|
Мақсаты
|
Білімділік. Оқушыларды Б.
Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен
идеясын меңгерту.
Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу.
Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу
мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін
арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына
ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі
болуға баулу. Бауыржан Момышұлының ерліктерін әңгімелей отырып
ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ -
жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс,
ойын. Көрнекілік: Суреттері.
Бүктемелер.
|
|
+Психологиялық
ахуал
|
1.Шеңберде тренинг
.
2. Конверт
таратылады. (сары,қызыл,
жасыл).
3.Конверт түсіне қарай үш
топқа бөлінеді.
|
Оқушылар шеңберде
жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік
тілейді.
|
|
Қызығушылықты
ояту
|
-Суретке қарап не
екенін айтады.
-жеті санына қатысты
тағы небілеміз?
-Жеті
ата.
-оқулықтағы нақыл
сөздерді оқушыларға оқытып,
талдаймыз.
Жеті жұрттың қамын
жер.
Өзін ғана білген
ұл
Құлағы мен жағын
жер.
|
Жаңа сабаққа деген
қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен
кіріседі.
|
|
Мағынаны
тану
|

Тақтада сурет
көрсетіледі.
- Бұл
кім?
Бауыржан Момышұлының
суретіне қарап кім екенін,
шығармасын, туған
жерін анықтап айту
1. Мұғалімнің
түсіндірмесі.
Бауыржан Момышұлы өмірі жайында түсінік беру.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы
ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат
ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында
ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3
жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың
қолында өседі. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін
біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін
өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир
атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы
мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына
шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі
болады.1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты
генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан
жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады,
батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы
жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады
-Балалар, бүгін
бізге Бауыржан Момышұлы атамыздан хат келіпті . Сол хатты мен
сіздерге қазір оқып беремін. Мәтінде түсініксіз сөздер болса
белгілеп отырамыз.
- Сөздікпен
жұмыс:
Ататегі-арғы
аталары
Баппен-асықпай
Араз – тату емес,
өш
-Дәптерімізді ашып,
күннің жадын, тақырыпты
жазамыз.
Оқулықпен
жұмыс.
-Әр топқа мәтінді бөліп
беремін.
-Мәтінді балалар
жеке оқып және топта бір-біріне айтып , әр топтан бір оқушы
мазмұнын айтады.
-Сұрақтарға жауап
береді.
«Ойланып
көр!»
1.Бауыржан неліктен
сыртттан киіз үйге қайта
келді?
2.Ол үлкендермен қалай амандасты,
неліктен?
3.Әр адам неліктен өзінің ата тегін білу
керек?
|
Оқушылардың
Жеке
жауаптары
тыңдалады,
Тақтаға
жазып
шығады.
Түсініктеменің
қорытындысы бойынша (топтастыру «әдісін
жүргізеді.)
|
|
Ой
толғаныс
|
«Сен маған,мен
саған»
3 топ бір-біріне
мәтін
мазмұны бойынша
сұрақтар дайындау.
«Конверт-сұрақ»
Сұрақты суырып топта
жауап береді
1 Сәлемдесу туралы
нақыл сөздер жаз
2. Жазушы ойын
пайдаланып, нақыл сөзді құрастыр:
Ел тану деген -......
3.Мәтін
неліктен
«ұшқан ұя» деп
аталды ?
Топта ойланып жауап
береді
«Жеті атаңды
танып біл!»
Сөздерді орнына
қойып жазу,кестені толтыру 3 топтан жеке оқушыдан
толтыру
Ата
Әке
Бала
Немере
Шөбере
Шөпшек
Немене
|