жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Біздің мектеп" 2сынып
Смаилова Гүльнар Ажибаевна «Тиімді оқытумен оқу» А есебі
ПШО Көкшетау қаласы филиалы мұғалім портфолиосы
Оқыту мен оқудағы өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп
Бұл бадарламаның мұғалімдер үшін үлкен көмегі болады деп ойлаймын. Менің ойымша мұғалімдердің педагогикалық білімін толықтыру және дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан курстардың оқу бағадарламасы, әрбір деңгейі немесе әрбір сатысы мұғалім үшін пайдалы және тиімді. Жеті модульді сабақта тиімді қолдана білуге үйрете отырып оған керекті әдіс-тәсілдермен бірге жұмыс істеу қарастырылады. Осы оқудан кейін өз тәжірбиемде жеті модульді табысты түрде қолданамын деп ойлаймын. Сабағымда жеті модульді кірістіре отырып, оқушылардың пәнді терең түсінуіне, өз ойларын айта білуге, ізденушілікке, бірін –бірі бағалауы, өзін бағалау, топпен жұмыс, жұппен жұмыс түрлері тиімді пайдалану жолдарын қарастырамын.
Бұл курста алған тәжірбиемді мектепке барған кезде, үйренген әдіс-тәсілдерімді, сергіту сәттерін, жеті модульдің барлық модульдерін сабағыма қоса отырып үлкен өзгеріс еңгіземін деген мақсат қойдым. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспарларда мәліметтерді толық өзіме керекті, пайдалы деген жақтан бастап қарастыра отырып құрастырдым. Орта мерзімді жоспарым 2-ші сынып дүниетану пәнінен алынады . Менің мектебім бөлімі төрт тақырыпты қарастырады. Ол сабақтардың мақсаты: оқушыға мектеп жайлы жан-жақты ақпарат беріледі Өз сабағымда жеті модульдердің бірін немесе бірнешеуін қолданамын. Курста жасаған жұмыстарымды қарастыра отырып өзіме керекті деген модульдерді қолданып отырып сабақ мақсатына жетуге жұмыс жасаймын. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді сабақта қолдану кезінде оқушылардың емін-еркін, қысылмай, ойын жеткізе білуге, топтық, жұптық жұмыс жүргізу кезінде, өзіндік жұмыс жасауда өз ойын толық жеткізуге үйренеді.
Жас еркшеліктеріне сай оқыту оқушыларға тапсырма беру кезінде жас шамасына қарай тапсырма берілу керек. Сыныптағы оқушы жасыда кейде қарастырылады. Көбінесе оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау кезінде жас ерекшеліктеріне қарай тапсырма берілуі керек. Қиын тапсырмалар кезінде мұғалім жағынан қолдау болады. Жаңа тәсілдердің бірі диалогтік оқыту сабақтың барлық бөлімінде кездеседі. Диалогті оқыту адамның сөйлеу қабілеті мен сөздік қорын дамыту мақсатында жүреді. Диалогты оқу оқушылардың ойын жүйелі жеткізуге, сөздік қорын молайтуға қолайлы.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөлі бар деп айтқан. Марсер мен Литон (2007) өз еңбектерінде диалогты сабақ оқушылардың қызығушылығын артыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне ықпал ететінің көрсетті. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 39-бет) Орта мерзімді жоспар құру кезінде «Гүл күлтелі», «Идеялар алаңы», «Сөкеде не бар?» дегендей жұмыстарды орындауда топтық жұмыс, топтарға сұрақ қою қарастырылады. Постер, идеялар алаңы немесе суреттен қарап әңгімелеу кезінде оқушы өз жасаған жұмысын қорғау, дәлелдеу кезінде қойылған сұрақтарға ойлана жауап қайтарады. Менің тарапынан түрткі болуға арналған сұрақтар қоямын, қойылған сұрақтарым жеңіл түрде беріледі Өйткені сұраққа жауап берген кезде оқушы бойында өзіне сенімдік, қобалжу, сасқалақтаудан аулақ болуға үйренеді. Осы жұмыстарды қорғау кезінде басқа топтардың бағалауы мен өз ойларын айту арқылы оқушы бойында өзіне сенімдік, батылдылық пайда бола бастайы.
Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау сабақ үстінде жүреді ол оқушылардың білімін тексере отырып оқушылардың өздері және мұғалім оқушылардың қандай деңгейде тұрғанын анықтайды. Ары қарай қандай дағдыларды дамыту керек. Одан арғы оқудың мақсатына жету үшін кейбір оқушыларға қандай көмек керектігін білу. «Оқу үшін бағалау» сабақта үнемі жүріп отыру керек. «Мектептегі сүйікті істерінің тізімін жазып шық немесе мектепте жұмыс істейтін мамандық иелерін көрсет» деген сияқты тапсырмаларды орындату кезінде дескриптор арқылы оқушыны бағалаймын. Бұл жерде жеке жұмыста, топпен жұмыс түрлері жүреді. Оқушыларды графикалық органайзерлер мына түлреімен ««Бас бармақ», «Жапонша», «Блоб ағашы», «Театр», «Жетістік сатысы» сияқты бағалау түрлерін тапсырмалар орындалып болғаннан кейін жүргізіліп отырды. Графикалық органайзер оқушылардың көру қабілетіне қарай жасалатын бағалау түрі.Оқушының тыңдау ақылы және көру арқылы бағалау түрлеріде сабақ үстінде жүріп отыру керек. «Екі жұлдыз, бір тілек», «сематикалық карта», «қол», «өзін –өзі бағалау (+ -)» бұл жұмыстар ауызша және жазбаша түрде өткізіледі.
Оқу үшін бағалау оқушының қандай да бір белгіленген уақыты бойынша оқушының сол уақытқа дейінгі білімдері тексеріледі. Бұл жұмыс жеке жүргізіледі. Әр тапсырманың күрделігі мен оңайлығына қарай балл қойылады.
Бағалаудың басқа түрлеріне тоқтала кетейін олар: қадағалау, интерпретациясы, қорытынды. Қадағалау арқылы бағалау күнделікті жұмыстарымыздың көрінісі мысалы: оқушытақтаға шығып есеп шығару кезінде болсын мұғалім оқушы жұмысына қадағалау жұмысын жасап тұрады. Тапсырма кей кездері дұрыс орындалмаған кездері оған сұрақ қою арқылы арқылы оның жауабын қадағалаймыз. Оқушылардың өзіне ұнайтын тапсырмасы немесе пәніне қарай қызығушылқтары туы мүмкін тапсырманы тез орындап тастау кезінде көңілді күйіне қарап бағалау. Қорытынды бағалау өзі айтып тұрғандай оқушы жұмысының қорытындысы немесе жаңа тақырыпты оқушылардың қалай түсінгенің білу мақсатында қорытынды жұмыстар жүргізіледі. «Сөмкеде не бар?» ойынның шарты : оқушы сөмкеде не бар екенің табу. «Сөйлемнің басы» атты тапсырмада мен оқушылардың жан-жақты ойлануына, ақпараттарды еске қайтадан түсіру қабілеттерін дамыту үшін берілді. Бұл жерде берілген сөздердің бас немесе аяғын аяқтап, мағыналы бір ой шығуы керек болады. Төмен деңгейлі оқушы немесе кез келген оқушы сөйлемді ұйқастыра алмаған кезде көмек көрсетіледі. Осындай тапсырмаларды сабақты қорытындылау, бір тарауды қайталау, жаңа тақырыпқа кері байланыс жасау кезінде жүргіземін.
Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологиялармен сабақты қызықты өткізуге, көп ақпараттар көрсеруге, тыңдатуға болады. Сабақта АКТ қолдану кезінде оқушылардың бойында жаңа технологияларды үйренуге,білуге деген құлшыныс пайда болады.
Ақпараттық технологияны бірнеше түрде қолдануға болады. Оқушыларға видео, веб – материалдар, компьютер ақпараттар құрлымы, браузер, электронды почта жасау түрлерін үйренеді. Сабақта акт қолдану үлкен көмегі бар. АКТ қодана отырып оқушылар ақпаратты жан-жақты толық, түсінікті жеткізуге пайдасы өте зор. Әр бір пән мұғалімдері өз сабағына керекті технологияларды қолдана білу керек. Мен өз сабақтарымда интербелсенді тақтаны, аудио, видео қолданып жүрмін. Келешекте теледидар, интернет, ұял телефон, микрофон, подкастты қолданамын. Себебі оқушылар аудио-визуалды қабылдау кезінде 20 пайыз ақпаратты есте сақтайды екен. Оқушыларға алған білімдерін толықтыру мақсатында бейнефильмді көрсетемін бейнефилімді көре отырып оқушыда көру дағдысы жүреді. Көру дағдысы арқылы сөйлеу дағдысын дамыту үшін бейнефилімге байланысты сұрақтар мен суреттер көрсетемін. Оқушылар мектепішіндегі қызметкерлердің қызметі жайында айта отырып өмірмен байланыстырады.
Сын тұрғысынан ойлау жұмыстарын сабағымда көбірек қолданатын боламын. Сын тұрғысынан ойлау жұмыстарын істеуге төселген оқушылар бойында кез-келген ойлармен санаса алатын, өз ойларын дәлелдей алатын, ой –пікірлерін тыңдай алатын болады. Өз сабағымда «Балықтар», «1минуттық эссе», «Идеялар алаңы», «Гүл күлтелері», «Автобус аялдамасы» әдістерін қолданамын. Идеялар алаңы әдісін қолдану кезінде оқушылар өз ойларын ортаға салады, кейін топтың ой-пікірін тыңдай отыра ортақ шешім қабылдайды. «Автобус аялдамасы» әдісіде бір сұрақ төңірегінде жұмыс жасайды. Бір сұраққа оқушы өзі жауап береді. Топта өз ойларынмен бөлісе отырып ортақ бір жауап құрасттырады. Ортақ бір ұғым деугеде болады. Бұл жұмыстар өту кезінде оқушылар арасында дәлелдеу, өз өмірімен байланыстыру, басқада адамдардың ойларымен санасады.
Дарынды және талантты балаларды оқыту кезінде оқушылардың тапсырманы орындау қарқынына қарай жұмыс жасау керек. Дарынды және талантты балалардың да барлығы бірдей жан-жақты барлық тапсырманы орындауға дағдыланған деп айтуға болмайды. Өйткені дарынды және талантты балаларға тапсырманы беру кезінде оқушылардың тапсырманы орындау қабілетіне қарай жұмыс жасау керек. Дарынды және талантты балалардың да барлығы бірдей жан-жақты барлық тапсырманы орындауға дағдыланған деп айтуға болмайды. Кейбір оқушылардың есете сақтау білімі жоғары ондай оқушыларға керекті жаңалық, ереже, мәліметтерді есте сақтау жұмыстарын көбірек беруге болады. Кейбір оқушылардың мәселені шешу жолында жақсы дамыған болғандықтан ондай оқушыларға мәселені, проблеманы шешу, ақпаратты жинақтау жұмыстары тапсырылады. Кей оқушыларға қиын тапсырмаларды шешуге, ойлау қабілеттерінің жоғарылығына қарай түйінді ой тастауға, жазуға тапсырма беріледі. Өз сабағымда «Көшбасшы және тыңдаушылар», «Идеялар жәрмеңкесі», «Менің суретім», «Бір минуттық эссе» жұмыстарын жүргізіледі. «Көшбасшы және тыңдаушылар» жұмысы кезінде өз білімін жетілдіру отырып, өз оқыған білімдерін реттей алатын оқушыларға жауапкершілік жүктеледі. Ол оқушы берілген ақпаратты оқушыларға жеткізеді. «Менің суретім», «Бір минуттық эссе» есте сақтау өте жоғары оқушларға беріледі. Бұл жерде бір минут уақытың ішінде есте сақтаған ақпараттарын жылдам жеткізуге бейімделген оқушыларға көбірек есте сақталған мәліметтерді жазуды ұсынамын. Мысалға : «1минут», «үщ минут» жұмыстарды ұсынған кезде оқушыларға беретін тапсырмаларым сараланып кетеді. А төмен деңгейлі оқушыларға 1-2 сөйлемді жазуды ұсынам. В деңгейіндегі оқушыларға 2-3 жазғаныда жеткілікті, С деңгейіндегі 2-5 оданда көп ой, идея, сөз жазуға болады дегендей көз қараста жүреді. Бұл жерде айтарым ойым қандай тапсырма болсын баланың қандай қырынан жақсырақ екенін есекеру отыраып тапсырмаларды беремін.
Оқытуды басқару және көшбасшылық деген қабілет мұғалім бойында әр қашан болу керек.
Мұғалім сабақты ұйымдастыру мен оны оқушыларға тиімді әдістермен, сұрақтармен, тапсырмалармен өзімнің тәжірбиелік шеберлігімен жеткізу кезінде мұғалім бойынан оқуды басқаруды білетін тұлға көруге болады. Мен өз сабағымда көшбасшылық рөлінде жүруім керек. Оқушыларды сабақты ұйымдастыру кезінде болсын, сабақ мақсатына жету жолында,тапсырмаларды беру кезеңі болсын мұғалім жан – жантылығының арқасында әр жағдаяттан шығу жолын біліп тұру керек деп ойлаймын.
Мұғалім білім қорын заман ағымына қарай өзгертіп және толықтырып отыру керек. Соынымен қатар оны әріптестерімен бөлісе отырғанда ғана мұғалім бойында даму көрініс табады.
Сабағымды ұйымдастыру кезенің көбінесе оқушы назарын аудару мақсатында интербелсенді тақтаны қолдана отырып BN тобы: «Мектеп» әні тыңдайды және әнді бірге айтады.Сабақта сандық технологияны қатыстыра отырып оқушы бойына сандық технологияның көмегімен көптеген жұмыс түрлерін жүргізуге болатының жайлы бірнеше дағды пайда болады. Мектеп қызметкерлері мен олардың атқаратын жұмыстарынмен толығырақ танысу үшін бейнефилім көрсетіледі. Бұл ақпаратты беру кезінде оқушылар тиімді ақпараттарды алалады, оқушылар топтық жұмыс жасау арқылы мектеп қызметкерлерінің қызметтері жайлы әңгімелеп береді. Жасаған жұмыстар басқа топтар арасында талқылана отырып сұрақтар қойылады. «Кім не істейтінін тап» бұл тапсырмада оқу кез келген карточны ала отып сол суреттегі қызметкердің жасайтын қызметіне қарай қимыл жасайды. Оқушылар тарапынан жан-жақты ақпарат жинау, сұрақтар қоя отырып, дәлелдер ұсыну арқылы оқушылар арасында зертеушілік әңгіме жұмыстары жүргізілді. «Автобус аялдамасы» әдісі кумулятивтік әңгіме түрінде жұмыстары түрінде жүргізілді. Оқушылар ашық сұрақтар беріледі. Оқушылар сол сұраққа өз білетіндерін жазады. Жазып болған соң басқада топтардың ұсыныстарын тыңдай отырып, өз ойларын қоса алып ортақ бір ой түйіндейді.
«Жапырақтар сөйлейді» оқушылар жапырақтарды алып сұрақтарға жауап береді, сұрақтарға жауап беру арқылы топқа бөлінеді. Жапырақтарға жазылған сұрақтар оқушылар деңгейіне қарай тапсырмалар ұсынылды. Деңгейлік тапсырмаларды жасау мақсатым: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын аттыру, оқушы өзін-өзі таниды, тапсырманы өз мүмкіншіліктеріне қарай жасайды. Балаға тапсырманы беру кезінде шамадан тыс көп және қиындау тапсырма беру мақсатында емес оқушының бойындағы қабілетін дамыту мақсатында беріледі. Саралау жұмысы сабақтың соңғы бөлімінде «1 минуттық » әдіс оқушылар жаңа тақырыпты қорытындылау үшін, жаңа тақырыптан алған білімдерін жинақтау, өзін –өзі бағалау,өзіне сенімділікті қалыптастыру үшін берілген тапсырма түрінде болады. Бұл әдіс кейбір оқушылар үшін қиындық тудыратындықтан. А деңгейіндегі оқушыла ға 1-3 сөйлем төңірегінде, В деңгейіндегі оқушыларға 1-4 сөйлем аралығында,С деңгейіндегі оқушылар 1-5 сөйлемнен жазуға беріледі. Жетістік сатысы арқылы оқушы сабаққан алаған сезімін, өз білімінің қандай сатыда тұғаның біледі.
Орта мерзімді жоспар
Пән: Дүниетану
Сынып: 2
Тарау тақырыбы: 3-бөлім: Менің мектебім
Мақсаты. Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін, мектеп қауымдастығы құрылымын ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіріп, оның мүшелерінің атқаратын қызметін анықтайды және өз сыныбы жайлы қосымша ақпарат айтады.
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Оқу мақсаты Сабақ мақсаты |
Күтілетін Нәтиже |
Тапсырма түрлері /әдіс-тәсілдер |
Қолданылатын модульдер |
Бағалау |
Оқушының қажеттіліктерін ескеру /АВС/ |
Ресурстар |
1 |
Біздің мектеп |
2.1.2.1 мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру Сабақ мақсаты: Мектептегі оқу мен оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіре алады. |
Мектептегі оқу мен оқудан тыс жұмыстардың түрлерін анықтап, түсіндіре алады. |
Ұйымдастыру кезңі: Топқа бөлу: «Мозайка құрастыру» Жаңа тақрыпты тану: «Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі Тақтаға топтан бір оқушы шығып берілген сурет бойынша өз білетінің айтып береді. (МК) (Ө) «Сиқырлы ғарыш кемесі» Мейрімді Бота қонаққа келіп,оқушыларға сұрақ қояды. Оқушылар сұраққа стикермен жауап береді. Ұ) «Ашық микрофон» стратегиясы. Мектептегі сүйікті істерім. (Т) «Идеялар жәрмеңкесі» стратегиясы Жұппен жұмыс жасалады. Мектептен тыс жұмыстардың үшеуін таңдап алып, сол суретке идея ұсынады. Сергіту: «Билет,жолаушы,қоян» (Ж) 1- тапсырма: Мектептегі сүйікті істерінің тізімін жазады. Білім алушы мектептегі сүйікті ісінің тізімін жасайды
(Т) (ҚБ) 2- тапсырма: Мектептегі оқу мен мектептен тыс әрекеттерді жіктеп жазады. Дескриптор Білім алушы мектептегі сүйікті ісінің тізімін жасайды мектептегі оқу әрекеттерін анықтайды мектептегі оқу және оқудан тыс әреттер түрлерін ажыратады Бекіту: 1минуттық эссе Өзі не үйренгендігі туралы эссе жазады. |
АКТ
Таланты және дарынды
Диалогты оқу
Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс- тәсідлер
Оқу үшін бағалау
Сын тұрғысынан ойлау |
Өзара бағалау «Бас бармақ»
Дескрип тор
Дескрип тор
«Жапон » Әдісі
«Блоб ағашы»
|
Мектептегі сүйікті істерінің тізімін жазады. Тапсырмасында ұсынылған сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай іріктеліп алынды.
Эссе кезінде С деңгейіндегі оқушылар 1-3 сөйлем жазады. В деңгейіндегі оқушылар 2-4 сөйлем жазады, толықтыра ды. А деңгейіндгі 3-5 сөйлем жазады, әңгімелейді |
«Сиқырлы ғарыш кемесінде отырған Бота-маскот» бейнеленген плакат.стиерлер. Пән аттары жазылған плакат.
Фотосуреттер
Стикерлер
Дәптер қалам |
2 |
Мектептегі мамандық иелері |
2.1.2.2 мектеп қауымдастығының құрылымын және мүшелерінің қызметін анықтау. Сабақ мақсаты: Мектеп қауымдастығындағы қызметк ерлернің қызметі жайлы айтады. |
Мектеп ұжымының қызметін анықтап, түсіндіре алады. |
Ұйымдастыру кезңі: BN тобы:«Мектеп»әннің айтады. Топқа бөлу: «Жапырақтар сөйлейді» Оқушылар жапырақтарды алып құрақтарға жауап береді, сұрақтарға жауап беру арқылы топқа бөлінеді. Жаңа тақрыпты тану: (Ұ) «Кім не істейтінін тап» Мектеп ұйымындағы қызмет түрлері айтылады.Оқушы сол қызметкерді атауы керек. (ОТ) «Пирамида» әдісі Қолдану Т) (ҚБ) Бейнефильмді көрсетіледі. Қызметкерлер жұмысының маңыздылығы:
(Ж)(ҚБ) Мектепте жұмыс істейтін мамандық иелерін көрсетеді. Дескриптор: Мектептегі басты тұлға кім Мектеп ұжымына тағы кімдер кіреді Кестені толтыру және әңгіиелеу Ө) (Ұ)«Идеялар алаңы» Дескриптор: Бекіту: Ө)(ҚБ) 1минуттық эссе «Менің мектебімнің болашағы» тақырыбында эссе жазады. «Табыс сатысы» |
АКТ
Оқушылардың жас ерекшеліктерне қарай
Оқушылардың жас ерекшеліктерне қарай
Оқу үшін бағалау
Сын тұрғысынан ойлау |
«Бағдар шам әдісі»
Өзін –өзі бағалау (+ -)
ҚБ;«Екі жұлдыз,бір тілек»
«Блоб ағашы»
|
«Жапырақтар сөйлейді» тапсырмасында ұсынылған сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай іріктеліп алынды
А деңгейіндегі оқушыларға оңайлау сұрақтар қойылады. В,С деңгейіндегі оушыларға күрделі сұрақтар жазылған жапырақтар таратылады.
оқушыларға көбірек қолдау көрсетілді
Эссе кезінде А деңгейіндгі Оқушылар 1-3 сөйлем жазады. В деңгейіндегі оқушылар 2-4 сөйлем жазады,толықтыра ды. С деңгейіндегі оқушылар 3-5 сөйлем жазады, әңгімелейді. |
Жапырақтар: сары,қызыл,жасыл Мектеп қызметкерлерінің атаулары жазылған карточкалар
Пирамида суретімен 4-5 постер, мұғалім, оқушы, директор, орынбасарлар сөздері жазылған карточкалар салынған конверт (4-5дана)
Суреттер
Дәптер қалам |
3 |
Мектеп ережелері |
2.1.2.3 мектеп қауымдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру Сабақтың мақсаты: Суретке қарап мектеп ережелерін анықтап, жазады. |
Мектептегі мінез-құлық нормаларын анықтайды. |
Ұйымдастыру кезеңі:
Топқа бөлу: «Ортақ тақырыпты тап» Қима қағаздарды таратыпберемін.Оқушылар сол қима қағаздар арқылы ортақ тақырыпты шығарады. Жаңа тақрыпты тану: (МК) )Ж) «Сөйлемнің басы» Сөйлемнің басы жазылған парақ немесе буклетті тауып алып сөйлемдерді аяқтайды. (Ө) (ҚБ) Суреттегі кейіпкерлерге кеңес береді.
«Дұрыс-бұрыс» Мұғалім сұрақ қояды оқушы оған дұрыс немесе бұрыс деп жауап берді. -Қарындашпен өшіреміз/бұрыс Кітапппен жазамыз/бұрыс Сызғышпен сызамыз/дұрыс «Менің суретім» 5 минут ішінде бүгінгі күн туралы ойларын суретпен немесе сызбамен көрсетеді. |
Оқушының жас ерекшелігіне қарай
Оқу үшін бағалау
Оқушылардың жас ерекшеліктерне қарай
Сыни тұрғыдан ойлау |
«Театр» әдісі
«Жетістік баспал дағы» |
«Сөйлемнің басы» А –деңгейіндегі оқушыларға көмек ретінде толықтырушы сұрақтарын қоямын
«Менің суретім» 5 минут ішінде бүгінгі күн туралы мәліметті А- деңгейіндегі оқушылар суретті салады. В- суретін салады, әңгімелейді. С- сызбамен көрсетіп, дәлелдейді. |
Қима қағаздар
Парақ немесе буклет
Суреттер |
4 |
Біздің сынып
|
2.1.2.4 өз сыныбының ұжымын сипаттау Сабақ мақсаты: Өз сыныбы жайлы әңгімелейді. |
Өз сыныбы жайлы қосымша ақпарат айтады. |
Ұйымдастыру кезеңі: «Маған дауыста» ойны Бір оқушы көзін жұмады да, қолындағы таяқты бір оқушыға ұсынады, ол оқушы басқаша дауыстау керек.Дауыстаған оқушыны атын айтып оған мінездеме береді. Топқа бөлу: Оқу құралдарымен топқа бөлінеді (Т) «Сөмкеде не бар?» Оқушы сөмкеде не бар екенің табады. Сөмкедегі затты сезу арқылы тауып алу керек.
(Ж)(Т)«Гүл күлтелері» Гүл күлтесінің суреті беріледі.Оқушылар сол кұлтеге сыныптың жақсы жағын жазады, сурет салады,
«Бәрі менің қолымда»
«Айна»әдісі Бір оқушыны шығарам оған қолына бір қобдиша берем ол обдишада бір баланың аты жазылған. Оқушы оған мінездеме береді. Оқушылар кім екенің табады. «Автобус аялдамасы» Тақырып бойынша ереже шығарады.Автобус топта айналу арқылы ережені толықтырады. «Балықтар» әдісі Қағаздан әртүрлі көлемде балықтар қиылады. Оқушылар екі сұрақ бойынша жауап жазады. *Мен ұстап алған және өз ауымда қалдырғым келетін балықтар *Мен ұстап алғам бірақ босатып жіберін балықтар |
Жас ерекшелігіне қарай
Сын тұрғысынан ойлау
Сын тұрғысынан ойлау
Сын тұрғысынан ойлау |
«Бас бармақ»
«Бағдаршам әдісі»
«Қол»
«Шапалақ»
«Екі жұлдыз бір тілек » |
«Балықта»әдісінде сұрақтарға жауап бере алмаған оқушыларға бүгінгі сабақта саған ұнаған жақтарды айтшы деп ауызша сұраймын.
|
Таяқ, көзбайлағыш
Оқу құралдары
Сөмке
Гүл ,плакат
Қолдың суреті
Айна немесе қобдиша
Автобус үлгісі
Балықтар үлгісі |
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Менің мектебім |
Мектеп: Шалқар орта мектебі |
|||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Смаилова Г.А. |
|||||
Сынып: 2 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||
Сабақтың тақырыбы |
Мектептегі мамандық иелері |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.1.2.2 мектеп қауымдастығының құрылымын және мүшелерінің қызметін анықтау.
|
|||||
Сабақтың мақсаты |
мектеп қауымдастығының құрылымын және мүшелерінің қызметін түсіндіреді. |
|||||
Бағалау критерийлері |
Мектеп ұжымының қызметін анықтап, түсіндіре алады.
|
|||||
Тілдік мақсаттар
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Мектепті басқарады , гимназия, лицей,директор, директор орынбасары,мұғалімдер, тазалықшы, күзетшілер. Талқылауға арналған сұрақтар: -Өз мектебіміз қай деңгейдегі мектепке жатады?-Қандай толықтырулар енгізуге болар еді?- Ол несімен қызықты жәнежағымды ? |
|||||
Құндылықтарды дарыту.
|
Топтық, жұптық жұмыс барысында өзара жауапкершілік,сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптастырылады. Практикалық іс-әрекет барысында оқушылардың идеяларды құрастыру және оны қорғау кезінде оқушылардың бойында білім мен дағдылары қалыптасады және дамиды. |
|||||
Пәнаралық байланыс |
Эссе жұмыс жазу жұмысында әдебиеттік оқу пәні, тақырып бойынша берілген жұмыстар ішінде идея жазу, айту тапсырмалары қазақ тілі пәнімен байланысты. |
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта бойынша презентация, бейнефильмді көрсетіледі. |
|||||
Алдыңғы білім
|
Мектеп адам өміріне маңызды екенің айталады.. Мектепте кімдер жұмыс істейтінің біледі. |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
4минут
3минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Ұйымдастыру: BN тобы:«Мектеп»әннің айтады. «Жапырақтар сөйлейді» оқушылар жапырақтарды алып сұрақтарға жауап береді, сұрақтарға жауап беру арқылы топқа бөлінеді. (Ұ) «Кім не істейтінін тап» Бір оқушы бір мектеп қызметкері жазылған карточканы таңдайды да, сол қызметкердің атқаратын әрекетін бейнелейді. Қалған оқушылар оны табады. Оқушылар ойнай отырып, кім қандай қызметтерді атқаратынын әңгімелейді. Жауаптары: директор,мұғалім, директордың орынбасары,дәрігер,күзетші,техникалық қызметкерлер.т.б. Қб: «Бағдарша» |
https://www.youtube.com/watch?v=s671hoJxtCA Жапырақтар: сары,қызыл,жасыл
Мектеп қызметкерлерінің атаулары жазылған карточкал
Мектеп қызметкерлерінің атаулары жазылған карточкалар |
||||
Сабақтың ортасы
10 минут
8 минут
7 мин
2 мин |
(ОТ) «Пирамида» әдісімен оқушылар 4топқа бөлу. Сызықтармен 4 бөлікке бөлінген пирамиданыңсуреті салынған плакатты тарату. Әр топта берілген конверттің ішіне жазылған 4 карточка салу:оқушылар,директор, директордың орынбасары, мұғалімдер. Берілген сөздерді атқаратын міндетіне қарай мектеп пирамидасына орналастыруды сұрау. Өз жауап нұсқасын түсіндіруін сұрау. Оқушыларды оқытады. Мектептегі оқу – тәрбие жұмысын басқарады. Мектепті басқарады. Оқушыларғаоқулықтар менәр түрлі тақырыпта кітаптар береді. Мектеп қауіпсіздігін қорғайды. Мектеппен байланыста боладыжәне мектеп өміріне белсене қатысады. Мектеп ішінің тазалығын қамтамассыз етеді. Қб: «Бас бармақ » (Т) ҚБ: Бейнефильмді көргеннен кейін, оқушылар өз мектептері,мектеп қызметкерлерінің жұмысының маңыздылығы, мектеп қауымдастығының рөлі жайында салыстырмалы талдау жасайды. Әр топ өздері таңдаған мектеп қоғамдастығы мүшесінің атқарып отырған басты қызметін және оның жұмысының мектеп өмірі үшін маңызы туралы қорытынды пікірлерімен алмасады. Қызметкерлер жұмысының маңыздылығы: Дискритор: Директор орынбасарлары Мұғалімде Кітапханашы Дәрігер Тазалықшы Күзетші
Сергіту сәті: «Менімен бірге қайтала» Нұсқаулық: Қатысушы шеңберде тұрады.Көңілді музыка қойылып оқушылар бейлейді. Бейлеу кезінде әр оқушы өз қимылын жасайды. Жүргізуші қолын шапалақтағанда жүргізушінің оң жағындағы адамның қимылын балығы жасаукерек. Кім қателессе сол жүргізуші болады.
(Ө)1-тапсырма
Дескриптор- Мектептегі басты тұлға кім?- Мектеп ұжымына тағы кімдер кіреді? |
Пирамида суретімен 4-5 постер, мұғалім, оқушы, директор, орынбасарлар сөздері жазылған карточкалар салынған конверт (4-5дана)
А4 форматтағы қағаз, түрлі-түсті маркерлер
Ойыншық микрофон
Әр оқушыға арналған суреттер.
Өзін –өзі бағалау (+ -)
Плакатқа сызылған сызба үлгісі .
|
||||
Сабақтың соңы
5мин
1мин |
Қорытынды Ө)(ҚБ) «Менің мектебімнің болашағы» тақырыбында эссе жазады. Рефлексия
Үй тапсырмасы: «Мектеп ұжымы» атты сурет саламыз.
|
«Блоб ағашы»
|
||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||||
Эссе кезінде А деңгейіндгі Оқушылар 1-3 сөйлем жазады. В деңгейіндегі оқушылар 2-4 сөйлем жазады,толықтыра ды. С деңгейіндегі оқушылар 3-5 сөйлем жазады, әңгімелейді. |
«Бас бармақ », «Бағдаршам», «Дискриптор», «Эссе», «Табыс сатысы». Оқушыларды әр кезеңінде бағаланады. Сабақ барысында мадақтау сөздерін айту арқылы бағаланады. Оқушы жұмыстарын Көру, тексеру арқылы ауызша және жазбаша түрде бағалану түрлері жүреді. |
Сабақ ты ұйымдастыру кезеңінде жүргізілетін шаттық шеңбер, топқа бөлу, топпен жұмыс кезінде оқушыларға қолайлы орта болды. |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген