Ашық сабақ «Біздің кішкентай достарымыз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Біздің кішкентай достарымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ «Біздің кішкентай достарымыз»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай ауданы Затобол кенті әкімдігінің «Гүлдер» Бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны















Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:

«Біздің кішкентай достарымыз»

Ересек «Гүлдәурен » тобы












Тәрбиеші:

Нурбаева Ж.Е











2019 оқу жылы

«Гүлдәурен» тобындағы ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 24.01.19
Тәрбиеші: Нурбаева Ж.Е
«Әлеуметтік орта» «Шығармашлық» білім беру саларының ұйымдастырылған оқу қызметі.
Қоршаған орта Мүсіндеу
Өтпелі тақырып:
«Құстар біздің досымыз»
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Табиғатты күтуге,аялауға, құстарға қамқор бола білуге тәрбиелеу. Балаларға адамгершілікке табиғатты аялап, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оларды белгілеріне қарай ажыратып, атай білуге үйрету. . Сөздік қорын молайту.

Оқыту: Қазақстандағы қыстап және жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы түсініктерін қалыптастыру(шымшық, суық торғай, сауысқан, торғай). Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айта отырып, қыстап қалатын құстар туралы білімдерін жетілдіру.
Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы, денсаулық технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: құрал-жабдықтар, презентация, ермексаз, пышақ, үлгі
Билингвалдық компонент:

1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Ұйымдастырылыған оқу қызметінің барысы:
Құстардың дауысы естіледі.

-Балалар, бұл ненің дауысы?
-Қандай құстарды білесіңдер?
-Құстың дене мүшесін атаңдаршы?
-Қанат не үшін керек?
Ал адам ұша ала ма? Неге?
-Сендер құс болғыларың келе ме?

2.Негізгі бөлім  
 Біз табиғаттың әсемдігіне, сұлулығына таң қалып, қызығамыз, оны біз қалай білдіреміз?
- Табиғат аясында не істейміз?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тас, құм, су, қар, мұз, тау, күн, жер, топырақ қай табиғатқа жатады?
- Ал адамдар, жануарлар, құстар, ағаштар, жәндіктер, гүлдер, балықтар қай табиғатқа жатады?
- Осы екі табиғат бір–бірімен байланысты. Бүгін біз құстар жайлы әңгімелесеміз.




1-тапсырма: Д.о. «Құстың мекені» Балалар құсты атап, орналасқан мекенін айтады (ағаш, үйдің шатыры, өзен)

Сергіту сәті:
Қарлығаш боп ұшайық.
Торғай болып  қонайық.
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп шоқиық
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.


2-тапсырма Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» ойыны

Шарты: мен сендерге сөйлемнің басын бастаймын, сендер аяқтайсыңыздар.
- Құстар ұша алады, өйткені ...
- Құстар қоректенеді ...
- Көктемде қайтқан құстар ...
- Аяздан қорықпайды ...
- Үй құстары ...
- Құстар қорғайды ...
- Құстар бір–біріне ұқсайды, ....

3-тапсырма «Құсты және ұясын құрастыр» ойынын ойнаймыз.

(Геометриялық пішіндерден құс бейнесін, ұясын құрастыру)

4-тапсырма Фонетикалық жаттығу:

Бала қарға – қарқ, қарқ (бәсең дауыспен)
Ана қарға – қарқ, қарқ (орта дауыспен)
Әке қарға – қарқ, қарқ (қатты дауыспен)


5-тапсырма «Қыстайтын құстар» мүсіндеу
Балалар біз бүгін нелер туралы сөйлестік?
Құстар туралы не білдік? Қыста қалатын құстарды білеміз бе? Ендеше балалар бәріміз мынау үлгіге қараймыз, бүгін біз ермексаздан қыста қалатын құстарды мүсіндейміз.
Жұмыс ретін түсіндіру, қауіпсіздік ережелерін сақтау, балалармен жеке жұмыс



3.Қорытынды
- Балалар біз бүгін не жасадық?
-Қыста қалатын құстарды атайықшы?
-Оларға біз қалай қамқор бола аламыз?
-Қорытындылау. Балаларды мақтап-
мадақтау











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2021
554
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі