400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ, Бизнес әлемінде! (Интеллектуалды ойын сабағы), 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды кәсіпкерлікке үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор: Рахимбаева Қарлығаш Ильясовна


Іле ауданы, Чапай ауылы, №10 орта мектеп


Пән: «Кәсіпкерлік іс және бизнес негіздері»


Сынып: 10 «Ә»


Тақырыбы: «Бизнес әлемінде»


Түрі: Жарыс сабақ


XXI ғасыр көшбасшысы: «Интеллектуалды кәсіпкерлік ойын»


Мақсаттары:

1.Білімділік. оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, белсенділік таңыту

2. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, іздемпаздыққа жетелеу

3. Тәрбиелік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

ӨТУ БАРЫСЫ:


Ұйымдастыру бөлімі: №12 дәрісхананы сабаққа дайындау, тақта, бор, өткен тақырыптар бойынша сұрақтарды құрау, топты үш командаға бөлу, оқушылармен амандасу, түгендеу.


Көрнекілік құралдары, дидактикалық материалдар және техникалық құралдар: интербелсенді тақта, компьютер, слайдтар, бейне таспа, анаграмма


Эпиграфы: Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.

Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты.

Кәсіпкерлік болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі 

«Бизнес әлемінде» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер.

Кіріспе: Рахимбаева Қарлығаш Ильясқызы

Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-  деп бүгінгі

ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі ойынға 10 «Ә» сынып

білімгерлері сайысқа түседі. «КӘСІПКЕРЛЕР»,

«БОЛАШАҚ», «ҚАРЖЫ» топтары.


ЕСКЕРТУ:


1.Ұялы телефон, жұмыс және тәжірибелік дәптерлерді қолдануға рұқсат етілмейді!


2. Ұпай сандары теңгемен есептелінеді. Қай топ көп ақша жинайды сол топ КӨШБАСШЫ-ЖЕҢІМПАЗ!


I БӨЛІМ -Сұрақтарға жауап беру (интербелсенді тақтадан берілген тақырыптарды өздері таңдап әр ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді. Әр сұраққа – 15 секунд уақыт беріледі) (әрбір дұрыс жауапқа 2000 теңге ұпай)

II БӨЛІМ – Мақал-мәтелдер (1 минут ішінде екі топ кезектесіп ақшаға байланысты мақал-мәтелдер айту керек, кім көп мақал-мәтел айтады сол топқа ұпай саны беріледі); (дұрыс жауапқа 10000 теңге ұпай)

III БӨЛІМ Ойлан – тап! анаграмма шешу (3 топқа бірдей тапсырма беріледі) (дұрыс жауапқа 10000 теңге ұпай, толық емес жауапқа 3000 теңге ұпай)

IY БӨЛІМ – Сергіту: диалогика әдісі бойынша тапсырмалар; (3 топқа бөлек тапсырмалар беріледі) (дұрыс жауапқа 10000 теңге ұпай)

Y БӨЛІМ – Сандар мен жылдар сөйлейді (интербелсенді тақтада ұяшықтағы сұрақтарға15 секундта жауап беру); (әрбір дұрыс жауапқа 10000 теңге ұпай)

YI БӨЛІМ – Капитандар сайысы (үш капитанға 4 тапсырмадан беріледі соны орындау қажет); (әрбір дұрыс жауапқа 10000 теңге ұпай)

YII БӨЛІМ –Аукцион сайысы (Логикалық сұрақтарға жауап беріп өз топтарына ұпай сандарын көбейту! ) – топқа 20000 теңге ұпай

YIII БӨЛІМ – ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.


Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер!

Мына ғасыр білімдінің ғасыры,

Сараланар адамзаттың асылы.

Қазақстан өркениет ел болса,

Мына заман білімдінің заманы,

Шәкірттердің таудай биік талабы,

Білімдіні анықтайтын сайыста,

Сайыскерлердің сәтті болсын қадамы!


I БӨЛІМ: Сұрақтарға жауап беру;


Тақырып: Кіріспе


1. Кәсіпкерлік ойлау дегеніміз не? XXI ғасырдың қажетті дағдысы, бұл - ойлап табушылық, армандарды құру және әлі жоқ нәрсені - армандарды іске асыру қабілеті.

2. Әр түрлі ғалымдар анықтаған кәсіпкердің барлық қасиеттерін атаңыз.

1) тәуелсіздікке ұмтылу, 2) іс-әрекет еркіндігі, 3) шығармашылық жұмыс, 4) капитал құру, 5) үстемдікке, билікке, беделге ұмтылу, 6) жеңіске деген ерік-жігер, 7) қарсыластармен және өзімен күресте табысқа ұмтылу, 8) мүмкіндіктерді ажырата білу, 9) жобалай білу, 10) тәуекелдерді басқара білу, 11) сәтсіздікті бастан өткере білу, 12) жоспарлау емес, әрекеттерге бейімділік.












Тақырып: Кәсіпкерлік түрлері


  1. Кәсіпкерлік деген не?

Адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, оларға пайда әкелетін және рахат сезіміне бөлейтін игіліктерді өндіру.

  1. Business to Consumer B2C?

"Тұтынушыға арналған бизнес")- бұл өндіруші немесе сатушы өз өнімін сату үшін тікелей тұтынушымен өзара әрекет жасайтын кәсіпкерлік түрі.

3."Business to Business" B2B?

"Бизнеске арналған бизнес" – өнімдерді немесе қызметтерді өндіруші және сатушы оларды соңғы тұтынушыға емес, басқа бизнеске өткізетін кәсіпкерлік түрі.

4.Business to Government B2G?

"Мемлекетке арналған бизнес" – қызметтерді өндіруші және сатушы оларды соңғы тұтынушыға емес, басқа бизнеске емес, мемлекеттік құрылымға өткізетін кәсіпкерлік түрі.

5.Тауарлар дегеніміз не?

Ұстауға, өлшеуге, сақтауға, буып-түйуге болатын материалдық заттар немесе бұйымдар. Тауарды кімнің өндіргені, станокта кімнің тұрғаны, оны кімнің қаптағаны тауарға маңызды емес.

6.Қызметтер дегенді қалай түсінесің?

Заттай нысаны жоқ, олар қажет еткен адамдар үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттер болып табылады.























Тақырып: Кәсіпкерлік іс

1.Кәсіпкерлік деген ұғым қай мемлекеттің тілінен және қандай сөзінен шыққан?- француз тілінен «Антрепренер» деген сөзінен шыққан.

2. Кәсіпкер деген кім? - өз ісін құра отырып, тәуекелге бас тігуге және эксперимент жасауға әзір, өз өмірін өзгерткісі келетін әрі қажырлы түрде көп еңбек етуге даяр адам.

3.Кәсіпкерлік іс пәніндегі негізгі бағдарлама қандай? – Бизнестің жол картасы -2020

4. Фирма жұмысқа кіріскенге дейінгі негізгі қадамдар қандай? -1.Өзіндік бағалау;

2.Кәсіпкерлік идея; 3.Тәуекелдерді бағалау; 4.Қаржыландыруды тарту туралы шешім;

5.Ұйымдастыру-құқықтық нысанды таңдау; 6.Тіркеу.

5. Адамдардың өз жеке ісін ашуға ұмтылуының себептерін атаңыз? -1.Табысты бизнестің негізі болып табылатын белгілі бір талант пен қабілеті болуы керек; 2.Қаржылай табысқа жетуге ұмтылу; 3.Шығармашылық жағынан өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі; 4.Еркіндік пен дербестік қажеттілігі; 5.Әрине, өзінің сүйікті ісімен айналыспақ тілегі.


II БӨЛІМ – Мақал-мәтелдер (1 минут ішінде екі топ кезектесіп ақшаға байланысты мақал-мәтелдер айту керек, кім көп мақал-мәтел айтады сол топқа ұпай саны беріледі); ЕСКЕРТУ! Мақал-мәтелдер қайталанбау керек.


III БӨЛІМ – Ойлан – тап! Анаграмма шешу (3 топқа бірдей тапсырма беріледі)















IY БӨЛІМ – Диалогика әдісі бойынша тапсырмалар;

ДИАЛОГИКА ДЕГЕНІМІЗ, БІР СӨЗДІҢ ЖАЛҒАСЫ ЕКІНШІ СӨЗДІҢ БАСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

1 топтың тапсырмасы:

1.Тауар мен өнім құнын бейнелейтін балама? (ақша)

2. Өндіру саласына қарама-қарсы тауарлар мен қызметтерді айырбастау саласы қалай аталады? (айналым)

А

Қ

Ш

А

Й

Н

А

Л

Ы

М


2 топтың тапсырмасы:

1.Жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиеселі өндіріс қалай аталады? (меншік)

2.Көп мөлшерде игілік өндіру мақсатында қолданылатын материалдық, зияткерлік, қаржы түріндегі игілік сомасы ол не? (капитал)

М

Е

Н

Ш

І

К

А

П

И

Т

А

Л


3 топтың тапсырмасы:

1.Пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресіқалай аталады? (бәсеке)

2.Жұмыс берушінің қызметкерге атқарылған жұмыс үшін заттай немесе ақшалай беретін төлем? (еңбекақы).

Б

Ә

С

Е

К

Е

Ң

Б

Е

К

А

Қ

Ы


Y БӨЛІМ – Сандар мен жылдар сөйлейді (интербелсенді тақтада ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру);

1.Көне грек философы Аристотель қай жылдары байлық ұғымын қарастыра келіп, оны заттай және ақшалай байлық деп екіге бөлген? (б.д.д. 384-322 ж.)

2.Экономикалық теория дербес ғылым болып қай ғасырларда қалыптаса бастады? XVI­XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.

3.Физиократизм – қай ғасырда және кімнің еңбегінде пайда болды? XVIII ғ. Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды

4.Қажеттіліктер неше түрлерге бөлінеді? – 4

5. Экономикалық заңдар нешеге бөлінеді? -3

6. Экономикалық заңдар қаншаға бөлінеді? -2

7.Меншікті қарастырудың қанша тәсілімен ажыратуға болады -2

8. Меншік заңдылығы неше элементтен тұрады – 11

9. Қай жылы елде ұлттық валюта – теңге енгізілді? - 1993 жылғы 15 қарашада

10.2020 жылы Айлық есептеу көрсеткіші қанша? -2651 теңге;

11.2020 жылы төменгі еңбек ақы қанша? - 42500 тг.


Y I БӨЛІМ – Капитандар сайысы (үш капитанға 4 тапсырма беріледі соны орындау қажет);
















1.Қызыл конвертегі тапсырма:

Жұмбақтарды шешу

Өзі темір, жаны жоқ.

Ақпаратты сақтап таратқан

Жұртты өзіне қаратқан (КОМПЬЮТЕР)


Әдетте үнсіз тұрамын,

Белгі берсең ұғамын

Жазуы бар қағаздың

Құралы боп шығамын (ПРИНТЕР)


Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы? (МОНИТОР)


2. Жасыл конверттегі тапсырма: Берілген затты өз тобына ымдап жеткізу, оның қандай зат екенін табу керек.


БАНКОМАТ


Гүл


ӘМИЯН (КОШЕЛЕК)


3.Сары конверттегі тапсырма:

Берілген мерзімдік жылдың «Кумулятивтік санын» есептеп шығару.

36 (666)

28 (406)

42 (903)

4.Көк конверттегі тапсырма:


КІМ КӨП БІЛЕДІ?

1.Біздің еліміздің басқа елдерге сататын тауарлар? ЭКСПОРТ

2.Адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдаланатын немесе иелік ететін нәрсе? МЕНШІК

3.Басқаларды шеттетіп тастаған бір сатушы рыногы? МОНОПОЛИЯ

4.Несиеге техника алу? ЛИЗИНГ

5.Біздің еліміздің басқа елдерден сатып алатын тауарлар? ИМПОРТ

6.Ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушы кәсіпорын? ФЕРМА

7.Пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет? БИЗНЕС

8.Елдің шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды реттейтін мемлекеттік қызмет? КЕДЕН

9.Тауар бірлігінің ақша мен көрінетін құны? БАҒА

10.АҚШ ақшасы? ДОЛЛАР


YIII БӨЛІМ –Аукцион сайысы (Логикалық сұрақтарға жауп беріп өз топтарына ұпай сандарын көбейту)

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

4. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

5. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

6. 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма?(тең)

7. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)

8. Асханаға 100 кг пияз және одан 3-уі артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг. картоп әкелінді? (103 кг)

9. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

1 0.Үнділіктер оны "сунья" деп атаған, ал араб математиктері "сифр". Қазір біз ол цифрды қалай атаймыз. (Нөл)


11.Уақыттың ең кіші өлшем бірлігі? (секунд)


12.Ең кіші төрт таңбалы сан? (1000).

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Экономикаға мың алғыс!




IX БӨЛІМ – ҚОРЫТЫНДЫЛАУ. Жеңімпаздарды марапаттау.


1-ші жүлделі орын – «КӘСІПКЕРЛЕР»


2-ші жүлделі орын – «ҚАРЖ Ы»


3-ші жүлделі орын- «БОЛАШАҚ».

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
1616
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі