400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бөлме өсімдіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал шағын орталыққа арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: «Гүлдер»

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері «Гүлдер»

Мақсаты: Біз бүгін гүлдермен танысамыз.Оларға қалай күтім жасау керектігін үйренеміз.

Көрнекіліктер: Суреттер,шарлар,өсіп тұрған гүлдер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотиватциялық қызығушылық

Балалар шеңбер болып тұрып, бір- біріміздің қолдарымыздан ұстайық. Мына гүл шоғын бір- бірімізге жылы сөз, жақсы тілегімізді айта отырып ұсынайық

Балалар шеңбер болып тұрып, тәрбиеші көмегімен бір- біріне тілектерін айтады.



Ұйымдастыру- іздестіру

Өлең оқу: «Гүл» өлеңі оқылады.

Гүлдер,гүлдер көп гүлдер.

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Жайнар кезім келді деп.

Қанаттарың желбіреп.

Топқа бөлу

1-топ Дала гүлі

2-топ Бөлме гүлі

Тәрбиешінің сөзі:

Балалар, біз бүгін табиғаттың ғажайып байлығы гүлдермен танысамыз.Гүлдердің көптеген түрлері бар. Гүлдердің адам өміріне тигізер пайдасы көп.Гүлдер дала гүлдері, бөлме гүлдері болып бөлінеді.Дала гүлдеріне қарақат, бақбақ, түймедақ т.б. жатады. Бұл гүлдер далада өседі. Сондықтан дала гүлдері деп аталады.

Бөлмедегі гүлдер ауаны тазартады, әдемі әсемдік береді және адамдарға қуаныш сыйлайды.

Гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы болады.

Тамыры арқылы суды сорады.Сабағы арқылы қоректік заттарды жапырағы мен гүлшоғына өткізеді.Жапырақтарындағы тесіктері арқылы ауа сорады.

Ыдыстағы гүлді күтіп баптауды үйрету.

Постермен жұмыс

1-топ Қызғалдақ гүлін құраңдар.

2-топ Бөлме гүлін құраңдар.


Сергіту сәті.

Балалардың қолдарын жаттықтыру.

Ойын:

Үлестірмелік материалдармен жұмыс.

Түстерді ажырату.

Шарты: әр бала өзіне ұнаған түсті алып қиылған гүл бөлшектерін алып құрай бастайды.

Сабақты қорыту:

Сұрақ-жауап

Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

Гүлдердің қандай түрлерімен таныстық?

Гүлдерді күтіп баптауды түсіндік па?

Барлық балалар «Біз гүлдерді сүйеміз».

Балалар гүл туралы өлең оқиды.






Топпен жұмыс


















Балалар тәрбиешімен бірге гүлді күтіп- баптауды үйренеді.


Топпен жұмыс


Жаттығу жасайды.



Қима-қағаздармен жұмыс




Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Бөлме гүлдерін таниды,оларды күтіп баптауды біледі.

Игереді: Балалардың еңбек іс-әрекет дағдылары дамиды.(Гүлдерге су құйып үйренеді,жапырағының шаңын сүртуді біледі,топырағын қопсыта алады).











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20.03.2019
523
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі