400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу. Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу. Тақырыбы: «Жабайы жануарлар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екібастұз қаласы әкімдігі білім Коммунальное государственное

бөлімінің №2 «Балдырган» казенное предприятие ясли-сад № 2

бөбектер бақшасы коммуналдық «Балдырган» отдела образования мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. акимата города Экибастуза.











Ашық сабақ.

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
















Тәрбиеші:

Мусралинова Г.К.















2019 ж.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы №


ТәрбиешініңТАӘ:_______________

Тобы: ІI-кіші «Ә»

Білім беру салысы:Таным.

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»

Мақсаты: Жабайы жануалар туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір –бірінен

ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Міндеттері:

1.Білімділік: Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.

2.Дамытушылық: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып дамыту.

3.Тәрбиелік: жабайы аңдарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Билингвальді компонент: жабайы – дикие ,аңдар – животные,қоян –

заяц,түлкі – лиса,аю – медведь,қасқыр – волк.



Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Кіріспе

бөлім

Шаттық шеңбері.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын.Кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге:

Бала-бала баламыз,
Бақшамызға барамыз,
Күні-бойы қызыққа,
Батамыз-да, қаламыз! 




Шаттық шеңберіне тұрады.


Негізгі

бөлім

Балалар, ал сіз саяхатты баруға ұнатасыздар ма?

Ендеше, біз сіздермен бүгін орманға барамыз.

Ал біз орманға келдік.

Балалар орманда жабайы жануарлар тұратынын білесіздер ме?

Орманда қандай аңдар тұрады?

Аю, қасқыр, түлкі, қоян. 

Бұл қандай аң екен?

- Аю – жабайы аң, ол орманда тіршілік

етеді. Оның басы, денесі, төрт аяғы бар. Аюдың баласын не дейді? 

- Аюдың түсі қандай? 

Балалар аю қыста не істейді,нені жақсы көреді?

Аю туралы кім тақпақ айтып береді?

2. Бұл қандай аң екен?
- Қасқырдың түсі қандай? 

- Қасқырдың түсі көк, тісі өткір болады. 
- Қасқыр қайда мекендейді? 

3. Бұл қандай аң екен?
Балалар түлкі туралы не білесіңдер?
- Түлкінің түсі қандай?
Түлкінің денесі қасқырға ұқсас болып келеді, бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы

ұзын ба қысқа ма?


4. Бұл қандай аң екен?
Қоян- жабайы аң. Оның құлағы ұзын.Төрт аяғы бар. 
- Қоян нені жақсы көреді? 
- Қоянның түсі қандай? 
- Қоянның түсі қыста ақ, жазда сұр болады. 



Жұмбақтар.



Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал,оның баласын «көжек» дейді.




Қ аңғырамын үйім жоқ. 

Ауылдардың қойы көп.

Ұрлық, зорлық кәсібім.    

Тамақтанар - нәсібім.



Өзі қу, әрі айлакер,

Жүрген жері айқай шу.



Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.





Билингвальді компонент: жабайы – дикие ,аңдар – животные,қоян –

заяц,түлкі – лиса,аю – медведь,қасқыр – волк.


Сергіту сәті.

Бала, бала, балақай.

Кәне, қайсы алақай.

Саусақтарын айбат.

Былай былай ойнат.


Дидактикалық ойын. «Суретті құрастыр».


-Қәне, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.

-Иә.






-Иә.


- Аю, қасқыр, түлкі, қоян. 



- Қонжық. 



- Ақ, сұр,қара болады. 


Аю қыста ұйықтайды, балды жақсы көреді.

- Қасқыр.

- Қасқырдың түсі көк, тісі өткір болады. 

- Орманда, далада.


-Түлкі


- Қызыл.



- Ұзын және сүйріктеу.



-Қоян.


- Сәбізді, шөпті жақсы көреді. 


- Қоянның түсі қыста ақ, жазда сұр болады.







-Қоян.











-Қасқыр.







-Түлкі.






-Аю.





Қайталайды: жабайы – дикие ,аңдар – животные,қоян –

заяц,түлкі – лиса,аю – медведь,қасқыр – волк.



Қимылмен жасайды.




Суреттерді құрастырады.





Тақпақты айтады.

Қортынды

бөлім

-Балалар бүгінгі  іс-әрекеттіміз  сендерге ұнады ма?

-Несімен ұнады?

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:  Жабайы  аңдарды  ажырата алуды.

Түсінеді:  Жабайы  аңдардың  төлдерінің  атауларын.

Қолданады: Балалар  сұрақтарға  жауап береді.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
3177
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі