Білім
беру саласы: ТАНЫМ
Іс-әрекет
түрі:Жаратылыстану
Тақырыбы:
«Біздің өлкеге қыс келді»
Мақсаты:
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру.
Қыс мезгілінде табиғатта қандай
өзгерістер болатыны туралы білімдерін
бекіту.Қыс мезгілінде адамдардың жылы
киім кию жайлы түсінік беру. Қыстап
қалатын құстар туралы әңгімелесу.Жабайы
жануарлардың қысқы тіршілігі жайында
білімдерін одан әрі дамыту. Жаратылыстану
сабағына қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктер:
Қыс көрінісі суреттер,қыстап қалатын
құстардың суреттері, жабайы аңдардың
суреттері
Билингвальді
компонент: Қыс- зима, қар –снег,аққала-снеговик
.
Шаттық
шеңбері:
Бақытты
боп жүреміз Достасайық бәріміз
Бәрін
біліп аламыз Армысың алтын күнім!
Біз
ақылды баламыз. Армысың балабақшам!
Біз
әдепті баламыз! Армысың достарым.
Қол
алысып ,қане біз. Сіздерді көргеніме
қуаныштымын!
Иіліп
сәлем береміз. Сәлеметсіздер
ме,апайлар!
-Балалар,
көңіл- күйлеріңіз қалай?
-Тамаша!
-Балалар,3
топқа бөліне қояйық.
1-топ
«Аққала» тобы 2-топ «Қар» тобы 3-топ:
«Қолғап»
Ендеше
балалар орындарымызға отырамыз.
-Балалар,
мен сендерге жұмбақ жасырамын, сіздер
мұқият тыңдап отырыңдар.
Суда
мұз бар,
Жерде
қар бар,
Боран
борап соғады.
Бөбектерім
айтыңдаршы,
Бұл
қай кезде болады? (Қыста)
-Дұрыс.
-Балалар,
жылда неше мезгіл болады?
-Төрт
мезгіл (Қыс, көктем, жаз, күз.)
-Ал
енді қазір жылдың қандай мезгілі?
-Қыс
мезгілі.
-Міне,
балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Біздің өлкеге қыс келді»
-Ендеше,қыс
мезгілінде неше ай болады?
-Үш
ай.
-Аттарын
атап көріндерші?
-Желтоқсан,
қаңтар, ақпан.
-Өте
дұрыс айтасыздар.
-Балалар,
дәптерлеріндегі суретке назар
аударайықшы. Суретте жылдың қай мезгілі
бейнеленген?
-Қыс
мезгілі.
-Қыста
қандай өзгерістер болады? Суретке қарап
кім әңгімелеп береді? Барлығымыз бір-екі
сөйлемнен айтып шығайық.
Балалар:
Қыс мезгілінде қар жауады, боран, аяз
болады.Дала аппақ қар,балалар ойнап
жүр. Қолдарында шаналары бар. Балалар
аққала құрастырып жатыр. Сырғанақтан
шанамен сырғанып жатыр. Ағаштарды ,
бұталарды қар басқан. Біз қыс мезгілінде
жаңа жыл мерекесін тойладық. Адамдар
қалың киімдерін киеді. Үлкен адамдар
үйдің айналасындағы қарды күрекпен
аршиды. Қыстап қалатын құстар бар,олар
: қарға, торғай, сауысқан, көгершін ,суық
торғай.
-Балалар,қалай
ойлайсыңдар,қыстап қалатын құстар қатал
қыстың аязына,суығына қалай шыдайды?
-Балалардың
жауабы: Құстардың қауырсынының астындағы
мамығы қалыңдайды. Олар суықтан
қорықпайды, қыста өз қорегін тауып
жейді.
-Балалар:
Мына суретке қараңдаршы қандай құстарды
көріп тұрсыңдар? Бұл қандай құстар екен?
-Қыстап
қалатын құстар.
-Құстардың
табиғатқа келтіретін пайдасы көп.
Құстарға қамқор болу керек,оларды аялау
керек. Құстарды біз қорғасақ, құстар
ағаштарды құрт- құмырсқадан қорғайды
екен.Қыс мезгілін сықырлауық қыс немесе
жылтыр қыс деп атайды екен.Қыс мезгілі
ең қатал,ең ызғарлы, сонымен қатар ең
әдемі,ең қызықты мезгіл.Қар жауып,аяз
болады. Өзендерге мұз қатып,ағаштар мен
бұталарды қар басады. Ал, балалар, кімдер
қыс туралы тақпақ,мақал-мәтел, жаңылпаштар
біледі екен?
Али:
Қыс келді ақ қарға оранып,
Мәз
боламыз ойнаймыз.
Шанамызға
отырып,
Ылдиға
қарай зырлаймыз.
Жанерке:
Біздің байтақ далада
Асқар
тауда қалада.
Биыл ғажап
іс болды,
Таңғажайып
қыс болды.
Алина:
Далада қар борайды,
Ақ
мамыққа орайды
Мұз
болады, қатады
Жып-жылтыр
боп жатады.
Еркін:
Балалар шықты далаға,
Ойнап,
күліп жүр енді.
Шаналармен
озады
Аққаланы
соғады.
Мақал-
мәтел: Айсұлтан: Қыс тұманды- жаз жаңбырлы
болсын.
Даниель:
Қарға қарқылдаса қар жауады.
Амира:
Қар көп болса, нан да көп болады.
Жаңылтпаш:
Айлана: Қыста қарға қонба, Жазда сайға
қонба.
Билингвальды
айтқызу:Қыс- зима, қар- снег, аққала-
снеговик, аяз-ата –дедмороз, қарға-
ворона, торғай- воробей, сауысқан –сорока,
көгершін- голубь, қоян- заяц, аю- медведь,
түлкі- лиса, қасқыр- волк, тиін- белка
Сергіту
сәті: Айналада омбы қар,
Біз
көңілді балалар
Оңға,
солға бұрылып,
Шаңғы
теуіп келеміз.
Баста
қалың малақай.
Біз
тоңбаймыз алақай
Тоңса
біздің денеміз,
Тонды
киіп аламыз
Тоңса
біздің қолымыз,
Қолғап
киіп аламыз,
Сарт-сарт-сарт,
Қолымызды
соғамыз.
Орнымызға
отырайық. Балалар, білесіңдер ме, Мен
бүгін балабақшаға келе жатып, сандық
тауып алдым. Ол сандықтың ішіне ормандағы
аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды
құтқару үшін жұмбақтарды шешу керек
екенбіз.
Көлеңкесінен
қорқып безектейді,
Ал
оның баласын көжек ,- дейді.
Қорқақ,
сәбіз жегенді ұнатады. (Қоян)
Қыс
бойына жатады,
Тәтті
ұйқыға батады. (Аю)
Өзі
қу, өзі айлакер,
Жүрген
жері айқайда шу. (Түлкі)
Сұр
түсті, ақсиған көп тісті. (Қасқыр)
Өте
жақсы балалар барлығын дұрыс шештіңдер.
Жануарлардың
кысқы тіршілігін әңгімелеткізу. Аудио
тыңдатқызу.
Ұжымдық
жұмыс: 1-топ «Аққала құрастыру»
2-топ
«Қолғапты бояаймыз»
3-топ
«Субоямақпен қардың суретін салу»
Ойын:
«Ойнадық- ойнамадық» Шарты: Қыста
ойналатын ойын болса, қол шапалақтаймыз,
қыста ойналмайтын ойын болса аяқ
тарсылдатасыңдар.
1.Қыста
шанамен сырғанап ойнадық!
2.Қыста
өзенге шомылдық!
3.Қыста
аққала жасап ойнадық!
4.Қыста
велосипед тептік!
5.Қыста
конькимен сырғанадық!
-Жарайсыңдар
балалар!
-Балалар,
бүгінгі сабағымызда қандай жыл мезгілімен
таныстық?
-Адамдар
қыста қандай киімдер киеді екен?
-Ауа-райы
қандай болады?
-Қыс
мезгілінде қандай құстар қыстап қалады?
-Қыста
қандай ойындар ойнайсыңдар?
-Қандай
аңдар ұйықтап қалады?
-Балалар,
бүгінгі сабағымыз сендерге ұнадыма?
-Ендеше
бағалап жіберейікші (Басбармақпен
балалар бағалайды)
Қоштасу
шеңбері:
Балдай
тәтті баламыз,
Айтқан
тілді аламыз.
Ойынменен
өседі,
Ойымыз
бен санамыз.
Қол
ұстасып бәріміз,
Жарасады
сәніміз.
Көріскенше
күн жақсы,
Сау
болыңыз бәріңіз!
Мадақтау.