15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Біз қалай қозғаламыз?" 1 сынып
Сабақ тақырыбы: |
Біз қалай қозғаламыз? |
Мектеп: «№188 МГ» |
|
|
|
Мұғалімнің есімі: Қалқаева Бақтылы |
|
СЫНЫП: 1 «В» Пәні:жаратылыстану |
|||
Оқу мақсаты |
Әртүрлі заттардың қозғалысына мысалдар келтіру.Табиғаттағы және адам өміріндегі қоғалыстың маңызын анықтау. |
||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: адамның және табиғаттағы денелердің әртүрлі қозғалыс жасайтынын біледі, мысалдар келтіреді, тәжірибе жүзінде іске асырады,қозғалыстың маңыздылығын анықтайды |
||
Оқушылардың басым бөлігі: әртүрлі денелердің қозғалысын түсіндіре біледі, көрсете алады, салыстырады, ұсынады. |
|||
Кейбір оқушылар: қозғалыстың маңыздылығын дәлелдейді, өмірмен байланыстыра ой-тұжырым жасайды. |
|||
Бағалау критерийлері |
Әртүрлі заттардың қозғалысын көрсетіп, мысалдар келтіреді. Денелердің қозғалысын түсіндіріп, салыстырады. Қозғалыстың маңыздылығын дәлелдеп, өмірмен байланыстырады. |
||
Тілдік мақсаттар |
Тірек сөздер: әсер ету, басқару, айналдыру. Диалогқа түсіп, сыни ойлауға жетелейтін сұрақтар: - Қозғалыстың адам өміріндегі алатын орны қандай? - Жануарлар үшін маңыздылығы неде? - Таңертеңгілік жаттығуларды не үшін жасаймыз? - Қозғалыстың жүзеге асуына не себеп болады? - Әртүрлі заттарды қозғау үшін қандай қимылдар жасаймыз? |
||
Құндылықтарды дарыту |
Қозғалыс - бұл өмір.Денені шынықтыру, белсенді қимыл-қозғалыстар жасау - салауатты өмір салтын ұстанудың бір бөлігі. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Дене шынықтыру: жаттығулар жасау Дүниетану: адамның тірек-қимыл қозғалысы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
|
||
Бастапқы білім |
Табиғаттағы заттар мен нысандар әртүрлі қозғалады. Қозғалыс - бұл дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы. Қозғалыс траекториясы дегеніміз-көліктің және басқа да заттың қозғалыс кезінде жасайтын сызығы. |
||
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы 12 минут |
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетілер-деп бір-бірімізге күлімдеп, бүгінгі сабаққа тілек тілейік. -Енді маған қараңдар, мен де сендерге бүгінгі сабақта нәтижелі жұмыс жасап, жаңа нәрсені біліп шығуларыңа тілектеспін. |
музыка |
Спортзалда жасайтын жаттығулар, заттарды қозғалысқа келтіруге байланысты, басқару бойынша қозғалысқа келтіретін, жануарлардың қозғалысы бейнеленген суреттер бойынша топқа бөлу. -Барлық топтардағы суреттерге тән қандай ортақ іс-әрекет бар? (Қозғалыс) Қозғалыс-движение-motion -Нелер қозғалады? -Көліктер-транспорт-transport -Жануарлар-животные-animals -Адамдар-люди-people Қ\Б: тамаша, жарайсың, керемет Әрбір дұрыс жауапқа медаль таратылады. |
Қимыл –қозғалысты бейнелейтін суреттер
Топқа бөлінуге байланысты слайд
Слайд |
|
Сабақтың ортасы 20 минут |
Сабақ мақсатымен таныстыру «Зерттеп көрейік» әдісі -Дене мүшелері ненің әсерінен қозғалады? (Сүйек, бұлшық ет) Жағдаят туындайды: Кейбіреулер сүйек, кейбіреулері бұлшық ет әсерінен қозғалыстың пайда болатынын айтады. -Тек қаңқаны қозғалтсақ не болады? -Тек бұлшықетті қозғалтсақ не болады? Тәжірибе: Тексерейік Оң қолымызбен сол қол алақан, саусақ бөліктерін ұстап көреміз. -Не байқадық? Тұжырым: Адам сүйек пен бұлшықет әсерінен қозғалады. Қ/Б: Сергіту сәті Топтық жұмыс.Оқулықтағы суреттер бойынша тапсырмалар: 1-топ: Спортзалда жасалатын жаттығулар. Тапсырма:Суреттерге қара.Балалар қандай жаттығулар жасап жатыр?Қай дене мүшелерін қозғап жатыр? Дескриптор: •Суреттерді мұқият қарайды. •Жаттығулардың түрлерін айтады. •Дене мүшелерінің қозғалысын көрсетеді. *«Спортзалда» тақырыбына әңгіме құра. 2-топ:Заттарды әсер ету арқылы қозғалту. Тапсырма: Суреттерге қара.Ойыншықтар өз беттерімен қозғала ала ма?Адамдар заттарды қозғау үшін қалай әсер етеді? (итеру, тарту, айналдыру) Дескриптор: •Суреттерге қарайды. •Сұрақтарға жауап береді. *Тағы қандай мысалдар келтіре аласыңдар 3-топ: Заттарды басқару арқылы қозғалысқа келтіру. Тапсырма:Ойыншықты алыстан қалай қозғауға болады? •Дескриптор: Ойыншықты пульт көмегімен басқару арқылы қозғалтады. *Мысалдар келтір 4-топ:Жануарлардың қозғалысы Тапсырма: Суреттегі жануарлар қалай қозғалады? Адамның және жануарлардың қозғалыстарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? Дескриптор: •Суреттегі жануарлардың қозғалыстарын көрсетеді. •Адам мен жануарлардың қозғалыстарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын айтады. *Жануарлар үшін қозғалыс неліктен маңызды? Топтар бірін-бірі «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.
|
Қаңқа, бұлшық ет макеті
музыка Оқулық
|
Сабақ соңы 8 минут |
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Саралаудың «Тапсырма» әдісі арқылы қабілеті жоғары оқушыларға «Спортзалда», «Адам мен жануарлар үшін қозғалыс неліктен маңызды?» деген тақырыптарда немесе суреттер бойынша әңгіме құрату ұсынылады.
|
«Басбармақ» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалады. «Термометр» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсетеді.
|
Қимыл-қозғалыс жасағанда қауіпсіздік техникасын сақтау. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген