400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Біз қалай тамақтанамыз?" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
дүниетану пәні бойынша жаңа бағдарламамен жасалған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Тағам және сусындар

Біз қалай тамақтанамыз?

Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі

Күні :


Мұғалімнің есімі: Отарбаева К.Ж

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар:ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігі туралы білу;


  • Оқушылардың басым бөлігі:тағам және сусын түрлерін ажыратып үйрену.

  • Кейбір оқушылар:бұрынғы мен қазіргі кезеңді елестету тәсілдерімен танысаy.

Тірек сөздер:

тағам – еда – food; сусын – напиток – drink.

Ресурстар:

Түрлі тағамдардың атауы жазылған үлестірме парақшалар, «Тағам және сусын» тапсырмасы бойынша А4 көлеміндегі қағаздарға жазылған тағам түрлерінің атаулары,

Сабақтың мақсаты:

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ең алғашқы адамдар жылы жерлерде өмір сүрген. Сондықтан олар жылы киім туралы қамданбады. Үйлерді қолайсыз ауа райынан және жыртқыш аңдардан қорғану үшін салды. Олар көп уақытын тағам іздеуге жіберетін. Әйелдер мен балалар жемістерді, өсімдік тамырларын, құстар мен тасбақалардың жұмыртқаларын терді. Ер адамдар аң аулаумен айналысты. Сол уақытта жер бетінде мамонттар болған еді. Ежелгі адамдар мамонттарды алдын ала жасаған шұңқырларға қуып, кіргізетін. Олар ұзақ уақыт бойы тағамды шикілей қолданды. Тіпті адамдар от тұтатуды үйренгенде аулаған аңның тұтастай еті жанып тұрған отқа сыйып кететін. Тағамды арнайы дайындаудың адамдар үшін қандай пайдасы болды? Біріншіден,

адамдар тамақтану үдерісіне аз уақыт жұмсады, себебі отқа піскен ас жұмсақ болды, сонымен қатар түрлі бактериялар мен паразиттерді өлтірді. Ғалымдардың пікірі бойынша алғашқы адамның тағам мөлшері әр алуан еді, олар қолдарына түскен тағамның барлығын жейтін. Кейбір қазіргі заманғы диетологтар алғашқы адамдардың тамақтануын адам үшін ең табиғи тамақтану жүйесі деп атаған. Адам тектес маймылдардың ең жоғары дамыған тұқымдасының бірі гоминидтердің сүйектері мен тістеріне жүргізілген талдау бойынша ежелгі адамдарда көптеген қазіргі аурулар – сүйек, тіс аурулары болмағанын, қатерлі ісік ауруымен, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауырмағанын білуге болады.


Қымыздың пайдасы туралы. Қымыз – емдіксусын, оны бие сүтінен жасайды. Қымыздың шипалық және емдік қасиеттері ерте заманнан белгілі. Ол ел арасына ғажайып қасиеттерімен танымал. Қымызды алғаш рет түркі тайпалары жасап үйренді. Олар бұл сусынды әзірлеу құпиясын сақтады. Қымызды «батырлардың сусыны» деп атаған. Қымызды қолдану арқылы асқазан, өкпе, бауыр т.б. ауруларды да емдеуге болады. Сонымен қатар қымызда дәрумендер көп және керемет салқындататын дәмі бар. Қымызды дайындау және пайдалану түркі халықтары мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады.

Психологиялық дайындық.

Сәлемдесу:

-Үлкенге де – «Сіз»,

Кішіге де - «Сіз»,

Сәлемдесіп құрметпен

Бас иеміз біз!

  • Бір-біріне сәттілік тілеу.

Оқушыларды қызықтыру үшін сабақты қалыпсыз нысанда бастаймын. Үстелдің үстіне тағам түрлерінің аты жасырылған қағаздарды қоямын. Оқушылар кезекпен шығып, қағаздағы тағамды жасырады . (мысалы, ақ, дәмді, қою) сипаттайды..Ал қалған оқушылар сипаттама арқылы қандай тағам екенін табады. Бұл тәсіл «Тағам және сусын» сабағының тақырыбын анықтауға көмектеседі.


Суреттерді салыстыр. Оқушылар бұл тапсырмада оқулықта берілген 1-суреттегі көріністерді салыстырады. Бір оқушы ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануындағы ұқсастықты, ал екінші оқушы айырмашылықты табады. Бұл тапсырма оқушыларға алғашқы адамдардың тамақтану ерекшеліктері туралы білуіне көмектеседі. Оқушылардың білімін деректі материалдан алынған ақпаратпен толықтырамын.

Балалардың тамақтану тәртібі. (Видеоролик көрсету) Уақыттың шектеулі екенін алдын ала ескертемін. Мысалы, оқушылар тапсырманы музыка ойнап тұрған кезде орындап, музыка аяқталғанда немесе алақаныңызды үш рет соққанда бітіреді. Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз.

Тағам және сусын.

Оқушылар оқулықтағы 2-мәтінді оқиды

«Сөйлейтін қабырғаға»

Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылардың санына қарай тағам өнімдерінің атауы (алма, шұжық, сәбіз, айран және т.б.) жазылған үлестірме парақшаларды таратып беремін.

А4 мөлшеріндегі қағазға жазылған «жеміс-жидектер», «ет өнімдері», «сүт өнімдері», «ұн өнімдері» атауларын іліп қойыңыз. Оқушылар сіз берген белгі бойынша «сөйлейтін қабырғада» ілінген атауларға сәйкес жылдам 4 топқа бөлінеді. Кейбір оқушылар қолдарындағы тағам туралы әңгімелеп беруі керек.

Тағам түрлері. Сәйкестендіру.

Оқушылар оқулықтағы 2-мәтінді оқиды.

Бір күндік ас мәзірін жасап, тақтаға ілу.

Қорытынды.

Кір жаятын сөре әдісі

Оқушылар партаның үстіндегі суреттерден пайдалы тағамдар мен сусындарды алып жіпке қыстырады (кір бастырғышпен)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі