400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Бөліктерден фигуралар құрастырамын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс-тәжірибе алмасу үшін қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні : Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру


Тақырыбы : Астанаға саяхат Бөліктерден фигуралар құрастырамын.







Мектеп /МАД: М.Әуезов атындағы №2 ЖОББМ

Күні :

Педагогтің аты-жөні:

Ситекенова НургульКуанышевна

Мектепалды даярлық тобы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны : -



Оқу мақсаттары


0.3.2.1 Үлгі бойынша геометриялық фигураларды құрастыру. Геометриялық фигураларды атау, ажырату


Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер :

-үлгі бойынша геометриялық фигураларды құрастырады.Топтық тапсырмаларды орындайды. Түрлі фигураларды ажыратады .


Көптеген тәрбиеленушілер :

-суреттің қандай бөліктерден құралғанын атау (өрнек,фигура,аппликация).


Кейбір тәрбиеленушілер :

-тапсырылған және өз бетінше дайындалған бөліктерден заттарды ( суреттер, аппликациялар және т.б)өз бетінше жинайды.


Тілдік мақсаттар :

Дағдыларын дамыту :

-бүтіндегі жартылар, бүтіндегі ширек бөліктер саны туралы сөйлемдер құрайды.

Пәндік лексика және терминология:

Бүтін, жарты, ширек.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар :

Дөңгелек заттарды бөліктерге бөлген кездеріңіз болды ма ? ( торть, пицца)

-Бүтін шеңберде жарты ( ширек) қанша ?

Жазу :

-фигура бөліктерін табу, бояу


Алдыңғы бөлім

Бүтін , бөлік , жарты , ширек.





Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-5 минут

Ынталандыру .

Жарқырап күнде ашылды

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз

Қайырлы күн ! Біз сүйкімді баламыз


Топқа бөлу./Сандықша ішіндегі фигуралар таңдау арқылы топқа бөлінеді/






Сандықша


Үшбұрыш, тік төртбұрыш



Ортасы

6 – 15




Өткен тақырыпқа шолу.

Бүтін, бөлік жарты, ширек ұғымдарын естеріне түсіру.


1. Топтық жұмыс : Сурет бөліктерінен бүтін сурет құрау.

-Берілген суретте қандай бөліктер кездесті ?


-Мадақтау. Бағалау

/көңілді смайлик үлестіру/


2. Астанаға саяхат жасау.

Қазақстанның бас қаласы Астана көрінісін тамашалау.


- Ғимараттар мен , алаңдардан қандай пішіндерді көрдіңдер ?

/дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, сопақша т.б/


3. Әліппе дәптермен жұмыс

1- тапсырманы орындау


Сұрақтар қою

-Шаршы неше бөлікке бөлінген ?

Бөліктерді қалай жапсыру керек ?

Ненің көрінісі пайда болды ?

  1. Сергіту сәті : «Қарлығаш»

Бір, екі, үш-

Қарлығаш боп ұш,

Төрт, бес алты-

Қарлығаш боп қалқы

Жеті, сегіз, тоғыз, он

Қарлығаш боп қон







Қайшы , желім

Үлестірмелі материал


Смайликтер






АКТ қолдану








Әліппе дәптер







АКТ / музыкалық әуен/


16 – 25



Жаңаны қолдану.


5. Топтық жұмыс

Геометриялық фигураларды атау. Әр қатарда қанша пішін болса сонша нүкте, цифр салу .


6. «Мен фигура құрастырамын» ойыны

/Санауыш таяқшаларын пайдаланып фигуралар құрастыру, оны бөліктерге бөлу/


7. «Пішіндер әні» /түрлі пішіндерді ұстап билеу/



Қорытынды.

- Сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

-Қандай тапсырмаларды орындадық ?






Әліппе дәптер



Санауыш таяқшалары




АКТ қолдану

Түрлі пішіндер

бейнесі




Рефлексия

26 - 30






Рефлексия

Жарайсыңдар балалар !

Бүгін сендер барлығың өте жақсы қатыстыңдар.

Бүгінгі жұмыстарыңды

«Сәттілік сатысы» арқылы бағалайық

Қателіктер болмаса, және барлығын жақсы түсінсеңдер жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті, қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті, егер мүлдем түсінбеген болсаңдар, көңілсіз смайликті салуға болады.



Әліппе –дәптер







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
770
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі