15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Болымды және болымсыз етістік 3 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Мектеп: №21 Яссауи атындағы жалпа орта мектебі |
||
Пәні: Қазақ тілі |
Мұғалімнің аты-жөні: Белгибаева М. |
||
Күні: 01.03.2019ж |
Жалпы саны: 21 |
||
Сынып: 3« д » |
Қатысқандар саны: |
||
Сабақ тақырыбы: |
Болымды және болымсыз етістік |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
|
|
||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар:
Кейбір оқушылар:
|
||
Тілдік мақсат: |
Жазылым,оқылым,айтылым,тыңдалым.
|
||
Бағалау критерийлері: |
1.Мәтінді түсініп оқиды және негізгі ойды анықтайды. Мәтіннен болымсыз етістіктерді табады.
2.Болымды және болымсыз етістіктерді ажыратады; Жаңа білімді меңгереді.
3.Болымды және болымсыз етістіктерді сөз құрамына талдайды; Болымды және болымсыз етістіктерді тәуелдейді.
|
||
Құндылықтарды дарыту: |
Балалардың денсаулығын нығайту.
|
||
Алдыңғы оқу: |
Болымды және болымсыз етістік туралы түсінік қалыптасқан.
|
||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
||
Сабақтың басы: |
І.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру «Сағат тілі» әдісін пайдалана отырып, оқушыларды 3-ке дейін санау арқылы топқа біріктіру 1-топ жүйріктер тобы 2-топ тапқырлар тобы 3-топ алғырлар тобы
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Табан іздері» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау 1.Етістік дегеніміз не?(Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөз табы) 2.Етістіктің сұрақтары?(Не істеді? Не қылды? Қайтты?) 3.Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?(Баяндауыш) 4.Баяндауыштың астын неше сызықпен сызамыз?(2) 5.Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді ?(Дара және күрделі болып 2-ге бөлінеді) 6.Дара етістік дегеніміз не?(Бір ғана сөзден тұратын етістікті дара етістік дейміз) 7.Қүрделі етістік дегеніміз не?(екі немесе үш сөзден тұртын етістікті күрделі етістік дейміз) 8.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?(Негізгі және туынды болып 2-ге бөлінеді) 9.Негізгі етістік дегеніміз не? (Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейміз) 10.Туынды етістік дегеніміз не? (Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік деп атайды) 11.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?(Болымды және болымсыз болып екіге бөлінеді) 12.Болымсыз етістік қалай жасалады?(Болымды етістікке -ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады) Жарайсындар балалар,ал енді бүгінгі сабағымызда болымды және болымсыз етістік туралы алған білімдерімізді дамытып, олардың қызметтері туралы тереңірек біліп түсінеміз
|
||
Сабақтың ортасы: |
Сонымен балалар етістік құрамына қарай яғни орындалу, орындалмауына байланысты болымды және болымсыз болып 2-ге бөлінеді.Болымсыз етістік болымды етістікке -ма,-ме,-ба,-бе,-па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.М,барма,жүрме,күлме т.б.
Оқулықпен жұмыс 39-жаттығу
Дескриптор: 1.Мәтінді түсініп оқиды. 2.Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды. 3.Мәтіннен болымсыз етістіктерді табады.
Тақтамен жұмыс Болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыр. Оқы, ти, күт, шап, үз, жина, ойна, көмектес, жүгір,айт,күл,отыр,ал,жүр,сөйле. Дескиртор 1.Болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырып жазады. |
||
Сергіту сәті: |
«Сөз ойла,тез ойла» әдісі.Мұғалім ойыншықты оқушыға болымды етістік айтып лақтырады. Ойыншықты қағып алған оқушы болымсызға айналдырып айтып, қайтарады.
|
||
|
Топтық жұмыс 1-топ. Мәтіннен болымсыз етістіктерді табу,бір етістікті тәуелдеу. 2-топ.Болымды және болымсыз етістіктерді сөз құрамына талдау. 3-топ.Көп нүктенің орнына болымды және болымсыз етістіктердің тиістісін койып сөйлемді толықтыру. Дескриптор 1. Мәтіннен болымсыз етістіктерді табады,бір етістікті тәуелдейді. 2.Болымды және болымсыз етістіктерді сөз құрамына талдайды. 3.Көп нүктенің орнына болымды және болымсыз етістіктердің тиістісін койып сөйлемді толықтырады. . Дәптермен жұмыс 40-жаттығу Етістіктерге тиісті жұрнақтарды косып оқы.Олар қандай етістіктер екенін айт.
Дескриптор 1.Етістіктерге тиісті жұрнақтарды жалғап жазады. 2.Олар қандай етістік екенін айтады. 3.Сөз құрамына талдайды.
|
||
Сергіту сәті |
«Дұрыс па? Бұрыс па?»ойыны
|
||
Сабақтың соңы: |
Сабақты қорытындылау. Балалар бүгінгі сабағымызда нені өттік. Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?. Болымды етістік- қимыл іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Болымсыз етістік- болымды етістікке –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Сабақты бекіту «Шыбын ұру» әдісі арқылы сабақты бекіту 1.Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөз табы? (етістік) 2.Етістіктің сұрақтары?(не істеді?не қылды?қайтты?) 3.Бір ғана сөзден тұратын етістік?(дара етістік) 4.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалатын етістік? (туынды) 5.Болымды етістікке жұрнақ жалғану арқылы жасалатын етістік?(болымсыз) 6.Болымсыз етістікті тап?(ойнама) 7.Болымды етістікті тап: (ақылдас) Кері байланыс «Басбармақ» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс орнату.
|
||
Бағалау: |
«Қолшатыр» әдісі арқылы бағалау |
||
Үй тапсырмасы: |
41-жаттығу |
||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары,төмен,орташа оқушыларға қандай жоспарлар пайдаландыңыз? |
Бағалау. Оқушылардың материалды меңгеруін қалай жоспарлайсыз? |
||
Мен қосымша көмекке өмірмен байланыстырып сұрақтар беремін. Деңгейлік сұрақтар беру |
|
||
Сабақ бойынша рефлекция |
|
Сабақ/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? |
|
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? |
|
Оқушылардың үлгерімі қандай? |
|
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? |
|
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? |
|
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
Қандай әдістер ұтымды болды? |
|
Мақсатқа жеттің бе? |
|
Ендігі сабақта қандай әдістерді пайдаланасың? |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген