жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ «Біздің төріміз – Ақорда», 6- сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6- тарау. Астана – мәдениет пен өнер ордасы Мұғалімнің аты-жөні: Нурмуханова Бакит Каировна Мектеп: «№ 59 ЖББОМ» КММ Күні: Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||
Сабақ тақырыбы |
3- сабақ «Біздің төріміз – Ақорда» |
||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
6.3.3.1. орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. 6.4.1.1. мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазу. |
||||||||||
Сабақ мақсаттары |
1. Талқылау сұрақтары негізінде шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау. 2. Мәтіндерді стильдік ерекшеліктеріне қарай ажырату. 3. Ресми іс- қағаздары стилінің ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазу. |
||||||||||
Бағалау критерийі |
|
||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды. Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: әйгілі, нышан, іскери, кезекті, дизайнер, тұсаукесер, резиденция Өмірбаян жазуға арналған сөздер мен сөз тіркестері: тудым, оқимын, қатыстым, бардым, қатысамын, орын алдым |
||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша: - өз елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге; - Отанға деген сүйіспеншіліктерін оятуға; - азаматтық жауапкершілік қалыптастыруға негізделген. |
||||||||||
Пәнаралық байланыс |
АКТ-ны пайдалануда информатика, Астананың шығу тарихы туралы ақпараттарды білуде Қазақстан тарихы, орналасу жеріне байланысты география пәндерімен байланысады. |
||||||||||
Алдыңғы білім |
Астана, Бәйтерек, зәулім ғимараттар, Елбасы туралы түсініктері бар |
||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||
Сабақтың басы 7 минут |
Психологиялық ахуал орнату «Шаттық шеңбері» әдісі бойынша жүзеге асырылады. Мақсаты: ынтымақтастық атмосферасын құру, жағымды көңіл-күй қалыптастыру, қолайлы психологиялық орта орнату Оқушылар шеңберге тұрады. Бір-бірлерімен қолдарымен амандасады, құшақтасып амандасады, көздерімен амандасады. Оқушылар ортадағы қорапшадан смайликтерді алады. Көңіл –күйлерің қандай?- смайликтерді көрсетеді «Жұлдызша», «Күн», «Ай» смайликтері арқылы топқа бөлінеді.
СЖ: «Сақина салмақ» ойыны Мақсаты: алдыңғы білімге кері байланыс жасау, еске түсіру, ойды жинақтау. Орындалуы: бірінші мұғалім бастайды, сақинаны бір оқушының қолында қалдырады, сол оқушыға сұрақ қойылады, ары қарай осы оқушы жалғастырады - Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? - Астана қаласының бұрынғы атауы туралы не айтасың? - Астана қаласының символы? - Астана сөзінің синонимін айт. - Қазақстан Республикасының Президенті кім?
ҚБ: «Жарайсың», «Жақсы», «Өте жақсы» сөздері арқылы оқушылардың сұрақтарға берген жауаптары ауызша бағаланады.
«Ой шақыру» әдісі Мақсаты: бейнелі суреттерге сүйене отырып, сабақтың тақырыбын болжау
- Астанада қандай маңызды ғимараттар бар? - Суретте қандай ғимарат бейнеленген? - Президенттің жұмыс орны (резиденциясы) қалай аталады? Оқушыларға сабақтың тақырыбы және мақсаты таныстырылады. |
«Сақина салмақ
бейнелі суреттер интернет-ресурс |
|||||||||
Сабақтың ортасы 32 минут |
Оқылым алды тапсырмасы СЖ. 1- тапсырма. «Лоторея барабаны» әдісі арқылы сөздік жұмысы жүргізіледі. Оқушы қорапшада жасырылған сөздердің бірін таңдап алады, сыныпқа дауыстап оқиды, барлығы сөздің мағынасын ашуға тырысады Мақсаты: жаңа сөздердің мағынасын түсіну резиденция президенттің жұмыс орны нышан үлгі туындылары жұмыстары дизайнерлер әсемдеуші, көркемдеуші тұсаукесер ашылуы кезекті келесі іскери жұмысқа байланысты
ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушыларды мұғалім бағалайды. Оқылым кезі тапсырмасы СЖ. 2- тапсырма. Оқулықтағы мәтінді оқы, талқылау сұрақтарына жауап бер, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықта. Мақсаты: талқылау сұрақтарына жауап беру арқылы мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Қазақы және шығыстық нышандар сарайға ерекше көрік береді. Резиденцияға қазақстандық суретшілердің туындылары қойылған. Резиденцияның құрылысы 2001 жылы басталды. Жоба жұмысын Еуропа мен Қазақстанның белгілі сәулетшілері жүргізді. Олардың қатарында еуропалық әйгілі дизайнерлер М.Гуалаци мен А. Мольтени де бар. Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері 2004 жылғы желтоқсанда өтті. Ақордада кезекті іскери кездесулер өтеді. Талқылау сұрақтары: 1. Ақорда кімнің резиденциясы? 2. Резиденция кімдердің жобасы бойынша салынған? 3. Резиденцияға кімдердің туындылары қойылған? 4. Резиденцияның құрылысы қай жылы басталды? 5. Ақордада қандай кездесулер өтеді? 6. Ақорданың тұсаукесері қай жылы өтті?
Бағалау критерийі: - «Ақорда» мәтінінің тақырыбы мен негізгі ойын сұрақтар негізінде түсіндіреді; Дескриптор: - оқыған мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды; - сұрақтар негізінде мәтіннің мазмұнын түсіндіреді... ҚБ: «Жұлдызша» әдісі арқылы бағаланады «Стоп кадр!» әдісі арқылы ресми іс- қағаздар стилі туралы ақпараттармен таныстыру. Оқушылар түсінбеген жерлері болса, «Стоп, кадр!» деп сұрақтарын қояды, мұғалім тарапынан жауап алады. 1-3-слайдтар
ТЖ: 3-тапсырма «Венн диаграммасы» әдісі арқылы орындалады. Мәтіндерді стильдік ерекшеліктеріне қарай ажырат. Мақсаты: мәтіндердің айырмашылықтарын анықтау, стильдік ерекшеліктеріне қарай ажырату, талдау Мәтін үлгілері ұсынылады:
«Венн диаграммасы» кестесіне мәтіндерді талдайды
Бағалау критерийі:
Дескриптор:
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша шағын топтар бірін- бірі бағалайды, орындалған жұмыстың екі жақсы жағын айтады және бір тілек ұсынады.
Ж. 4–тапсырма Ресми іс-қағаздары стилінің ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазыңдар. Мақсаты: мәтіннің стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазу. Оқушыларға тапсырмалар (деңгейі, қабілетіне қарай) ұсынылады: А – Үлгіге сүйене отырып, өмірбаян жазу; Мен, Бауыржанұлы Батырхан, 2004 жылдың 6 қаңтарында Семей қаласында тудым. Ұлтым- қазақ. 2011жылы Семей қаласындағы №6 мектеп- гимназиясының бірінші сыныбына бардым. Қазір осы мектептің 6-сыныбында оқимын. Орыс тілін жетік, ағылшын тілін орташа білемін. Мектептегі баскетбол үйірмесіне қатысамын. Химия пәні бойынша мектепішілік, аудандық олимпиадаларға қатысып, бірінші орын алдым. Ата- анам, әпкем және інім бар. Семей қаласы, Абай көшесі, 15- үйде тұрамын. В – Өмірбаянның құрылымын сақтап жазу; Мысалы: Өмірбаянның құрылымы
-жазылған ай, күні, жылы; қолы. С – Өз ойымен байланыстырып, көркем стильде жазу.
Бағалау критерийі: - ресми іс-қағаздары стилінің ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазу. Дескриптор: - өмірбаянның құрылымы бойынша өз өмірбаянын жазады; - мәтінге сүйене отырып жазады; - өз беттерінше жазады. ҚБ: «Стикердегі хат» әдісі бойынша оқушылар бір- біріне жазбаша кері байланыс жасайды. Мысалы «Өмірбаян үлгіге сәйкес жазылған, алайда...»; «Меніңше өмірбаян өте жақсы жазылған... ». |
«Лоторея барабаны»
«Бас бармақ»
Қазақ тілі мен әдебиеті Бәйшешек. Оқулық Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. 1-бөлім/ Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т. Даулетбекова, А.Қ. Рауандина, Р.С.Рахметова, А.Н.Юсуп- Алматы:Көкжиек –Горизонт. 2018. 104 бет
«Жұлдызша»
Қазақ тілі мен әдебиеті Бәйшешек. Оқулық Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. 1-бөлім/ Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т. Даулетбекова, А.Қ. Рауандина, Р.С.Рахметова, А.Н.Юсуп- Алматы:Көкжиек –Горизонт. 2018. 104 бет
Венн диаграммасы
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
|||||||||
Сабақтың соңы 4 минут |
Рефлексия: оқушылар сабақта алған білімдерін бәйтерек ағашының жапырақтарына жазып ағашқа жабыстырады
Үйге өздігінен іздену тапсырмалары ұсынылады:
|
Рефлексия «Бәйтерек» |
|||||||||
Қосымша ақпарат
|
|||||||||||
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||
Оқушылардың білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды саралаймын. Қажеттіліктеріне қарай оқушыларға сабақ бойы қолдау көрсетемін. Өмірбаян жазу барысында А – Үлгіге сүйене отырып, өмірбаян жазу; В - Өмірбаянның құрылымын сақтап жазу; С – Өз ойымен байланыстырып, көркем стильде жазу тапсырмасы арқылы саралау жүргіземін..
|
«Жарайсың», «Жақсы», «Өте жақсы» сөздері арқылы алдыңғы білімді меңгерулерін, «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылардың мәтіндегі жаңа сөздердің мағынасын ашуларын, «Жұлдызша» әдісі арқылы мәтіннің тақырыбын, негізі ойын және мазмұнын түсінгендерін, «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы мәтіндердің ерекшеліктерін, ұқсастықтарын ажырата білулерін, «Стикердегі хат» әдісі бойынша оқушылар бір- біріне өздері жазған жұмыстарының нәтижесіне пірікр жазады.
|
Сабақ барысында интерактивті тақтадан бейнелі суреттерді көрсетуде, «Стоп, кадр!» әдісін пайдалануда АКТ ережелерін сақтайды, белсенді «Сақина салмақ», «Лоторея барабаны» әдіс-тәсілдерін қолдануда мұғалім оқушылардың қауіпсіздіктерін бақылайды. |
|||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз
|
||||||||||
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
|
|||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты? 1. 2. Сабақтың бұжан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немес жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары |
|||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген