№4 Хромтау орта
мектебі
Ашық
сабақ
Тақырыбы: «Менің күн
тәртібім»
Сынып: 4
«Г»
Өткізген: Елеусизова
Д.Қ
2017
жыл
Сыныбы: 4 Пәні: қазақ
тілі Күні:
Сабақтың
тақырыбы:
Біздің
спортшыларымыз
Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың танымдық
қабілетін және ауыз екі сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру.
Білімділік:
оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту, үйлестіру, тақырыпқа
байланысты өз ойын айта білуге үйрету.Оқушылардың логикалық ойлау
қабілетін дамыту.
Дамытушылық:
оқушылардың өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету, сөздік қорын
байытып, қызығушылық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу дағдыларын
дамыту.
Тәрбиелік:Отанын
сүюге, Қазақстанның азаматы екендігін мақтан тұтуға тәрбиелеу,
еліміздің атақты спортшыларын білуге, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: дәстүрлі
емес
Сабақтың
типі: ашық
сабақ
Қолданатын
әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,
топтастыру, мақалдар, көрнекі және техникалық құралдар көмегіне
сүйену, аударма, тіл дамыту,
карточкалар.
Сабақтың
көрнекілігі: суреттер,
карточкалар, интербелсенді тақта
Пәнаралық
байланыс: қазақ тілі, орыс
тілі,
Оқыту
формасы: жеке,
топтық,.
Сабақтың барысы: І.
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлеметсіңдерме?2.Көңіл
күйлерің қалай?3.Қазір қай сабақ? Қазақ тілі сабағыны не үшін
келеміз?Сабаққа дайынбызба?. Біз қай елде тұрамыз? Ол қандай
мемлекет?
2 Балалардың
белсенділігін арттыру.
Қайырлы таң
достарым,
Қайырлы күн
болсын.
Бейсенбі күннің әр
кезі,
Сәттілікке
толсын.
Біздің алар
бағамыз,
Кілең «төрт пен бес»
болсын.
Үй тапсырмасын тексеру. Үйге қандай тапсырма
берілді?
Спорт туралы мақалдар
жаттау
ІІ. Кіріспе. Саған
спорт ұнай ма? Сен спорттың қандай түрімен
шұғылданасың?
Саған спорттың қандай түрлері ұнайды? Сен
қандай спорт үйірмесіне барып жүрсің?
ІІІ Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру: «Біздің
спортшыларымыз»
1.Кіріспе. (спортшыларымыз туралы
видеоролик көрсету)
- Балалар.
видеода кімдерді
көрдіңдер? (спортшыларды,
чемпиондарды, күрескерлер, ауыр атлетика, жүгіру,
бокс)
Олар кімнің
спортшылары? (біздің,
Қазақстанның, елдің)
Оқушылар сабақтың тақырыбы
мен мақсатын анықтайды.
Дәптерімізді ашамыз,
бүгінгі күнді жазамыз. Сабақтың мақсаты қандай деп
ойлайсыңдар?
Мақсаты: Оқушыларға спорттың
түрлері мен Қазақстанның спортшыларымен
таныстыру.
Спорт — белгілі ережелер
немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін
әрекет.
Жаңа сөздер
Алтын - золото,золотой
Күміс -
серебро,серебряный
Қола - бронза,бронзовый
мақтаныш – гордость
медальдарының иегері - обладатели
медалей
екі дүркін –
двухкратный
Оқушыларды 2 топқа
бөлу
Көк тудың желбірегені -
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,
Маған керегі-
Көк тудың желбірегені.
- Бұл өлең жолдарында көк
байрағымыздың ,көк аспан астында желбірегені адам жүрегіне, жанына
рух, күш беретінін көре аламыз. Егер әр адамның таңдауы болса,онда
ол сол елі үшін өзінің жаның құрбан етуге дайын тұруы керек.Жерім,
елім деп соққан әрбір жүрек сол елінің үлкен мақтанышы, батыры,
бетке ұстар азаматы бола алады.

1)Мақалдарды
аяқта.
1.Денсаулық-зор байлық
2.Тәні саудың-жаны сау 3.Шынықсаң шымыр боласың 4.Күш атасын
танымас 5.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің 6.Азған денеге
ауру үйір 7.Денсаулық қайда ,сұлулық сонда 8.Көзің ауырса қолыңды
тый,ішің ауырса аузыңды тый.
2)Келесі
ойынымыздың тақырыбы «Баскетбол» деп
аталады.Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру
керек:
1)1988 жылы туылған.Санто
Домингода,Парижде,Пекинде,Лондонда алтын медальмен марапатталған
ауыр атлет,спорт шебері кім?»(И.Ильин)
2)Қазақстанға ең бірінші
медальді алып келген Әлем чемпионы кім?Қай спорт түрінен алып
келген? (Ж.Үшкемпіров)
Тапсырма
«Сәйкестендіру» әр топқа
тарату(сурет қиындылары, кесте)
2) Семантикалық картаны
толтыру
Рио Олимпиадасында
спортшылардың қайсысы алтын, қайсысы күміс медальдар
алды?
|
Спортшылар
|
Алтын медаль
|
Күміс
медаль
|
|
Дмитрий Баландин,
жүзу,
|
+
|
|
|
Ниджат Рахимов
ауыр атлетика ,
|
+
|
|
|
Елдос Сметов,
дзюдо .
|
|
+
|
|
Жазира Жаппарқұл
ауыр атлетика
|
|
+
|
|
Данияр
Елеусинов
бокс
|
+
|
|
3)Аукцион ойыны (сөздіктермен
жұмыс) орысшадан қазақшаға ауцион арқылы сатып алып жауап
береді
Победитель, награжден,
международный, независимость, спортивный
комплекс, ледовый каток, фигурное катание,
заниматься спортом,
развиваться
Сергіту
сәті. Әлқисса
4)« Жалғауды дұрыс тап»
ойыны Әр оқушы дұрыс жалғауды тауып
сыңарының қасына тұру керек.
1-топ:
Сіз таңертең ылғи жаттығу жасай ...
.
Ол
спортты жақсы көр... .Мен досыммен теннис ойнай ...
.
2-топ:
Мен таңертең жаттығу жасаймын, кешке
жасамай... .
Біз бүгін баскетбол ойнауға барамыз, ертең
баскетбол ойнауға бармай ... . Шахмат ойыншыларының
біреуі жеңді, қарсыласы жеңіл... .
5)
Жақшаны ашып,
сөйлемдерді аударып жаз, жіктік жалғауларын
белгіле.
1-топ
1. Я спортпен айналысқанды
люблю.
2. Сен два раза в
неделю жаттығу залына
барасың.
2-топ
3. Мы досым
екеуміз футболисты.
4. Вы спорттың қай
түрімен занимаетесь?
IV Сабақты бекіту,
қорытындылау
Кубизм әдісі оқушылардың білімдерін
қорытындылау
«Егер мен спортшы болсам..» деген ұғымды 1
сөйлемнен жалғастырып айтады.
«Бағдаршам» парағына
қолдарындағы стикерлерді
жабыстырыңдар.
«Бағдаршам» парағы:
Қызыл түс- «сабақ ұнамады»
Сары түс – «орташа»
Жасыл түс-«сабақ ұнады»
V
Бағалау. Оқушылардың
сабақ барысында алынған ұпайлары туралы
айту.
Оқушылардың сабақ барысында
алынған ұпайлары саналады. Әр оқушы
бағаланады.
VI. Үйге
тапсырма: «Менің сүйікті
спортшым» тақырыбына эссе дайындау.