Ашық сабақ "бояулар әлеміне саяхат" 3+

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "бояулар әлеміне саяхат" 3+

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалардың ой өрісін, дүниетанымын кеңейтеді, сөздік қорларын байытады. Және де мейірімділік пен қамқорлыққа тәрбиелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өткізу күні/Дата проведения: 14.05.21ж

Тәрбиеші/Воспитатель: Оринбаева Н.А.

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Шығармашылық. Қатынас.

Пән/Предмет: Жаратылыстану, Сурет, Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Бояулар әлеміне саяхат».

Мақсаты: Жеті түрлі түсті айыру біліктілігін бекіту.

Міндеттері:

1. Тәрбиелік: Балаларды зерттеулік жұмыстарының элементтеріне ұқыпты қатысуын тәрбиелеу.

2.Дамутышылық: Балаларға жүйелі жолдармен табиғаттан бояуларды алуға үйрету, және  матаны қызылша шырынымен күрең түске бояу. Ұсақ маториканы дамыту

3.Білімділік: Заттың түсі, сыны болатынын және оның белгілеріне пайдаланатын түсініктерін қалыптастыру. Қылқаламмен жұмыс істеу дағдыларын бекіту

Педагогикалық технологиялар: Көрнекілік, әңімелесу, тәжірибе.

Ресурстармен қамтамасыз: жануарлар, бояу, мақталы таяқша, түрлі-түсті бөтелкелер мен гүлдер, қызылша мен мата қиындылары.

Сөздік жұмыс:

Билингвальды компонент:

ҰОҚ-нің барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші балалармен амандасып алады.

Ауа-райы қандай балалар?

- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Көктемде болатын табиғат өзгерістері туралы айтып беріңдерші.

- Балалар мынау кім?

- Күн қашан оянады?

- Қашан қыдырады?

- Қашан демалады?

- Қашан ұйықтайды?

II. Негізгі кезең.

- Жарайсыңдар, бүгін сендермен бояулар әлеміне саяхатқа шығамыз. ол жаққа 2 сиқырлы кілеммен ұшып барамыз. Кілемшелер арқылы топқа бөлеміз.

- Неге кілемшеміз ұшпай жатыр?

1 тапырма.

- Ой, мұнда жануарлар жүр ғой, қане оларды өз орындарына орналастырайық. Ал, суреттер бар екен, қане, карайық.

Балалар жабайы аңдар мен ұй жануарларын бөліп орналастырады. Олардың атауларын айтып береді. Көктем мезгілі бейнеленген мнемокестемен әңіме құрайды.

-Міне келдік балалар.

(жаңбырдың дыбысын естиді)
-Балалар ненің дыбысын естідік?
– Балалар ендеше саусақ жаттығуын жасайық.
Бір саусақпен алақанға соғамыз (жаңбыр тамшылады)
1,2,3,4,5
Жаңбыр басылды,
Күнің көзі ашылды.
Балалар күннің көзі ашылған соң не пайда болады?
Жұмбақ жасырайын.
Көтерілді қақпалар,
Бар әлемге сәнділік.
Күн « Тоқта!» деп бұйрық берді,
Жеті түрлі көпірге. (Кемпірқосақ)

-Балалар кішкентай құртақандар кемпірқосақтарын жоғалтып алыпты.
Балалар біздер кемпірқосақты табуға көмектесеміз бе?

2.тапсырма.

Стол үстінде көк түсті бояулар мен мақталы таяқшалар және бұлттың суреті бар қағаздар болады. Мақталы таяқшалардың көмегімен қағаз бетіне көк бояуды тамшы сияқты бояп шығады.

- Мінекей, балалар, қараңдаршы жаңбыр басылып, кемірқосақ шықты. Олардың түстерін атайық.

қызыл-красный, сары-желтый, қызғылт сары-оранжевый, көк-синий, көгілдір- голубой, жасыл-зеленый, күлгін-фиолетовый.

- Жарайсыңдар балалар, құртақандар сендерге рахметтерін айтып жатыр. Бізге себетте әдемі түрлі-түсті гүлдер беріп жіберіпті. Қане гүлдерімізді ыдыстарға салып қояйық.

3.Тапсырма

Стол үстерінде түрлі-түсті бөтелкелі ыдыстар болады, гүлдерді түс-түсімен ыдыстарғы салады.

Сергіту сәті:

Оң қолымда 5 саусақ

Сол қолымда 5 саусақ

Екі қолды қосамыз

Билеп, билеп аламыз.

Сөздік жұмыс:

Билингвальды компонент: қызыл-красный, сары-желтый, қызғылт сары-оранжевый, көк-синий, көгілдір- голубой, жасыл-зеленый, күлгін-фиолетовый,

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бояулар туралы әңгіме айтып берейін. Барлық заманда адамдар сурет салғанды жақсы көрген. Бірақ ол кезде қазіргідей бояулар болмаған.
Қазір біз бояуларды дүкеннен сатып аламыз.
Ерте кезде әжелеріміз дүниеде болмағанда, адамдар бояуларды табиғаттан алған.
Балшықтан жасаған, жеміс-жидектердің, көкеністердің шырынынан, шөптен жасаған.
Бояуды қалай жасағанын білгілерің келе ме?
Онда мен сендерді шеберханаға шақырамын.

Бізде өз қолымызбен қалай бояу жасауға болатынын үйренеміз.
Қараңдар мынау қызылша.
Осы қызылшадан бояу жасаймыз.
Қызылшаны алып тазалаймыз.
Оны үгкіштен үгеміз, марылға салып, қысып шырынын шығарамын.
Оны ыдысқа құямын.
 Шырынның түсі қандай болды?
Қараңдар балалар бәріміз бірге ақ қағазды алып, қызылшаның шырынынан алған табиғи бояумен бояйық.

Жарайсыңдар балалар.

3.Қорытынды: Рефлексия.

-Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Сендер не жайлы білдіңдер?
Не жасадық?

Қызыл күрең түсті неден алдық?
Сендер қандай түсті білесіңдер? 

-Белсене қатысқан балаларды мадақтау. Балалар сұрақтарға толық жауап береді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2021
1169
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі