Материалдар / Ашық сабақ "Болмасан да, ұқсап бақ"

Ашық сабақ "Болмасан да, ұқсап бақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда топтарды жарыстыру арқылы, білімдерін тексеру.
Авторы:
12 Сәуір 2024
159
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сырым колледжі» МКҚК





БЕКІТЕМІН

Директордың оқу-ісі жөніндегі

орынбасары:

____________Т.О. Ақмамбетова

«___» ____________2024 ж





АШЫҚ САЙЫС САБАҚ ДАЙЫНДАМАСЫ


Тақырыбы: «Болмасан да, ұқсап бақ атты»

топтар арасында сайыс
















Дайындаған: Арнайы пән

оқытушысы Искакова Г.С.






2024 жыл



«Болмасан да, ұқсап бақ атты»


Салеметсіздерме құрметті Ұстаздар мен студенттер!!!!

Электрмонтер топтарының ұйымдастыруымен «Болмасан да, ұқсап бақ атты» қортындылау кешімізге қош келдіңіздер.

Бүгінгі кеш төрінде

Дарындылар елінде

Тапқырлардың тілінде

Электромонтер апталғы басталған- дей келе апталықты шағын видо роликке назар аударайық.


Назарларыңызға рақмет. Олай болса келесі «Болмасанда , ұқсап бақ» атты сайысымызды бастаймыз.

Сайыс мақсаты: Білімділікті тексеру , студенттердің оқу өндіріс шеберіммен топтық жұмыс жасай білуі, тәжірибе алмасып, ой өріс саласының кеңейту, студенттін шығармашылық іздемпаздығын ояту, жан жақты білімдерін біліктілігін дамыту болып табылады.


Жоспар.

1- кезең . Ия немесе Жоқ

2.- кезең Құпия жәшік

3. Қиялына ерік бер (сурет салу)

4. Қимылмен іс әрекет.

5. Жұмбақтар сыр шертеді

6. Сөз тапқанға қолқа жоқ

7. Тоқ жалғап көремізбе

Жалпы жарыс осы кезеңдерден тұрады. Қатысушы топтар өзіміздің топ аты мен ұран дайындап отырайық.

Сіздер дайындалам дегенше ортаға «Электрмонтер» тобының студенті Асылбектің әсем әніне кезек береміз

Олай болса осы сайысымызға қатысатын топтармен таныса кетейік.

Өз өздерін таныстырып ұран айтылса және алдағы қағазға топ аттарын жазып қойсаңыздар.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтын сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты деп отырып әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік

..................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



Дайынбызба студенттер

Нақты ғылымға қызығушылар

Естігенің есте тұтып

Оқығаның миға тоқушылар


Дайынбызба өндіріс шеберлері

Айтар ойын тұспалдар

Сіз оқытқан студенттер

Сәтті келді сыналар

Дей келе сайысымыздың 1 кезеңіне кезек берейік. Шартын түсіндіре кететін болсам алдарыңызға Ия және Жоқ деп жазылған қағаз беріледі. Мен қазір сұрақ оқимын, Сол сұраққа ия неме жоқ деген қағазды көтеру арқылы жауап беріп отырарсыздар. 1 дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.





2 кезең

Сыр сандықты ашып қараша

Ашып қара сырласым

Сыр пернені басып қара,

Басып қара сырласым дей келе 2 кезең құпия жәшік кезек берейік. Ортаға құпи жәшіктерді алдырсақ. Бұл кезенде топтан 2 сайыскер қатысады. Құпия жәшіктегі көзбен қарамай қолмен қандай зат екеің тауып айту керек. Сол затқа 2 мүмкіндігі бар. Кім бірінші шығатының жеребе бойынша анықтайық.


3 кезең. Бұл кезен топтық жұмыс. Электрмонтерлерге, қатысты сурет саламыз . берілетін уақыт 5 минут. Ең жоғарғы ұпай 5 ұпаймен бағаланады.

Студентер алдарына қағазбен карандаштар береміз. Сәттілік


Топтар сурет салып боламыз дегенше керемет әсем әнге кезеек берейік.

Электрмонтер тобының студенті Асылбекке

Суреттерді әділ қазыалқасына берсек өз бағаларын берер.


4кезең

Қимылмен іс әрекет деп аталады. Бұл кезенде сөйлеуге болмайды тек қана қимылмен түсіндіреміз. Ортада сөздер тұр. Әр топтан 1 студент келіп қағаз алады. Сол қағаздың ішіндегі сөзді қимылмен көрсетеді. 1 минут уақыт беріледі. Және дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Қағаздарға Ақбота мен Ақерке жауапты

Уақытты Ұлан мен Әли қарап отырамыз

Олай болса жеребе арқылы тандап алайық. Бастайық

Жасырылатын сөздер :

Бағана (столба)

Шам (свет)

Есептегіш (счетчик)

Каропка (қорапша)

Сым

Патрон

Изолента

Розетка

Қайшы

Қысқаш

Отвёртка

Резинка қолғап

Көзілдірік

Электрмонтер

Электрдәнекерлеуші

Тоқ

Кабель

Шуруповерт

Магнит




5. Жұмбақтар сыр шертеді кезеңі өзі аты айтып тұрғандай түрлі түрлі жұмбақтар беріледі. Ол үшін ұяшықты тандау арқылы жауап береміз. Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.





6 кезең.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын,- деп келесі кезекті топ басшылары Өндіріс оқыту шеберлерін шақырамыз.

Бұл сайыс «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. Сайыс шарты Сіздерге сұрақ қойылады. Осы әріпті пайдаланып жауап беруіңіз қажет. Тез жауап берсеңіздер 1 ұпайдан жинап отырасыздар.

Ұстаздар тобына 1 кезең ( Ж , А, Қ әріптері)

1 сұрақ: Наурыз мерекесі қандай мейрам?

(жаңа жыл, ақ қар ериді, қыс кетеді)

2 сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыздар?

(жал-жая, айран, қазы-қарта)

3 сұрақ: Кімге еркелейміз? (жолдасыма, анама, қызыма)

4 сұрақ: Тілек айтыңызшы? (жаман болма, қатты болма, ақ жол болсын)

2 кезең ( Т, Б, С әріптері)

1 сұрақ: Наурыз мейрамының ерекшелігі неде?

(таң тез атады, бүршік жарады, су ағады)

2 сұрақ: Ауылда адасу мүмкінбе?

(бәрі мүмкін, Серік адасты, тіпті мүмкін емес)

3 сұрақ: Арманыңызы не?

( сырға алу, тақия сатып алу, білім алу)

4 сұрақ: Қазақ тілі не үшін керек?

(білім алу, тапқыр болу, сөйлесу үшін.)




7. Тоқ жалғап көремізбе соңғы сайыс кезеңі. Алдарыңызға құрал жабдықтар беріледі. Өте қарапайым электр тізбегін жалғайсыздар.Кім шапшан кім бірінші шамды жағады, сол топ жеңеді. Бұл кезенге жауапты Набиолла Әли мен Айтқали Ұлан


Әділ қазы алқасы ұпайларыңызды есепией берсеңіздер.

Заман қанша қиын –қыстау болса да,

Игі істер болып жатыр қаншама.

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар танылған,

Жүлдегерді танытпасақ бола ма?

Сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз. (Әділқазылар алқасы шешімдерін айтады)

Әдемі кешті электрмонтер тобы әдемі әнімен аяқтағысы келіп тұр. Қарсы алыңыздар

Құрметті Ұстаздар мен студенттер осы шараға қатысқандарыңызға көп рахмет. Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз

: Сонымен бүгінгі «Болмасанда ұқсап бақ » атты қортынды кешіміз сайысы өз мәресіне жетті. Электрмонтер мен электрдәнекерлеуші тобының апталығын жабық деп жариялаймыз.





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ