Ашық сабақ «Бүгінгі шәкірт- ертеңгі ел қорғаны»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Бүгінгі шәкірт- ертеңгі ел қорғаны»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бүгінгі шәкірт- ертеңгі ел қорғаны» атты- әскери спорттық сайыс. 10 сыныптарға арналған ашық сайыс сбағы
Материалдың қысқаша нұсқасы












«Бүгінгі шәкірт-

ертеңгі ел қорғаны»

атты- әскери спорттық сайыс.






Орындаған: Ермаганбетов Алпысбай Демесенович
















2020-2021 оқу жылы


«Бүгінгі шәкірт-ертеңгі ел қорғаны» атты- әскери спорттық сайыс.


Тақырыбы: «Бүгінгі шәкірт-ертеңгі ел қорғаны»

Мақсаты: Оқушыларды сапта жүруге,пәрмендерді орындауға және әскери тәртіп сақтауға үйрету.Шеберліктерін шыңдай отырып, төзімділікке ,ептілікке адамгершілікке және Отан үшін күресте алдынғы қатарда болуға тәрбиелеу,патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

а) Күштілік,ептілік,жылдамдық,білімділіктен жеңімпаздарды анықтау.

ә) Ұйымшылдыққа,бірге іс-қимыл,әрекет етуге жаттықтыру.

б) Отан сүйгіштік рухта өз елінің нағыз қорғаушысы болуға тәрбиелеу.


Жарыс болатын орын: Мектеп спорт залы.

Жарысқа қатысатындар: 10 сынып және «Айбын»клубының бөлімше мүшелері.5 оқушы әр бөлімшеден .

Безендірілуі: қанатты сөздер.

Жарыс шарты: Спорттық форма ;саптағы (саптық тұрыс,бұрылыс,қозғалыс) жүріс;

қатаң тәртіп; т.б.

Бағдарламада:

1. Саптық байқау

2. Эстафета

3. Үйге хат жазу

4. Қол күрес.

5. Жерден дене көтеру.

6. Автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау

7.Топтық жарыс

8. Арқан тартыс

9. Пневматикалық винтовкадан ату

Әділқазылар алқасы:

1.Нұрмағанбетов Қ.Р.

2.Аханов Қ.Б.


АӘД пәнін оқытушы-ұйымдастырушысы жарысқа қатысушыларды тұрғызады,жарыстың басталуын хабарлайды.Бөлімше командирлері дайындықтары туралы рапорт береді.

Мысалы «Аға оқытушы мырза ! Бірінші взвод командасы жарысқа дайын»-баяндап тұрған бірінші взвод командирі-оқушы... .Барлық взвод командирлерінен рапорт қабылданған соң,Әскери жетекші жарысқа қатысушылардың дайындығы туралы директорға баяндайды. Әнұран орындалады.














Жарыс барысы:


1.Саптық байқау.Сапта тұрып мына пәрмендерді орындайды:

«САПҚА ТҰР!», «ТҮЗЕЛ!», «ТІК ТҰР!», «ЕРКІН ТҰР!», «ЖИНАҚТАЛ!». «Бөлімше бірінші және екіншіге –САНАЛ!», «Бөлімше екі қатарға (бір қатарға)-САПТАН!», «Бөлімше ,бірінші,екінші, үшіншіге-САНАЛ!». «Бөлімше үш қатарға (бір қатакрға)-САПТАН!», «ОҢ-ҒА!», «СОЛ-ҒА!», «Артқа БҰРЫЛ!» «Бөлімше орнында адым-БАС!».


2.Эстафета.

1-кезең.Төрешінің пәрмені бойынша сөре сызығынан 5-6 метр жүгіріп келіп гимнастикалық төсенішке алға қарай домалайды.

2-кезең. АК-74 автоматын толық емес бөлшектейді.

3-кезең. Тест сұрақтарының біреуіне жауап беріп кері қайтады.

Келесі оқушы жалғастырып сөре сызығынан 5-6 метр жүгіріп келіп гимнастикалык төсенішке алға қарай домалап АК-74 автоматын жинақтап тест сұрақтарының біреуіне жауап беріп кері қайтады.Ойынды келесі оқушы жалғастыра береді.


3.Ұйге хат жазу.Отан алдындағы борышын өтеудегі сарбаз үйіне хат жазудағы мазмұнымен сайысқа түседі.


4.Қол күрес.Бұл сайыста оқушылар күштерін сынайды.Әр-бір топтан 2 оқушы шығады.


5.Жерден дене көтеру. Әр топтан бір оқушыдан шығады. жатып жерден дене көтеру сайысы.(уақыт есептелінеді)


6.АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау.Әр топтан бір оқушыдан шығады.(уақыт есептелінеді)


7.Топтық жарыс.Жарты доптың астына тығылған конвертті тауып алып ішінде жазылған тапсырманы орындайды.Тапсырма қол добымен нысана көздеу.


8.Арқан тартыс.Екі топ бір-бірімен арқан тартып күш сынасады.


9.Пневматикалық винтовкадан ату. №8 нысанаға топ мүшелері үш оқтан атады.Ұпайы қосылып есептелінеді.

Қортынды бөлім. Жарыстың қортындысын шығару.Жеке нәтиже және топтың нәтижелері бойынша жеңімпаздарды марапаттау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2021
1056
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі