.
-
Қане ең алдымен есімізге түсірейікші? Қандай пән атауларын білеміз?
-
(Қарапайым математика, сөйлеуді дамыту, сауат ашу, драма,жаратылыстану, қоршаған орта ,сурет салуғ апликация т.б)
-
Өсті міне бойларың
-
Өсті ақыл ойларың
-
Қуанышқа ортақпын
-
Құтты болсын тойларың
Балалардың тақпақтары: Анаргүл Санжар Бұлбұл Шыңғыс Т. Кәусар Бекзат
Ән: Ұстаз-Ана балалардың орындауында
Жақсы балалар біз бүгінгі сабақта қызықты дидиктикалық ойындар арқылы жыл бойы өткендерімізді қайталайтын боламыз.
Тәрбиеші: Ал ендеше тұрмайық
Ойынымызды бастайық
Не үйрендік, не білдік?
Соны ортаға салайық
Осы кезде шарларымен сайқымазақ келеді. – Сәлеметсіздерме балалар ! Мында не болып жатыр?
Тәрбиеші: Біздің балаларымыз 1-інші сыныпқа барғылары келеді. Бірақ онда бару үшін өз білімдерін көрсетулері керек, сондықтан олар әр түрлі тапсырмалар орындағалы отыр.
Сайқымазақ: -Сендер әлі кішкентайсыңдар ғой?
Балалар: -Жоооқ!
Сайқымазақ: Сендер 1-сыныпқа барғыларың келеді екен олай болса білімдеріңді тексеріп көрейік. Мында менің орындай алмайтын тапсырмаларым бар еді. Маған көмектесіңдерші? Егерде біз барлығын орындасақ онда мен ойыншықтарымды кішкентай балаларға беріп, сендермен бірге 1 сыныпқа барамын
Сайқымазақ бір шарын жарып 1-ші тапсырманы ашады.
Ойын «Есіңе түсір жылдам айт» (Қоршаған ортамен таныстыру)
-Балалар жылдың неше мезгілі бар?
-Жыл мезгілдерін атап беріңдерші?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Ал сендер оны қайдан білдіңдер?
Слайд Қыс, Көктем, күз, жаз суреттерін көрсетіп әңгімелеу, орысша тақпақтар айту
-Бір аптада неше күн бар?
Жанды және жансыз табиғат ойыны.
Ойын. «Тауып айт»
1.-Мамандықтарды ата? -Ал сендер өскенде кім болғыларың келеді?
-қандай мамандық иелері болғыларың келеді?
2.-Не көріп тұрсыңдар балалар?
-Көліктер нешеге бөлінеді? - Тас жол көліктері
-Суда жүретін көліктер
- Әуе көліктері
Жұмбақ: Бір көзім кідір дейді
Бір көзм жүгір дейді
Бір көзім абайла дейді
Қарап ал маңайға дейді (Бағдаршам)
Бағдаршам ойыны
Сайқымазақ тағы бір шарын жарып 2-ші тапсырманы ашады
Математика сабағына байланысты логикалық есептер.
-Балалар біз тура және кері санауды , қосу мен азайтуды , есеп шығаруды қай пәннен үйрендік?
1. «Білгіш болсаң.......» ойыны
-Жұдырықта неше саусақ бар?
Анасының мыығы, иті, қызы, бар. Анасында неше бала бар?
-Ағашта 4 құс отыр, оған тағы 2 құс келіп қосылды. Ағашта қанша құс отыр?
- 5 әтеште неше құйрық бар?
-10 саны қанша таңбалы сан?
Сайқымазақ: -Жарайсыңдар ал енді есептерді шығарып көрейік?
Кім шапшаң! Ойыны
-Жаз мезгілі де келіп жетті балалар мыны гүлдегі есептерді шапшаң шығарып құмыраға салайық. Сары гүл - желтый – yellou 2+3
-Ал қазір сендер маған 10ға дейін тура және кері санап беріңдерші?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар Бірақ бұл тапсырма біздің балалар үшін өте оңай, өйткені олар ағылшын тілін де өтеді. Ал санап көрейік.
Өздерің білетін санамақтар айту - Дәулетжан Нұрай Руслан Кәусар С . Ақнияз Гаухар Абылай Мәриям Р.Мадияр
Тест тапсырмаларын тарату
Сергіту сәтін жасау «Аяқпенен топ-топ-топ»
Сайқымазақ: Олай болса мен сендерге тағы бір тапсырмам бар.
3-ші шарды жарып тапсырманы ашады Сауат ашу
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық ойланып
-Балалар біздер әріптерді сөздерді оқуды жазуды қай пәннен үйрендік?
-Дыбыстарды біз естиміз және айтамыз, ал әріптерді көреміз және жазамыз.
-Балалар дыбыстар екіге бөлінеді екен.. Олар қанай топтар?
-Дауысты дыбыстарды қай түспен белгілейміз? Олар қай түсті сарайда тұрады?
-ал дауыссыз дыбыстар ше?
Ойын «Сөз ойла тез ойла»
-Мен әріп қалтасынан кез-келген бір әріпті көрсетемін сендер сол әріптен басталатын сөздер айтасыңдар.
Ойын «Буынға әріп қос» - мен бір буын жазамын сендер мен жазған буынның бас жағына әріп қосып сөз шығарасыңдар.
Сөздерді буынға бөлу, суреттер бойынша сөйлем құрау.
Ертегілер әлемін тану. Слайд Шалқан ертегісі сахналау (Драма)
Сайқымазақ: Олай болса мен сендерге тағы бір тапсырмам бар.
4-ші шарды жарып тапсырманы ашады. (Сөйлеуді дамыту)
-
Ойлан тап. Ойыны Отбасы мүшелерін ата. Орысша, ағылшынша
-
Ертегіні еске түсірейік. Тақтаға «Шалқан ертегісі » суреті ілінеді. слайд
-Ертегідегі кейіпкерлерді атайықшы?
-Олар қайда тұады?
-Шалқанды кім отырғызады ? Ол қандай боп өседі? Ертегі қалай аталады? Кім кімге көмектесті? Ата,әже, немере бір сөзбен кім деп атаймыз
Тәрбиеші: -Балалар жануарлар нешеге бөлінеді?
(Жабайы, үй жануарлары)
«Сен білесің бе?» ойыны. Әр түрлі жануарлар мен құстардың дыбыстары қосылады.
Жұмбақтар жасыру.
Төбесінде қу бұтақ Қаймықпайды күшті аңнан
Алар екен кім бұтап (Бұғы) Қорқады тек тышқаннан (піл)
Сылдырдан қорқады Гүлдің нәрін жинайды
Шошынып жортады (қоян) Адамға бал сыйлайды (ара)
Мазаңды ап Шашы жоқ тарағы бар
Ағаштарды тазалап Егіні жоқ орағы бар (қораз)
Ормандарды емдейді
Зиянкесті жазалап (тоқылдақ)
Сайқымазақ : Сендер өте көп біледі екенсіңдер? Жарайсыңдар! Менің берген барлық тапсырмаларымды орындадыңдар. Ал енді мен балабақшаға барып келейін, ойыншықтарымды кішкентай бүлдіршіндерге беріп сендермен 1-ші сыныпқа барамын. Балалар сендер мені аласыңдар ма?
-Балалар Иә Сайқымазақ қоштасып кетеді
Ән : Әрқашан күн сөнбесін. хор
Рефлексия «Достық ағашы» жапырақтарды жапсыру.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген