400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ БММ қобыз класына

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар музыка мектептеріндегі қобыз сыныбының ашық сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Теректі балалалр музыка мектебі» МКҚК






Бекітемін__________

Теректі балалар музыка

мектебі директоры м.а

А. С. Капезова

«___ » ___________2023 ж



Ашық сабақ

тақырыбы:


«Қобыз аспабында ойнауды

жетілдіру»













Өткізген және дайындаған:

Абуова Бибинур Толегеновна

қобыз сыныбының оқытушысы








Теректі а

Сабақтың тақырыбы: «Қобыз аспабын ойнауды жетілдіру»

Сабақтың мақсаты: Оқушының музыкалық қабілетін дамыта отырып қобыз аспабын еркін ойнауға үйрету, жалпы музыкалық танымын дамыту.

Білімділік: оқушының музыкалық білімін дамыту, аспапты еркін ойнауға үйрету;

Дамытушылық: оқушының музыкаға деген сүйіспеншілігін оята отырып, әуенді дұрыс ести білуге, мелодиялық ерекшелігін сезінуге, шығарманы дұрыс орындауға машықтандыру және қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: қобыз аспабында орындаушылық қабілетін қалыптастыру, әр күн арқылы бойына сіңірген шығармашылық қабілетін дамыта отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Көренкіліктер: қобыз аспабы, нота, партрет, үнтаспа, слайд, карточкалар.

Сабақ өтілді: Есмырза Ақнұр 2 – сынып оқушысы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1) оң қол мен сол қолдың қойылуы;

2) аспапты дұрыс ұстау, ысқышты еркін жүргізу;

3) сол қол саусақтары мен ысқышты бір – біріне бағындыру;

4) құлақ күйі, ноталары;

5) соль,ре, ля және ми ішегінде бүтін нотада ойнау;

6) ашық ішекте 4 ке санап ойнау, ысқышты таза жүргізу;

7) Ре мажор гаммасында 2 ге санап таза ойнау;

8) В. Моцарт «Охотник» жатқа, өз екпінінде ойнау.

ІІІ. Жаңа сабақ. «Қобыз аспабын ойнауды жетілдіру».

Бүгінгі сабағымызда ноталардың есептелінуі яғни ширектік есеппен танысамыз. Сонымен қатар нота ұзақтығын ұзартатын қосымша белгілер де болады соларменде танысамыз. Алдымен нотаның ұзақтықтарымен яғни есептелінуімен танысайық. Олар:

бүтін нота, жарты нота, ширек нота, сегіздік нота және он алтылық нота


Нота ұзақтығын ұзартатын қосымша белгілер

Музыкалық өлшемдер

Қобыз штрихтары

Штрих – музыкалық шығарманың сазын, өзіне тән үнін, орынды дәл нақышымен шығару үшін ысқыш бағдарының жүргізу тәсілдері.


Деташе

Ноталарды бір – бірінен жеке, ажырата, бөле ойнау тәсілін деташе дейміз. Ойналатын ноталардың астына немесе үстіне қысқа сызықша қойылады. Белгісі:

Легато

Әртүрлі биіктіктегі ноталардың арасын үзбей, біріктіре ойнау тәсілін легато дейміз. Белгісі:

Стаккато

Ноталарды бір – бірімен байланыстырмай, үзіп – үзіп секірте ойнауды стаккато дейміз. Ноталардың астына немесе үстіне нүкте қойылып отырады.

Позиция

Позиция немесе тұғыр дегеніміз – сол қол саусақтарының берілген дыбыс қатарының үстінде, жылжытусыз толық орналасуы.


ІҮ. Актуальдау (суреттер, ноталармен есептеу жасау)

  • Нота дыбыстарының ұзақтығы

  • Өлшемдер.

  • Ноталардың есептелуімен есеп шығару


Жақсы сабағымызды қорытындылай келе Л. Бетховеннің «Сурок» шығармасын үнтаспа арқылы жазылған әуенмен ойнап беру.

V. Қорытындылау. Сұрақ жауап, кері байланыс

1. Бүгінгі сабақ ұнадыма?

2. Несімен ұнады немесе ұнамады?

3. Қобыз ойнауда қандай белгілермен таныстың?

VІ. Үйге тапсырма: Н. Бакланов «Этюд» барлық белгілерін сақтап ойнау.







Қосымша материалдар


Ноталрдың ұзақтығын анықтап толтыру


До ми соль си ля фа ре ми фа ля до



Си до ре ми ля си фа соль ми ре фа ля си






















Қобыз штрихтары

Штрих – музыкалық шығарманың сазын, өзіне тән үнін, орынды дәл нақышымен шығару үшін ысқыш бағдарының жүргізу тәсілдері.


Деташе

Ноталарды бір – бірінен жеке, ажырата, бөле ойнау тәсілін деташе дейміз. Ойналатын ноталардың астына немесе үстіне қысқа сызықша қойылады. Белгісі:


Легато

Әртүрлі биіктіктегі ноталардың арасын үзбей, біріктіре ойнау тәсілін легато дейміз. Белгісі:



Стаккато

Ноталарды бір – бірімен байланыстырмай, үзіп – үзіп секірте ойнауды стаккато дейміз. Ноталардың астына немесе үстіне нүкте қойылып отырады.

Позиция

Позиция немесе тұғыр дегеніміз – сол қол саусақтарының берілген дыбыс қатарының үстінде, жылжытусыз толық орналасуы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.11.2024
322
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі