400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Блокнот. Калькулятор" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныптарға арналған Блокнот. Калькулятор туралы үғымына түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Калькулятор және Блокнот.


Касенова Жибек Манапбаевна

Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің мұғалімі


Оқыту мақсаттары

Оқушыларға блокнот бағдарламасы, калькулятормен жұмыс істеу туралы түсінікті қалыптастыру, блокнот бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері туралы айту және калькулятормен жұмыс істеу тәсілімен танысу.

Оқыту нәтижелері

  • Блокнот бағдарламасы, калькуляторді іске қоса алады (барлығы);

  • Калькулятор және блокнот туралы түсінік қалыптасады; (барлығы);

  • Калькулятормен есеп шығарады.

Сабақтың түрі


Жаңа білімді меңгерту.

Қолданылатын әдіс-тәсідер

«Кім көп біледі? Кім епті» ойыны арқылы сұрақ-жауап

Қима қағаздары арқылы топтастыру. Құрастырған сурет бойынша өз білімін айту.

«Ақпарат алмасу» әдісі арқылы жаңа сабақты ашу.

Деңгейлік тапсырмалар (компьютермен практикалық жұмыс)

Жаңа сабақты бекіту. «Жұмбақты шешу», «Сиқырлы сөзді тап», «Сөз тіркестерін сәйкестендір».

Рефлексия

Ресурстар (дереккөздер)

Информатика оқулығы, 5 сынып, Арман -ПВ, 2013 ж, интерактивті тақта, слайд, компьютер, қима қағаздар, тапсырма жазылған парақтар.

КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

БАҒАЛАУ


Ұйымдастыру кезеңі

(3 минут)

Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындық: «Өзіңізге тілегенді-өзгелерге тілеңіз!»

Дөңгелектеніп тұрып, бір-біріне тілек айту.

- Қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлу, бағалау парақшасымен таныстыру.


Бір –біріне тілек айту.

1-топ: Блокнот

2-топ: Kалькулятор

3-топ: WordPad




Білу

(5 минут)

Миға шабуыл :«Кім көп біледі? Кім жылдам» ойыны. (Үй тапсырмасы)

Интерактивті тақтадан таңдаған сандар арқылы сұраққа жауап беру.

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Жауабын тексереді.



Бағалау парағы

Түсіну.

Мағынаны тану

(15 минут)

«Ақпарат алмасу» әдісі. Мәтінмен жұмыс. Топтық жұмыс.

1 топ: Блокнот программасы.

2 топ: Калькулятор бағдарламасы.

3 топ: Инженерлік калькулятор.


Топтар оқулықтағы мәтінді оқып, өзара топ болып талқылайды , бұрыннан таныс мәліметті жаңа мәліметпен ұштастырады, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалайды. Постер қорғайды.

Өзін-өзі бағалау парағы

Қолдану

(10 минут)

Компьютерде тәжірибелік жұмысты орындау.

Есеп шығару.

1- тапсырма

  1. Калькуляторды іске қосыңдар.

  2. Түр мәзірінде Инженерлік режимді таңдаңдар.

  3. Қарапайым режимге көшіріңдер.

  4. Өз туған жылдарыңды енгізіңдер.

  5. Түр (Вид) – Цифрлардың разряд бойынша топтасуын (Группировка цифр по разрядам)таңдаңдар.

  6. Түр (Вид) – Журнал таңдаңдар. 2+2 теріңдер. Өрнек журналда көрсетіледі және жұмыс уақытында сонда сақталады.

  7. Журналды тазалаңдар: Түзету (Правка) – Журнал – Тазалау (Очистить).

  1. тапсырма

  1. WordРad-ті іске қосыңдар.

  2. Есептің мәтінін толтырыңдар:

Алшақ орналасқан

құрылғылар сатып алу

ҚАРАЖАТЫН ЕСЕПТЕУ

Принтер 17 700

Сканер 18 576

Құлақтық 3 395

Барлығы

3. Калькуляторды іске қосыңдар және қосуды орындаңдар.

4. Түзеу мәзірінде Көшіру бұйрығын таңдаңдар.

5.Мәтіндік редакторға ауысыңдар.

6.Кірістіру бұйрығын орындаңдар.

Компьютерде тапсырмаларды жеке орындайды.



Өзін-өзі бағалау парағы

Сергіту сәті

(2 минут)

Би жаттығуы (Бірге орындайды)


Жинақтау

(8 минут)



Жұмбақты шешу.

«Сиқырлы сөзді тап!»

«Сөз тіркесін сәйкестендір» әдісі

(жеке жұмыс)

Оқушылар тақтадағы жұмбақты шешеді, тапсырмаларға жеке жауап береді.


Өзін-өзі бағалау парағы

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан менің білгенім...

  • Қызықты болғаны....

  • Қиын болғаны...

Бүгінгі сабақ жайында рефлексия жасайды.





Бағалау

Бағалау парақтарына жалпы ұпайын есептеп, шыққан бағаларын дәлелдейді.



Үйге тапсырма

§ 27 оқу. 198 беттегі қызықты ақпаратты оқу.

Тапсырманы күнделіктеріне жазады.



Жамбыл облысы,

Т.Рысқұлов ауданы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
616
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі