Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Біздің Отанымыз-Тəуелсіз Қазақстан" балабақша I кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тəрбиешілері үшін І кіші топқа Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне арналған ашық сабақ.Тəрбие сағаты ретінде алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚМҚК «Шапағат» ясли бақшасы













Ашық сабақ

Тақырыбы: Біздің Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстан!











Тәрбиеші:Жұмабаева А





2017-2018 ж

15.12.2017

Бекітілді____________________Жанабилова А

Тәрбиеші____________________ Жұмабаева А




Біздің Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстан!

Тақырыбы: Біздің Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстан!

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы-жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып,туған жері мен елін сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы,елтаңбасы,әнұраны, слайд,желтоқсан құрбандарының суреттері,жалаушалар.


Жүргізуші:Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Біз бақытты баламыз,- дей отырып «Біздің отанымыз-тәуелсіз Қазақстан» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

-Балалар,біз қандай ән орындадық?

-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар.Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады.Біз оны рәміздер деп атаймыз.

Қуан халқым!

Қуанатын күн бүгін,

Серпін таста мұңды жүрек түндігін

Шарықтайық,шаттанайық,тынбайық

Тәуелсіздік күнін бүгін,

Халқым бірге тойлайық!

Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз.Отан әр жұмырбасты пенденің киелі мекені,жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы.Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. Біздің балаларымыз тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтып берсін.

Нұрай: Еліне қашанда сенер ұлың,

Елбасы болды қазағымның.

Раяна: Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Нұрислам:Елбасымыз саған мәңгі ризамыз,

Үлкен-кіші,ағайындар бәріміз.


Амирхан: Бас алаңда ел жосқан,

Жастар қаны жуған түн.

16 желтоқсан –

Тәуелсіздік алған күн.

Адия:Аралаймын алаңды,

Тәуелсіздік күні мен

Батыр Қайрат ағамның,

Суретіне ұңілем.

Адина: Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Айым: Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

Жасұлан:Елбасымыз Нұрағаның бастауы,

Туды ұстап тура жолға түсірген.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар енді тақтаға назар аударайықшы(слайд). Біздің ата-бабаларымыз,ата-әжелеріміз тәуелсіздікке оңай жеткен жоқ.Биыл біздің тәуелсіздігімізге 26 жыл толып отыр.Біздің тәуелсіздігіміздің дәлелі -ол біздің елтаңбамыз,туымыз және де әнұранымыз.Қолдарымыздағы жалаушаларға назар аударайықшы.Бұл біздің-туымыз.Біздің туымыздың ортасында сәуле шашқан жарқын күніміз орналасқан.

-Біздің күннің пішіне неге ұқсайды?

-Дұрыс айтасыңдар допқа,шарға ұқсайды.Ал күніміздің астыңғы жағында қыран бүркітіміз орналасқан.Қыран бүркіт бұл еркіндіктің,бостандықтың белгісі.Ендеше жаңа айтқан күніміздей шеңбер болып тұра қалайық.

Сергіту сәті:

  • Әппақ болып таң атты, Топ-топ,топ басайық,

Түтін тіке шығады. Жалаудан күн жасайық.

Қыран бүркіт қанатын, Жаса,жаса алтын күн

Самғап биік ұшады. Жаса,жаса жарқын күн.


Ән: Ел қорғауға әзірміз.

Жүргізуші: Осымен «Еркетай» тобы балаларының «Біздің Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстан» атты ертеңгілігі аяқталды.Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
4285
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12