Материалдар / Ашық сабақ "Бос уақыт және хобби"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Бос уақыт және хобби"

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
3311
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Бос уақыт және хобби Мектеп: «Теміртау қаласы, №29ЖББОМ»КММКүні: Мұғалімнің аты-жөні:Аюуш АСынып:5-cынып
Сабақ тақырыбыХобби
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)5.Ж4 .Эссенің кіріспе,негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.
Сабақ мақсаты1.Мәтін бойынша хобби туралы ақпараттарды алу2.Таныс адамның хоббиі туралы эссе жазу барысында эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін ажырату.3.Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.
Бағалау критерийі1.Таныс адамның хоббиі туралы эссе жазу барысында эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін ажыратады.2.Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады.
Тілдік мақсаттарПәнге қатысты сөздік қор мен термин: коллекция жинайды,сөзжұмбақ және сканворд,бәкі , төсбелгі ,оттықтан (зажигалка), табиғат аясында болу.Диалог пен жазу үшін тіркестер: Менің ойымша....., Сол себепті.......

Құндылықтарға баулуШығармашылыққа бағыттау, еңбек және шығармашылық, өмір бойы оқу.Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталаған тапсырмалар арқылы іске асырылады
Пәнаралық байланыс Әдебиет, музыка, өзін –өзі тану
Алдыңғы білімОқушылар бұған дейін сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді,кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын сәйкес айта білді,өз көзқарастарын білдіруге дағдыланды.Сондықтан алдыңғы білім жаңа білімді ашуға қолдау бола алады .
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақта жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстар
Сабақтың басыПсихологиялық ахуал: «Өз жадыңды сына!»ойыны * 9 қимылды қайталау, оқу, жазу, тексеру (секіру, тамақ ішу, жазу, отыру, қол көтеру, аяқ киім бауын байлау, қол шапалақтау, ұйықтау, ойлау). *Интерактивті тақтадан суреттерге қарап қимылды келтіру. Одан соң жасалған қимылдарды дәптерге жазып шығу. Топқа бөлу .Суреттер арқылы бөлу. Спорт .Еңбек .Өнер Сабақтың тақырыбын болжау.«Ой шақыру»1-тапсырма Ж.Ж«Жұптық әңгіме» әдісі(«Менің хоббиім» диалог құру)Тірек сөздерді пайдаланып жұптық әңгіме құруТірек сөздер: Бос уақыт, хобби, жақсы көру, керемет,сүйікті ісі.ҚБ: «Басбармақ»











Суреттер





Сабақтың ортасы2-тапсырма С.«Өкіл» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасауМәтінді түсініп оқу. Хобби дегеніміз – әрбір адамның өзі сүйіп істейтін әрі қолынан келетін ісі. Біреулер сурет салғанды, біреулер ән айтқанды, ал енді біреулер коллекция жинағанды ұнатады. Жер бетінде қанша адам болса, барлығының да бос уақытында айналысатын, өмірлік мәні бар сүйікті ісі болады. Қазақ қаламгерлерінің көпшілігінің өз сүйікті істері болған. Мәселен, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың хоббиі – сөзжұмбақ және сканворд құрау және шешу, әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинау және оларды қазақ тіліне аудару; жауынгер-жазушы Әзілхан Нұршайықовтың хоббиі – cурет, жақсы кітаптар жинау; Қадыр Мырза Әлінің хоббиі –кітап, қалам, бәкі, төсбелгі жинау болса, жазушы-аудармашы Герольд Бельгер шахмат ойнауды жақсы көрген, классик жазушы Ғабит Мүсірепов неше алуан таяқ жинаған. Қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаев оттықтан (зажигалка) топтама жинаса, Н.Ә.Назарбаевтың хоббиі – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу екен. Сол секілді өнер адамдарының да хоббилері сан алуан, бірі құс өсірумен айналысса, екіншілері аңшылықпен, үшіншілері жылқы ұстаумен, төртіншілері қолөнер кәсібімен, гүл өсірумен т.б. істермен айналысқанды ұнатады. Мәтін бойынша төмендегідей сауалдар қойылады.1.Хоббимен адам не үшін айналысады депойлайсыңдар?Дәлел келтіріңдер.2.Сендердің хоббилерің бар ма?3.Болашақта қандай істі қолға алғыларың келеді? Сөздікпен танысады1.Хобби –сүйікті іс2.Коллекция-жиынтықСергіту сәті. «Көңілді күн» биі3-тапсырма ТЖ.«Жұптас –ойлан-бөліс» әдісіОқылған мәтін бойынша кіріспе ,негізгі, қорытынды бөлімдерге бөлу, жоспар құру бөлімдерге ат қойып жазу .

1.Хобби –әркімнің сүйікті ісі.2.Қазақ қаламгерлерінің сүйікті ісі.3.Өнер адамдарының хоббиі Дескрипторлар :1.Кіріспе , негізгі, қорытынды бөлімдерге бөледі.2.Мәтін бойынша жоспар құрып өлімдерге ат қойып жазады.ҚБ: Бірін -бірі бағалауС 3-тапсырма «Төрт сөйлем » әдісі Пікір : Мәтіндегі ойды өз пікіріңмен бір сөйлеммен жаз.Дәлел : Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелдеп жаз.Мысал :Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысалмен келтіріп жаз.Қорытынды: Мәтіннің идеясын бір сөйлеммен жаз.

4-тапсырмаШирату жаттығуыТ.Ж «Бір минут»әдісі Оқушылар жәшіктен сөз тіркесін таңдап алады да ,сол сөз тіркесі бойынша бір минут сөйлейді.1-топ *Мен үшін ең жақын адам........2-топ*Мен үшін ең сүйікті адам.........3-топ *Мен үшін үлгі боларлық адам........Топ ішінде өзіне таныс адамды анықтап алады.

5-тапсырма Ж.«Еркін жазу» әдісіӘртүрлі басылымдардан, журналдардан алынған гүл өсіру, асық ойнау, кітап оқу, спортпен шұғылдану, төрт аяқты достар , табиғат аясында т.б жағдаяттары бойынша ұсынылған сюжетті суреттер желісіне қарай өзіне таныс адамның іс әрекетіне эссе жазу.



Дескрипторлар :1.Өзіне жақын адамды, таныс адамды анықтап алады да, сол адамның хоббиіне байланысты суретті анықтайды.2.Эссенің бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамның мекені мен оқиғасын сипаттап не суреттеп жазады.
«Бас бармақ»





























Интерактивті тақта





























































«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»



































Суреттер

























Сабақтың соңыРефлексия: Өзін –өзі бағалауҚБ: «Егер қаласаң, кемені де боя»1.Егер саған эссені жазу барысында берілген тапсырманың барлығы сәтті орындалған болса, желкенді жасылға боя.2. Егер саған эссені жазу барысында берілген тапсырманы орындау кезінде қиындықтар кезіксе , желкенді сарыға боя.3. Егер саған эссені жазу барысында берілген тапсырманы орындау кезінде қиын болып, мұғалімніңкөмегі қажет болса , желкенді қызылға боя.«Егер қаласаң, кемені де боя»









Саралау: Барлық оқушылар үшін ақпаратты дәлелдеп айтуға, ,мәтінге қатысты жоспар құруға қорытынды ой жасай алуына тіркесті сөздер мен суреттер беру арқылы қолдау жасаймын Оқушылардың көпшілігі үшінмәтіннің мазмұнына сай жоспар құрып, ат қоюға ашық сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетемін Кейбір оқушылар үшін эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды жоспары бойынша жазуына берілген мәтінге бірлесе жасаған жоспарды ұсыну арқылы және өзіне таныс адамның мінезін сипаттап не суреттеп жазуда ширату жаттығуы мен сюжетті суреттер беру арқылы жазуға қолдау көрсетемін.

Бағалау:ҚБ«Басбармақ» тақырыпты ашу мақсатында ұсынылған «Жұптық әңгіме » әдісі бойынша ұсынылған тапсырманы орындауын өзара бағалайды . ҚБ «Екі жұлдыз , бір ұсыныс» мәтінді топпен талдап,сол мәтінге жоспар құру , ат қою деңгейлерін бақылау барысында топ бірін –бірі бағалайды. ҚБ.«Егер қаласаң, кемені боя» жазылымнан кейін өзін –өзі бағалайды.Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтауСабақтағы сергіту сәттері мен белсенді жаттығу түрлерінде қауіпсіздік ережелері сақталады
Сабақ бойынша рефлексияБұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

Жалпы бағалауСабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?1.2.Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?1.2.Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!