15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Біздің айналамыздағы өлшемдер" 1 сынып
|
Пән: математика Мектеп:№7 ЖББОМ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сандар және өлшемдер / шамалар және олардың өлшеу бірліктері Күні: 23.06.2017ж. Мұғалімнің аты-жөні: Абеугалиева Ансаган Аманбековна Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
|
Сабақ тақырыбы: |
Біздің айналамыздағы өлшемдер |
|
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.3.1 ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажырату; өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу 1.1.3.2 ** см, дм/кг/л өлшем бірліктерін қолдану арқылы шамаларды өлшеу 1.1.3.3 ** ұзындық: см, дм/ масса: кг/ сыйымдылық: л шамаларының мәндерін салыстыру және шама мәндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындау 1.1.3.4 ұзындықтың см, дм өлшем бірліктерін олардың арасындағы қатынас негізінде түрлендіру |
|
Сабақ мақсаттары |
Айналадағы заттардың ұзындығын, көлемін, массасын өлшеуге үйрету. Шартты өлшемдермен ұзындықты, көлемді, массаны өлшеу дағдысын дамытып, бекіту. Барлық оқушылар:(А,В,С) Айналадағы заттарды өлшей алады. Ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажыратады. Көптеген оқушылар:(А,В) Заттардың ұзындығын, көлемін, массасын белгілейді, салыстырады, шама мәндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындайды. Кейбір оқушылар:(А) Заттарды түріне қарап олардың массасын айтады. Берілген тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды. |
|
Бағалау критерийлері |
Оқушылардың математикалық тілдерін дамыту үшін сыныптағы “Сөздер тақтасына” көңіл бөліп, тақырыпқа байланысты сөздерді қайталатып айтқызамын. Ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық)/шамаларын ажыратады және өлшеу құралдарын анықтайды; Шамалардың өлшем бірліктерін ажыратады; Ұзындықты өлшейді және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазады; Заттың салмағын (массасын) анықтайды; Сұйықтықтың көлемін анықтайды және нәтижесін сәйкес өлшем бірлігімен жазады; Ұзындық, масса, көлемнің өлшем бірліктерін салыстырады; Атаулы сандармен амалдар орындайды; Ұзындық өлшем бірліктерін түрлендіреді. |
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар масса, ұзындық, көлем тірек сөздерін айтады. Ұзындық –сантиметр (см), көлем- литр(л), масса-килограмм (кг)
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылардың шартты өлшемдер ұзындық, көлем, массаны өлшеу дағдысы дамиды. Адам өмірі айналасындағы заттарды өлшеумен тікелей байланысты. Оқушылардың қоршаған орта туралы дүниетанымын қалыптастыруға, оны танып-білуге деген қызығушылығы артады. |
|
Пәнаралық байланыстар |
Жаратылыстану- оқушылар өз дене мүшелерінің өлшемдерін өздері өлшеп үйренеді. |
|
Бастапқы білім |
ондықтармен тура және кері санай алуы; оқуы, жазуы, бір таңбалы сандарды қосады. Ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамаларын ажырата алады; Шамаларының мәндерін салыстыру және шама мәндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындай алады. |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||
|
Сабақтың басы 2 мин 1 мин 4 мин |
(С) Ширату жаттығуы: Масса өлшемінің бірліктері. Килограмм Оқушылардан салмақтың (массаның) үйренген өлшем бірліктерін атауды сұраймын. Оқушылар масса, ұзындық, көлем тірек сөздерін айтады. Ұзындық –сантиметр (см), көлем- литр(л), масса-килограмм (кг) – 1 кг салмағы бар заттарды қалай тексеруге болады? Ауызша кері байланыс беремін (С) Сыйымдылық өлшемінің бірліктері. Литр Белгілі бір мөлшерде күріші бар мөлдір полиэтилен пакетін аламын. -Сіздің ойыңызша мұнда 1 литр күріш пе, немесе одан артық/кем? Олардан шешімдері туралы сұраймын. Көбісі 1 литрді құрайтын мөлшердегі өздеріне таныс затпен салыстырып бірнәрсе айтады, мысалы, жеміс шырынының тетра пакеті. Қ.Б. - Кері байланыс: оқушылардан масса, сыйымдылық өлшем бірліктерін табуға байланысты сұрақтар қойылады және ауызша бағаланады. Сабақты заттарды өлшеудің қажеттілігінің туу тарихы туралы әңгімеден бастаймын. Қазіргі заманда өлшеу жұмысы негізгі орын алады. Бірақ үнемі олай болған жоқ. Барлығы шебердің көз мөлшерімен, ішкі сезімімен жасалған. Кейіннен адамдар топталып өмір сүре бастаған. Тауар айырбастау, сауда-саттық пайда болды. Сонда өлшеудің қажеттілігі туды. Егіншілікпен айналысқанда жердің өлшемін өлшеу қажет болды. Кемелер, құрылыс салу жұмыстары ұзындықты өлшеуді қажет етті. Заман талабына қарай өлшеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі арта түсті. Өлшеудің әр маман иесіне (дәрігерге, тігіншіге, құрылысшыға, сатушыға т.с.с.) не үшін қажет екенін оқушылармен бірге әңгіме жүргізу арқылы талдап, ұзындықты, массаны, көлемді өлшеудің өмірмен байланысын көрсетемін. (Т,Қ) Кіріспе тапсырма. Бір ыдысты алып, осы ыдыстың көлемін, массасын, ұзындығын өлшеуге болатынын айтамын. Мүмкін болса, бір ыдысқа әртүрлі өлшеу жұмыстарын жүргіземін. Сыйымдылығы 2-3 литр болатын әртүрлі бірнеше ыдысты қолданып, жұмысты топпен орындатамын (ыдыстар өлшеуге ыңғайлы болу керек):
— бірінші, ыдыстың биіктігінің қанша сантиметр болатынын анықтатамын; — eкінші, ыдыстың сыйымдылығын бір литрлік құтының көмегімен су құйып анықтатамын; — үшінші, ыдысты таразыға салып, массасын анықтататамын. Қ.Б. -
Кері байланыс: Жұмысты орындап болған соң әртүрлі сұрақтар қою арқылы қорытындылап, смайликтер арқылы бағалаймын. |
күріші бар мөлдір полиэтилен пакеті
Видео-ролик
сызғыш; сантиметрлік таспа; әртүрлі көлемдегі ыдыстар;
сызғыш; сантиметрлік таспа; әртүрлі көлемдегі ыдыстар; су; таразы; А4 қағаз парақтары. |
||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 3 мин 2 мин 2 мин 2 мин 1 мин 4 мин 5 мин 6 мин |
(Т) Табаныңның ұзындығын өлше. Тапсырманы орындау үшін оқулықтағы суретті басшылыққа ала отырып, оқушылардың барлықтарына табандарының ұзындықтарын өлшеуді ұсынамын. Олардың әрқайсысына табандарын бастырып сызуға бір парақ қағаздан таратып беремін. Одан кейін үлкен бақайынан өкшесіне дейінгі ұзындықты анықтатамын. Нұсқаулық ретінде оқулықтағы суретті ұсынамын. Табан ұзындығы бойынша аяқ киімнің өлшемін анықтауға болатынын түсіндіремін. Оқулықта берілген кесте бойынша оларға аяқ киімінің өлшемін анықтауды ұсынамын.
Табаныңның ұзындығын өлшеуде қандай қиындықтар болды? Аяқ киіміңнің өлшемін ненің көмегімен анықтадың? Қ.Б. Кері байланыс: Оқушылардың табандарының ұзындықтарын өлшегенде қандай қиындықтар болғанын кейбір оқушылардан сұрап, оларды ауызша бағалаймын. (Ж) Ыдыста неше литр су бар? Берілген тапсырмада оқушы ыдыста неше литр су барын және ыдысты 10 литрге дейін толтыру үшін, тағы неше литр су құю керек екенін анықтатамын. Cуретке қарап ыдыстағы бір сызықтың 1 литр екеніне сүйеніп, қалған жолақтарды санап, 3 литр су құю керектігін табуларына болады. Немесе ыдыстағы су 7 литр екенін сурет бойынша анықтайды. Әртүрлі жолмен табуға болатынын ескертемін. Қ.Б. Кері байланыс: Топтағы 1 оқушыға: Барлығы 10 литр болу үшін 10-нан өздері анықтаған 7 литр суды алып, ыдыс толу үшін неше литр су құю керектігін амалды орындау арқылы табады және смайлик арқылы бағаланады. (10 – 7 = 3) Жауабы: ыдыста 7 литр су бар; толтыру үшін 3 литр құю керек. (Т) Шығарып көр. Сурет бойынша қарбыздың массасын анықтатамын. Не істеу керегін сұраймын. Табақты таразының бір табағында жалпы массасы 3 кг болатын заттар тұр. Егер таразы тепе-теңдікте тұрса, онда қораптың массасы да 3 кг. Екінші таразының бір жағындағы заттардың жалпы массасы 4 кг. Таразы басы тең болғандықтан, таразының екінші табағындағы заттар массасы да 4 кг болу керек. - Екінші табақтағы кіртасы 2 кг болса, қарбыз неше кг болады? Жауабы: қарбыз 2 кг. Қ.Б. Кері байланыс: оқушылар таразы басы тең болғандықтан, таразының екінші табағындағы заттар массасы да 4 кг болу керектігін табады және әр топ ауызша бағаланады. (С) Ойлан. Суреттегі ыдыстар көлемі бірдей. Ал олардың ішіне әртүрлі заттар толтырып салынған. Сондықтан оқушылар заттардың массасы бірдей болады деуі мүмкін. Оқушылар өмірден көргендерін пайдаланып, сұраққа жауап беруі де мүмкін. Тапсырманы орындау қиындық туғызса, бір жүгері мен бір шақпақ қанттың массасын салыстыртамын. бір жүгері мен бір шақпақ қанттың массалары қандай деп ойлайсың? Қайсысы ауыр, қайсысы жеңіл? Қ.Б. - Кері байланыс: Оқушылар жүгері мен шақпақ қанттың массасын анықтап, олардың қайсысы ауыр екендігін анықтайды және смайлик арқылы бағаланады. Жауабы: 1 ыдыс қант ауыр. Сергіту сәті (Ж) Орындап көр. Оқушылардан әркім өзінің алақанын өлшеуді сұраймын. Ол үшін қатырма қағазды алып, алақандарын үстіне қойып, ортаңғы саусағынан білезігіне дейінгі шеткі нүктелерін белгілеу керек. Осыдан кейін осы арақашықтықты сызғышпен өлшеу керек. Атаулы санды түрлендіруді орындау керектігін айтамын. Осы ұзындықты дециметр мен сантиметр арқылы өрнектетемін. - ортаңғы саусағынан білезігіне дейінгі арақашықтық қанша болды? Осы тапсырманы орындауда қандай қиыншылықтар болды? Қ.Б. Кері байланыс: Оқушылардан әркім өзінің алақанын, ортаңғы саусағынан білезігіне дейінгі арақашықтық өлшейді және ауызша бағаланады. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар: (Ж) Тиісті парақшаларды сызықпен қос. Оқушыларға суретке сүйеніп, ұзындығы бірдей, массасы әртүрлі, биіктігі бірдей, көлемі әртүрлі және массасы бірдей, өлшемі әртүрлі заттар болатынын анықтайды.
Заттардың ұзындығын өлшетіп, нәтижесін кестеге жазғызамын. Заттардың ұзындығын кестегe толтырады. Жауабы: сағат -11 см, мәшине - 10 см, қонжық -12 см. Кері байланыс: Оқушылар тиісті парақшаларды сызықпен қосып, заттардың ұзындығын өлшеп, нәтижесін кестеге жазғызады. Заттардың ұзындығын кестегe толтырады. Әр оқушы смайликтер арқылы бағаланады. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткіземін. Қ.Б. арналған тапсырмалар жинағынан: Суреттерді тиісті өлшем құралдарымен сәйкестендіріп сызыңыз және шамалардың атауын жазыңыз.
Өлшем бірліктерін жазыңыз. - Ұзындық өлшем бірліктері: __________ - Масса өлшем бірлігі: ____________ - Сыйымдылық өлшем бірлігі: _________ Дескриптор: Білім алушы - суреттерді өлшеу құралдарымен дұрыс сәйкестендіреді және шамаларды жазады; - ұзындық өлшем бірліктерін дұрыс жазады; - масса өлшем бірлігін дұрыс жазады; - сыйымдылық өлшем бірлігін дұрыс жазады.
Сурет бойынша асқабақтың массасын анықтаңыз. Өрнек құрастырып жазыңыз және мәнін есептеңіз.
Дескриптор: Білім алушы - сурет бойынша өрнек құрастырып, мәнін табады және сәйкес өлшем бірлігін жазады. Шәйнекте үш литр су бар. Шәйнектегі судың көлемін анықтау үшін неше ыдыс керек? Белгілеңіз.
Дескриптор: Білім алушы - шәйнектің сыйымдылығына сәйкес ыдыстардың санын анықтайды және белгілейді. Кері байланыс: Оқушылар Қ.Б. арналған тапсырмалар жинағынан тапсырмаларды орындайды және әр оқушы жазбаша кері байланыс алады. |
А4 қағаз парақтары Оқулық: 128, 129-беттер.
Оқулық: 128, 129-беттер.
1 литрлік өлшемі бар ыдыс, су
Оқулық: 128, 129-беттер.
Таразы, қарбыздың, кір тастың суреттері
Оқулық: 128, 129-беттер.
Жұмыс дәптері: 127-жұмыс парағы. 128-жұмыс парағы. Қ.Б. арналған тапсырмалар жинағы, қарындаш, қалам |
||||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 мин |
Қорытындылау Оқушылар сабақтың соңында айналасындағы заттардың:
Есте сақта! Кестедегі шамалар мен олардың өлшем бірліктері туралы айтып, қорытындылаймын.
Рефлексия: Қарындашпен боя.
|
Шамалар мен олардың өлшем бірліктері жазылған кесте
Әр оқушының алдына бағдаршамның суреті беріледі |
||||||||||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||||||
|
Тапсырмалар білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған. Жаттығуларды жасау кезінде көмекті қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беремін, көмек көрсетемін. Мынандай сұрақтар арқылы жетелеймін: 1 кг салмағы бар заттарды қалай тексеруге болады? - Ұзындықты қандай өлшем бірлікпен анықтадың? (см) - Массаның өзің білетін өлшем бірлігін ата.(кг) - Ыдысқа қанша су сыятынын анықтау арқылы заттың несін білеміз? (көлемін) - Ыдысты таразыға салып өлшеу арқылы нені анықтаймыз? (массасын) Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады. Күрделі тапсырмалар қажет ететін оқушыларға арналған тапсырмалар ұсынамын. Ойланту үшін арнайы сұрақтар қойылып жауап алынады. Мысалы мынандай сұрақтар: - Аяқ киіміңнің өлшемін ненің көмегімен анықтадың? - Бір ыдыс жүгері мен бір ыдыс шақпақ қанттың массалары қандай деп ойлайсың? Қайсысы ауыр, қайсысы жеңіл? - Ортаңғы саусағынан білезігіне дейінгі арақашықтықты қалай анықтадың? Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалар ұсынамын. Кейбір оқушылар заттарды түріне қарап олардың массасын айтады. Берілген тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды. Жеке сұрақтар қойылады. Оқушылар әр тапсырма, жаттығу соңынан үнемі бағаланып отырады, осылайша оқушылардың қажеттіліктері үнемі түзетіліп отырады. |
- 1 кг салмағы бар заттарды қалай тексеруге болады? - Ұзындықты қандай өлшем бірлікпен анықтадың? (см) - Массаның өзің білетін өлшем бірлігін ата.(кг) - Ыдысқа қанша су сыятынын анықтау арқылы заттың несін білеміз? (көлемін) - Ыдысты таразыға салып өлшеу арқылы нені анықтаймыз? (массасын) - Аяқ киіміңнің өлшемін ненің көмегімен анықтадың? - Бір ыдыс жүгері мен бір ыдыс шақпақ қанттың массалары қандай деп ойлайсың? Қайсысы ауыр, қайсысы жеңіл? - Ортаңғы саусағынан білезігіне дейінгі арақашықтықты қалай анықтадың?
|
Оқушылар алақандарының, табандарының ұзындықтарын өлшегенде көңіл-күйлері көтеріледі;
Сабақ бойы орындаған тапсырмалар арқылы қызығушылықтары артады;
Видео роликті тамашалау арқылы естеріне жақсы сақтайды;
Сергіту сәті арқылы денелері шынығады. |
||||||||||||












Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген